Қарағандының экс-әкімі туысы мен танысына берген жерді қайтарды
2015 ж. 06 ақпан
1450
1
Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың 12 жер телімі сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тергеу абақтысында отырған экс-шенеуніктің бұл учаскелерді заңсыз жолмен иемденгенін прокурорлар дәлелдеп шыққан. Құжат бойынша бұл жер әкімнің туыстары мен таныстарынікі. Оны "КЗ Групп" серіктестігнінен сатып алыпты.
Ал тергеу кезінде аталмыш фирма құрылтайшысы бұл келісім-шарттар туралы тіпті естімегенін айтқан. Фирма құжаттарын қолына түсірген сол кездегі жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Мәрлен Шалтақов мемлекеттің меншігін фирмаға аударып, кейін сатқан болып отыр.
Экс-әкімнің жақындары болса, өздерін ақ адал сатып алушы ретінде көрсетуден танар емес. Енді Смағұловтың ісінде куәгер саналып жүрген Мәрлен Шалтақовтың да басына қара бұлт үйрілуі мүмкін.
Ал Қарағандыны 2012 жылдан бері басқарған Мейрам Смағұлов 4 айдан бері қамауда отыр.