«АҚ ЖОЛ» бастаған бастама Ресейде де қолға алынды…

2
1635

Путиннің амбицияға толы, әскери һәм патриоттық бағыттағы  Жолдауы қуанта қоймайды…

«Мы будем расширять свое присутствие в тех регионах, где сейчас набирают силу интеграционные процессы»

В.В. Путин, Ресей Президенті

Кешегі РФ Президенті Владимир Путиннің халыққа Жолдауында Қазақ елі үшін келер әсері туралы айтсақ, алдымен Путиннің «мы будем расширять свое присутствие в тех регионах, где сейчас набирают силу интеграционные процессы» деген сөздері ЕЭҚ аясындағы теңдік, өзара құрмет, ұлттық ерекшеліктердің сақталуы қажеттілігімен байланыстырды. Яғни, Ресей Қазақстандағы қазақтың емес, орыс диаспорасының өкілдеріне бауыры бұратындығы, ол жердегі ұлтаралық өзара қарым-қатынасқа мән беретіндігін меңзеген болатын. Екіншіден, осы уақытқа тек Ресейдің жоғары эшолонындағы тұлғаларының – Еуразиялық Парламентті, Үкіметті, ортақ валюталарды орнатайық деген алып-қашпа ресми сөздері де бір ықпалын тимей кетпей тұр. Өйткені, Путин ЕурЭкоқауымдастық тақырыбын азды-кем көтергенімен, өзінше сөздерінің қарқынын тежеп, осы одақтастыққа кіретін Қазақстан мен Белоруссияның лидерлерін шошытып алмауынан шықты. Әйтсе де Еуроодаққа әлі де болса ойланып, жаңа формадағы келіссөздерді қарастыратынын, ал АҚШ-қа Ресейдің төбесінен ешкімді басындырмайтындығын жеткізді.

Соңғы кездегі санкциялардың әсері Ресей тұрмақ өзімізге де оңай тиіп жатқан жоқ, мысалы, өткен жылмен салыстырғанда ЕО-пен $53,4 млрд-тан осы күндері бары-жоғы $28,4 млрд тауар айналымы, бізді қанағаттандырмайды. Бұл еліміздің көпвекторлы бағытына ЕЭҚ аясындағы Ресейдің жекелей саясаттарының салдарынан келіп жатқан теріс ықпалы. Осыдан барып, амбицияға толы әсіресе әскери һәм патриоттық бағыттағы Путиннің Жолдауы бізді расында қуанта қоймады.

Ал, Жолдаудың ұқсастығы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  «Нұрлы жол» сияқты экономикалық-әлеуметтік бастамалары, кәсіпкерлікті қолдау мен ұлттық ішкі резервіндегі қаржыны пайдалану жағынан айна-қатесіз бір сарында оқылды. Путин кәсіпкерлікті қолдау бағытында толығымен қадағалаушы міндеттерді азайту арқылы жүзеге асырмақ. Бұндай бастама біздің Жолдауда да келер жылдың 1-қаңтарынан бастап, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мониторингттің алынуымен көрініс табуда.  Бұған қатысты, отандық кәсіпкерлер де қажетті уақытта тиісті заңнамаларды қолға алып, айналымға енгізіп, кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдайларды орнатып үлгергендігін жеткізіп жатты. Екіншіден, жалған кәсіпкерлік ұғымына нормативтік мән беріліп, тәжірибеде  жүзеге асыруды да алдыға тартуда.

Ресей президенті сонымен қатар, шетел асқан капиталға амнистия жариялауды, осылайша, заңсыз сыртқа кеткен қомақты қаржының оффшорлық аймақтардың жабылуымен, ел ақшасының қайтарлуына баса назар аударды. Қарап отырсақ, еліміз де бұндай бастамалар күздің басында қолға алынып кетті. Дәлірек айтсақ, әуелі ҚР Парламентінің қабырғасында «АҚ ЖОЛ» фракциясының жетекшісі, депутат Азат Перуашевтің депутаттық сауалынан кейін, ел Билігі қимылдай бастады. Нақты оффшорлық аймаққа кеткен қаржылардың иелерінің аты-жөндері де анықталды, тиісті қаржылық тиымдар нақтыланып, қаржының шет ел асып кетуін алдын-алу жолдары қарастырылды. Осыдан барып, елдің ішкі нарығын инвестициялауға жол тартқан әрекеттің сеңі қозғалды десек те болады.

 Мақсат ЖАҚАУ,

«АҚ ЖОЛ» ҚДП төраға кеңесшісі, саясаттанушы.

Qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Путиннің мына сөздері-біздегі орыстардың делебесін қоздыру деген сөз.Яғни ,орысша айтқанда «явная провокация»! Енді осыны ести тұра біздің Билік неге солардың «адалдығына » баяғыдай сеніп отыра береді ??? «Орыстан досың болса,беліңде балтаң болсын» деп атам қазақ тектен-тек айтпаған ғой!!

  2. Путиннің амбицияға толы, әскери һәм патриоттық бағыттағы Жолдауы қуанта қоймайды…
    «Мы будем расширять свое присутствие в тех регионах, где сейчас набирают силу интеграционные процессы» – В.В.Путин, Ресей Президенті

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз