ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ БҰРЫНҒЫ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ МҰРАГЕРІ
2015 ж. 20 қаңтар
5099
2
Қазақтың тың тарихы
*** Бір кісілер түрік қағанатының 1470 жылдығын атап өтуді ұсыныпты. Мұндай қаншама қағанаттың болғанын тарихшылар мен саясаткерлер әлдеқашан мойындап қойған. Мәселе қазақтың мемлекеттілігінде, қашан ұлт болып қалыптасқандығында болып тұр ғой. Оны біз білсек те, кейбіреулер әдейі білмегенсіп, қазақта мемлекет болмаған деп көсемсігенін көрдіңіздер. Қазақ хандығының құрылған уақытын мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек. Оны кейін баяғы түрік қағанаттарының бүгінгі мұрагері екенін «дәлелдеу» де қиынға соқпайды. Құжатты да адам алдымен өзінің өмірде бар екенін дәлелдеу үшін алып, сосын ғана сол құжатта кімнің үрім-бұтағы екенін көзге шұқығандай етіп көрсетпеуші ме еді?!. *** Бейбарыс моңғолдармен соғысқан еді ғой дейді. Сол «моңғолдарды» (Мағұлдар) Мысырға кім бастап барды? Қазақ жыраулары «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?» дейтін найман Кетбұға батыр ғой? Сол «моңғолдар» мен Мысырдағы қыпшақтар қай тілде хат жазысты? Ана тілі түрік тілінде! Осы оқиғаға куә болған араб тарихшылары бұл туралы: «Байбарыс Беркеге хат жазған еді. Мәмлүктердің сәлемін алған ордалықтар ол хаттың ана тілі – түрік тілінде жазылғанын көріп, жас балаша қуанды» деген. Бір-бірімен ана тілінде, екі жаққа да түсінікті тілде сөйлескен! Соған риза болған! Басқа не керек? Енді Кетбұғаны, оған ілескен бүкіл аламанды бүгінгі моңғолдың бабалары еді десеңдер, өздерің біліңдер. *** «Ұлы Отан» соғысында қазақтарға жасалған қиянат әлі жалғасып келеді. Соған қарап, Брежнев ойлап тапқан осы мазақ мерекені неге тойлай беретінімізді түсінбеймін. Ардагерлердің атын жамылған алашапқыннан олар түк пайда көріп отырған жоқ. Әділетін айтсақ, бұл соғысты Қазақстанның арқасында ғана жеңіп шықты. Оны әдейі айтпайды. Оқулықтарда әскерге жанар-жағармайды Бакуден жеткізген деп соғады. Молотовтың қолы қойылған бұйрықтарда Совет танктерінің тоқсан пайызы Ембінің мұнайымен жүргені ап-анық жазылған. Он оқтың тоғызы да Қазақстанда жасалды. Ал немістер, ең алдымен, Украина мен Белоруссияға шабуылдады. Негізінде олар Қазақстанды бетке алған болатын. Луи Повель мен Жак Бержьенің «Сәуегейлер таңын» оқыңыздар. Сонда көп құпия айтылған. Бұл соғыста Ресей емес, Қазақстан жеңіп шықты. Мәскеуді де біз қорғадық. Қазір енді Кремльдегілер бұл мерекені саяси мақсатқа пайдалана бастады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені абыройдан жұрдай болған орыстарда көршілерімен тіл табысатын басқа ілік қалған жоқ... *** Мәскеудегі жатжұрттықтардан құралған ротаның командирі Француз Жак Маржерет те 1607 жылы жергілікті халықпен танысқаннан кейінгі әсері туралы былай деп жазыпты: «Орыстардың рухани деңгейіне, әдет-ғұрыптары мен өмір салтына көз жіберсеңіз, оларды варварларға жатқызудан басқа амалыңыз қалмайды. Ақыл жағына келер болсақ,орыстар шынымен де тапқыр әрі ұрымтал болып келеді. Бірақ, олар ақылдарын жақсы іс пен өнегелі өмір сүруге жұмсамайды – пайда көру мен біреуге жағынуға жақындау. Олар екіжүзді, бірбеткей, ұятсыз әрі барлық жаман әдетке үйір келеді. Құқықтың орнына күшке жүгінуге бейім. Олардың тапқырлығы мен әккілігі, әсіресе, сауда-саттықта жақсы байқалады. Жақынын алдау үшін қулық пен екіжүзділіктің небір түріне барады. Ал, оларды алдағысы келген адам міндетті түрде асқан әккі болуы керек. Шындықтан қашып, өтірікке жиі жүгінетіндіктен олар бәріне күдікпен қарайды. Оларда өздерін алдағандарды барынша мақтап, шебер деп танитын әдет бар». Төмендегі, келесі деректе тұтқынға түскен швед армиясының полк діндары Генрих Седебергтің 1718 жылы жазған естелігі берілді. «Орыс негізінен барлық істе табиғи ақылымен дараланады. Олардың көбісі шешен болып келеді. Кез келген шаруада оның өзіне пайдалы тұсын ғана екшеп алатын әбжілдігі бар. Қатардағы орыс шетелдіктермен істес болса, бас пайдасы мен жатжұрттықтарға қалай жақсы көріну жағын ойлайды. Байқампаз, адамның іштегі есебіне көз жүгірте білетін олар қарсыласының осал тұсын аңғарса, асқан шеберлікпен оны өз мақсатына пайдалана қояды. Бәлкім, қытайлардан кейін орыстардан өзге адамға соншалықты құрмет білдіретін жұрт жоқ шығар. Қатардағы азамат өзімен теңдесін кезіктірсе де бас иіп, ілтипатпен елпектеп жатады. Мұндай әдетті олар бұрынғы жеңімпаздары мен қожайындары, Алтын орданың татарларынан тапқан болуы керек». Ресейдегі француз дипломаты Мари Даниэль Корберон 1777 жылы орыстардың мінез ерекшеліктері мен олардың өмір салтына тоқтала келе былайша сөз түйіндеген екен: «Ресейде өмір жақсаратынына сенген адам қатты қателеседі...». Жолымбет Мәкіш qazaquni.kz