Армияда офицерлік құрамды аттестаттау өтеді

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров офицерлік құрамды аттестаттау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық армияда офицерлік құрамды аттестаттау өтеді

"Заңнама ережелерін білу бойынша тестілеумен қатар офицерлерді аттестаттау бағдарламасына психологиялық тестілеу, жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу бойынша тестілеу, сондай-ақ кәсіби және денешынықтыру дайындығы сынақтары кірді", - делінген хабарламада. Атап өтілгендей, барлық жаңа енгізулер аттестаттаудың жария өткізуге, офицерлік құрамның тиімді резервін қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Аттестаттау аясында төрт әскери бөлімнің базасында офицерлік құрамды бағалаудың рейтингтік жүйесінің сынақтары өткізіледі. Талғат Мұхтаров офицерлердің кәсіби өсуі де, Қазақстан Қарулы күштерінің дамуы да аттестаттау сапасына байланысты екенін атап өтті.
Источник: ИА "Казинформ"