Мұхтар Әбләзов қайтарылады

1
1523

Қомақты қаржы жымқырып елден қашып кетті деп айыпталған Мұхтар Әбләзовты Франция билігі Ресейге экстрадициялауға басымдық берген соң Қазақстанның ресми орындары үміт үзе бастағандай еді.

Мұхтар Әбләзов қайтарылады

Енді бас прокуратура экс-банкирді «бізге бер немесе өзің сотта» позициясын ұстанатынын білдірді.

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді деп хабарлайды 31 арна.

Әбләзовты қай мемлекет соттаса да, қажетті қылмыстық тергеу материалдарын ұсынатынын айтқан бас прокуратура Франция билігінен әлі де үмітті екендерін жеткізді.

Аталған органның мәліметінше, Әбләзовтың келтірген шығыны 7,5 миллиард доллардан артық екен.

Айта кетейік, БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбләзов Францияда 2013 жылдың 31 шілдесінде тұтқындалған еді.

Қазақстан, Ресей және Украина оған қаржы қылмысын жасаған деген айып тағып, Франциядан экстрадициялау туралы өтініш білдірген.

Источник: 31 канал

1 Пікір

  1. Кімнің қоржынында кетпеген «май шелпек», миллиардтаған доллары бар адамды қайтарамыз деу осы құр даңғаза айқай ғой. кім еліне миллиондаған қаржы түсіріп отырған адамды оп оңай бере салады.Мұқтарды соттайтындар да пенде, яғни олардың көмекейлері тығындалып қалмағанына кім кепіл, әншейін, үлкен кісіден ұялғаннан соң осындай құйтұрқы тәсілге барып отыр дегім келіп отыр.заман өзгерсе сол Мұқтарлар ұлттық батыр болып бір күнде «айды аспанға шығарады».жеке пікірім.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз