Көшербаев шенеуніктер үшін қосымша әлеуметтік жеңілдіктер жасауды ұсынды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік қызметкерлерге қосыма әлеуметтік пакет әзірлеу керектігін айтты деп жазады Радиоточка сайты.

Көшербаев шенеуніктер үшін қосымша әлеуметтік жеңілдіктер жасауды ұсынды "Өткен жылы мемлекеттік істер жөніндегі Агенттік өткізген сауалнама нәтижесінде, әрбір екінші мемқызметкер (46%) өзінің жалақасына атқарған қызметімен сәйкес еместігін айтқан", - деді әкім.

Сауалнамаға жауап бергендердің 60 пайызы сыйақыны қосқанның өзінде жалақы отбасын асырауға жеткіліксіз деген пікірде. "Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасының 72 пайызы тегін медициналық тексерілуге, спорттық және мәдение кешендерге баруға жеңілдік алмаған. Мемқызметкерлердің 38 пайызы жеке секторға кетуді жоспарлауда", - дейді Көшербаев. Қызылорда облысының әкімі соңғы жылдары мемлекеттік қызметке тұру үшін конкурсқа түсетіндердің азайып бара жатқанына қынжылған. "Егер 2005-2007 жылдары 1 орынға 5-6 адам үміткер болса, бүгінде олардың саны екеуден аспайды. Тіпті, қатысушылар жоқ болған соң, конкурсты бірнеше рет жариялауға тура келеді", - деді ол. Қырымбек Көшербаевтың пікірінше, әлеуметтік пакеттерді ұлғайту жоғары деңгейдегі мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға көмектеседі.

Источник: NUR.KZ