«АҚ ЖОЛ» ҚДП ПАРТИЯНЫҢ  ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

0
1737

Партияішілік плебисцит негізінде «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумы партияның жаңа саяси бағдарламасын бекітті

 Өңірлік партиялық конференциялардың жасырын дауыс беруінің негізінде «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумы партияның жаңа саяси бағдарламасын бекітті. Қазақстанда бірінші рет партияның саяси бағдарламасы партияішілік плебисцит негізінде қабылданды.

Еске сала кетсек, Партияның ОК Президиумының тапсырмасы бойынша Б. Нұрмұхамедов жетекшілік еткен жұмыс тобы тарапынан дайындалған партияның жаңа саяси бағдарламасының жобасы өткен жылдың желтоқсан айында ҚДП-ның ХІ-съездімен мақұлданған болатын. Съезд шешімімен Партияның Орталық аппаратына  БАҚ-тағы жарияланымдармен партияның барлық өңірлік филиалдарында бағдарламаның жобасын паритияішілік кеңінен талқылауды қамтамасыз ету, өңірлерде тиісті сараптамалық кеңестер өткізу, сондай-ақ құрамында А.Перуашев, Қ.Иса, С.Байдалы, Е.Никитинская. Т.Нұғманов, Б.Нұрмұхамедов, А.Рупатова, А.Сұлтанов бар бағдарлама жобасын пысықтау бойынша редакциялық комиссия құру тапсырылған болатын.

Съезд «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесін оның кеңейтілген отырысында партияның саяси бағдарламасын бекіту құқығымен өкілетті етті.

Жыл бойы Жоба өңірлерде кеңінен талқыланды, қазақстандықтар арасында оның негізгі қағидаларын насихаттау, түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. А.ж. 26 сәуіріндегі Орталық Кеңестің Қаулысымен ҚДП-ның жаңа саяси бағдарламасын бекіту үшін жалпы партиялық плебисцит ұйымдастыру шешімі қабылданды. 2014 жылғы қазан айында ОК Президиумы дауыс беру реті мен бюллетень формасын бекітті.

2014 жылғы қараша айында барлық өңірлерде партиялық конференциялар өткізілді, оларда жоба бойынша тұтастай, сонымен қатар бағдарламаның кейбір ең резонансты қағидалары бойынша жасырын дауыс беру ұйымдастырылды.

Биылғы 13 желтоқсанында өткізілген партияның Орталық кеңесінің кезекті пленумы дауыс беру қорытындыларын қарастырды – партияішілік плебисциттің қорытындыларын анықтау үшін орталық санақ комиссиясы сайланды.

«Облыстық және қалалық (Астана, Алматы) партиялық конференцияларда жасырын дауыс беру формасындағы жалпы партиялық плебисцит өз мерзімінде, Президиум бекіткен тәртіпте, ешқандай бұзушылықтарсыз, делегаттардың өкілділігі нормасының сақталуымен өткізілді. Санақ комиссиясы түскен мәліметтерді тексерді. Өңірлік конференциялардың барлық 16 хаттамалары тиісті түрде рәсімделген, 2287 бюллетень жарамды деп табылды (қоса беріледі).

Жасырын дауыс беру тұтастай жоба бойынша, сондай-ақ бағдарламаның кейбір ең резонансты қағидалары бойынша ұйымдастырылды», – деп Санақ комиссиянсың есебінде айтылады.

Партияның ОК пленумы дауыс беру қорытындылары бойынша партияның санақ комиссиясының есебін бекітті және съезд шешіміне сәйкес  «Ақ жол» ҚДП-ның жаңа саяси бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаның толық мәтінімен «Ақ жол» партиясының http://akzhol.kz/ сайтында және qazaquni.kz ұлттық порталында танысуға болады.

 

Партия бағдарламасына әр бюллетень тармағы бойынша берілген дауыстарды санау нәтижелері:

1.Бағдарлама жобасының негізіне алу

ҚОЛДАЙМЫН – 2273 (99,4%)

ҚАРСЫМЫН – 14 (0,6%)

 

Жаңа бағдарлама жобасының кейбір тармақтары бойынша дауыс беру нәтижелері: 

2.1. «Ақ жол» партиясы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық ізбасары болып табылады

ҚОЛДАЙМЫН – 2045 (89,4%)

ҚАРСЫМЫН – 242 (10,6%)

2.2. Отандық зиялылар мен кәсіпкерлер ұйытқысы болып табылатын орта тап партияның негізін құрайды.

ҚОЛДАЙМЫН – 2272 (90,6%)

ҚАРСЫМЫН – 215 (9,4%)

2.3. Партияның саяси модернизация бойынша ұстанымы (Парламент уәкілеттігінің күшейту, президенттік-парламенттік формаға өту, парламент партияларының мәртебесі және тең құқықтығын нығайту және т.б.)

ҚОЛДАЙМЫН – 2214 (96,8%)

ҚАРСЫМЫН – 73 (3,2%) 

2.4. Партияның жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2134 (93,3%)

ҚАРСЫМЫН – 153 (6,7%)

2.5. Партияның тұрғындарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықты шешу мәселелері бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2250 (98,4%)

ҚАРСЫМЫН – 7 (1,6%)

2.6. Партияның қолжетімді денсаулық сақтауды дамыту бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2223 (97,2%)

ҚАРСЫМЫН – 64 (2,8%)

2.7. Партияның кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті ынталандыру бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2232 (97,6%)

ҚАРСЫМЫН – 55 (2,4%)

2.8. Партияның ауылды және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2214 (96,8%)

ҚАРСЫМЫН – 73 (3,2%)

2.9. Партияның азаматтардың құқығын және бостандығын қорғау бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2207 (96,5%)

ҚАРСЫМЫН – 70 (3,5%)

2.10. Партияның сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресу бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2201 (96,2%)

ҚАРСЫМЫН – 86 (3,8%)

2.11. Партияның тұрғын үй проблемаларын, үлескерлердің құқығын қорғауды шешу бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2244 (98,1%)

ҚАРСЫМЫН – 43 (1,9%)

2.12. Партияның Қазақстанның Кедендік одақ және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 1919 (83,9%)

ҚАРСЫМЫН – 368 (16,1%)

2.13. Партияның Кедендік одақта және Еуразиялық экономикалық одақта саяси өкілетті ұлтүсті органдардың құрылуына жол бермеу ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2056 (89,9%)

ҚАРСЫМЫН – 231 (10,1%)

2.14. Партияның қазақ тілінің мәртебесін көтеру және қолдану аясын, ең алдымен экономика және бизнесте, көтеру бойынша ұстанымы

ҚОЛДАЙМЫН – 2072 (90,6%)

ҚАРСЫМЫН – 215 (9,4%)

 

  1. «Ақ жол» ҚДП Бағдарламасының жаңа жобасын тұтастай ҚОЛДАҒАНДАР 2198 адам (96,1%), ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР – 89 (3,9%)

 «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі,

2014 жылдың 22 желтоқсаны

qazaquni.kz

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз