«Ақ жол» партиясы несиенің теңгеде берілуінің тоқтатылуына алаңдайды

tenge

«Ақ жол» партиясы несиенің теңгеде берілуінің тоқтатылуына  алаңдап, Ұлттық банктен шаралар қабылдауды сұрайды

«Ақ жол» партиясы несиенің теңгеде берілуінің тоқтатылуына  алаңдап, Ұлттық банктен шаралар қабылдауды сұрайды – бұл туралы кеше Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Светлана Қадралиева мәлімдеді. «Ақ жол» ҚДП фракциясының  Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетовтың атына жолдаған депутаттық сауалының толық мәтіні төменде келтіріледі.

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық банктің

Төрағасы

Қ.Н.Келімбетовке 

Құрметті Қайрат Нематұлы!  «Ақ жол» партиясына  екінші деңгейдегі банктермен  несиелердің теңгеде берілуі іс жүзінде тоқтатылғаны жөнінде кәсіпкерлерден көптеген өтініштер түсуде. Барлық несиелер не долларда, не шетелдік валюталар бағамына байланбалы түрде беріліп жатыр. Жекелеген жағдайларда несиелер  теңгемен берілгенде, пайыздық  мөлшерлеменің жоғарылығы соншалықты, кез-келген  кәсіпкерлік қызметті  мағынасынан айырады. Мүмкін, бұл шектеулер инфляцияға қарсы әрекет жасау мақсатында енгізілген болар. Мұнда белгілі бір логика бар: егер ақша айналымын мүлдем алып тастаса, онда инфляция да болмайды. Бірақ, мұндай жағдайда бизнестің жаңа жобалары туралы да және тұтастай алғанда экономикалық дамуды да ұмыту керек. Алайда, 2014 жылдың 15 желтоқсанында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев тек инфляцияға қарсы әрекеттерге ғана емес (инфляциялық таргеттілікке өту арқылы) , сонымен бірге экономиканы долларсыздандыру міндетін қойған. Соңғысы, Қазақстан аумағында ресми ішкі есептерде және қаржылық жоспарлауда АҚШ долларын не өзге  шетелдік валютаны  пайдаланудан бас тартуды білдіреді. Алайда, кәсіпкерлік секторында банктік несиелеу нарығындағы   ағымдағы ахуал тура қарама қайшы тенденцияны көрсетеді: ұлттық валютадан кету және шетелдік валютаға одан да көп байлану. Сонымен банктер кезекті рет валюталық  тәуекелдіктерді кәсіпкерлер мен  халыққа аударып жатқаны анық. Осыған байланысты, құрметті  Қайрат Нематұлы, Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз: 1.Несиелік нарықтағы  ұлттық валютаның (теңге) күрт жетпей қалуы туралы Ұлттық банк біле ме? 2.Теңгелік несиелер беруден бас тартып, не оны шетелдік валютаның бағамына байлап, екінші деңгейдегі банктер банктік реттегіштің  пруденциялық нормаларын бұзбай ма? Егер де осылай болса,  бұзушы-банктерге, мәселен, несиелік операцияларға лицензияны қайтарып алу  бойынша Ұлттық банк қандай да бір шаралар қолдана ма? Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары http://akzhol.kz/kz/news/show/4919/2/5/ 2015 жылдың 29 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі