Серік Ахметовтің алған парасының көлемі анықталды

Серік Ахметовке қатысты сот жақын күндері басталып қалуы мүмкін. Тергеушілер 6 бірдей эпизод бойынша айыпталып жатқан экс-премьерге қатысты тергеуді аяқтады.

Серік Ахметовтің алған парасының көлемі анықталды Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Енді тергеушілер Ахметовтың ақпанның 18- не дейінгі үйқамақта болу мерзімін тағы создыруды сұрамақ. Өйткені 150 томнан асып жығылатын іспен танысу бір екі күннің шаруасы емес. Тағылған айыптар да ауыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, экс-премьер 360 млн теңге пара алған. Заңсыз жолмен, яғни компанияларды ағайын-туыстың атына жаздырып, тендер арқылы бюджеттің 1 миллард теңгесін де қалтаға басыпты. Желге ұқшан мемлекеттің миллиардтары тағы бар. Дәл осы қылмыстық іс бойынша Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, бұрынғы қала әкімі Мейрам Смағұлов пен қоса тағы 23 адам күдікті ретінде өтіп жатыр. Ал Ахметовтың өзі қарашадан бері Қарағадыдағы вилласында үйқамақта отыр.

Источник: КТК арнасы