Путин "шетел агенті" туралы заңға өзгеріс ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин "шетел агенті" туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Ұсыныс бойынша, "шетел агенті" ретінде тіркелген шетелдік үкіметтік емес ұйымдар саяси қызметін доғарса және шетелден қаржы алуын тоқтатса "шетел агенті" деген атаудан құтылады.

Өзгеріс енгізу туралы заң жобасы мемлекеттік дума қарауына ақпанның 4-інде түсті. Жобада үкіметтік емес ұйымдар билік орындарына ұйымды "шетел агенті" деген тізімнен алып тастауды сұрап өздері қайырылуы тиіс. Ресейде "шетел агенті" туралы заң 2013 жылы қабылданған. Заң шетелден қаржыландырылатын және "Ресейде саяси қызметпен айналысатын" үкіметтік емес ұйымдарды "шетел агенті" ретінде тіркелуге міндетттейтін. Құқық қорғаушылар заңды "азаматтық қоғамды бақылауда ұстайтын құралдардың бірі" деп атаған.

Источник: Азаттық