11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы болуы мүмкін

2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіде ұшақтардың бірін айдап әкетті деп сотталған Закариус Муссауи террорлық шабуылды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымын Сауд Арабиясы королінің әулеті тікелей қолдап отырғанын мәлімдеді.

11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы болуы мүмкін Муссауидың мәлімдемесін теракт құрбандарының адвокаттары Манхэттен федералдық сотына жіберді. Адвокаттар Сауд Арабиясын "әл-Қаидаға" болысты деп айыптайды.

Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшілігі айыптауға қатысты жасаған мәлімдемесінде Муссауидің айтқанын "психологиялық күйзелісіне ұшыраған қылмыскердің сөзі және ешқандай дәлелі жоқ" деді. Сауд Арабиясы билігі тергеу нәтижесінде "үкіметтің я шенеуніктердің терактіге қатысы бары" анықталмады дейді. 46 жастағы Муссауи - Франция азаматы. Ол 2005 жылы өзіне тағылған терроризм айыбын мойындап, өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Муссауи жазасын АҚШ-тың Колорадо штатында ерекші күзетілетін түрмеде өтеп жатыр.

Источник: Азаттық