Йенс Столтенберг
Айта өтейік, бұған дейін бұл контингентте 13 мың әскери болды. Десе де, ілгері әрекет ету тобына тек 5 мың адам кірмек. Бас хатшы бұл ақпарды растады.
Сондай-ақ ол, НАТО Еуропаның алты мемлекетінде алты басқарушы және бақылаушы орталық жасақтайтынын, хабарлады. Аталмыш орталықтар жергілікті жерлердегі ұлттық күштік құрылымдармен байланыс орнатуға міндеттеледі.
НАТО-ның ілгері әрекет ету контингентіне: құрылықтағы әскер, әскери-әуе, теңіз-әскери және арнайы операциялар құрылымы енеді. Солтүстік атлантикалық альянс бұл топты кез-келген уақытта, кез-келген жерге жөнелте алады.