Мамытбеков сотталып кеткен орынбасарына хабарласып тұратындарын мойындады

1
866

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері өздерінің экс-басшысы, қазіргі жазасын өтеуші Мүслім Өмірияевпен хабарласып, қал-жағдайын біліп тұрады екен.

Мамытбеков сотталып кеткен орынбасарына хабарласып тұратындарын мойындады

Фото: lsm.kz

Бұл туралы осы ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Министрдің өзі орынбасарымен жүздесіп, жағдайын білмесе де бұл істі қарамағындағылар орындап жүр екен.

«Енді біздің коллективте хабарласып тұрады. Жағдайын өзіңіз сұрайсыз енді. Қандай болады жағдайы?», – деді министр қысқа.

Естеріңізге сала кетейік Асылжан Мамытбеков «егер орынбасарымның пара алғаны сотта дәлелденсе, қызметімнен өз еркіммен кетемін» деген болатын.

Алайда кейіннен жұмыстан шығу жөніндегі арызының қанағаттандырылмағанын айтты. Ал оның орынбасары Мүслім Өмірияев өз пәтерінде аса ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталып, 10 жылға абақтыға жабылған болатын.

Источник: 7 канал

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз