Еліміздің солтүстік өңірлерінде халық саны азайып барады

7
1431

Еліміздің бірнеше өңірінде тұрғындар саны азайып барада. Әрбір шақырымға шаққандағы адамдардың саны жағынан күні бүгінге дейін әлемде кейінгі орындардамыз.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде халық саны азайып барады
Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Кейбір өңірлерімізде тұрғындардың саны өсудің орнына азайып бара жатуы ел келешегіне қауіп.

Мәселен, соңғы 10 жылда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары – 100 мың адамға, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары – 60 мың адамға, Қостанай облысының тұрғындары – 35 мың адамға, Ақмола облысының тұрғындары – 15 мың адамға азайыпты.

Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 70-тен астам мектеп жабылған.

Өңірлеріміздегі халық санының мұншалықты азаюы маман жетіспеушілігі, жұмыс күшінің тапшылығы секілді мәселелермен қатар мектеп пен аурухана, пошта секілді әлеуметтік мекемелердің жабылуына әкеп соғуда.

Соның салдарынан оншақты жыл ішінде жүздеген ауылдарымыз жойылды. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 70-тен астам мектеп жабылған. Бұл осы облыста 70-ке жуық елді мекен жойылуы мүмкін, яғни осы өңірлеріміз бос қалады деген сөз. Ал бос қалған жерлерге басқалардың көз алартатыны айтпаса да түсінікті жағдай.

Аймақтардағы тұрғындар санының күрт төмендеуі ауыл тұрғындарының еліміздің басты қалалары Алматы мен Астана қалаларына көшу санының артуымен де байланысты болуы мүмкін. Қалалы жердің тұрғыны болуға жастардың жаппай ұмтылуы жағдайды одан әрмен күрделендіруде.

Бұған қоса, ауылды мекендерде жас мамандарды жұмыспен қамту әлі жолға қойылар түрі көрінбейді. Осындай түйткілдердің салдарынан аймақтардағы халықтың өсу қарқыны баяулап, ауылдардың сәні қашуда.

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Чапай ауылында мектептің жабылуы салдарынан тұрғындар еріксіз көшуге мәжбүр болған. Ал мектептің жабылуына бар-жоғы 70 үйі бар ауылдағы бала санының жеткіліксіздігі себеп болған.

Кейбір өңірлерімізде тұрғындардың саны өсудің орнына азайып бара жатуы ел келешегіне қауіп.

Шағын қалаларымызға да қауіп төніп тұрғандай. Жақында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау 2022 жылы Арқалық қаласы мүлдем тоқырауы мүмкін, деген болжам айтты.

Арқалықты айтпағанда Үкімет тізімін бекіткен 27 моноқаланың бірде-бірі болашақта өмір сүруі неғайбыл екен. Демек қалаларымыз жойыла бастаса еліміздің картасынан біртіндеп қалаларымыз түсіп қала бермек.

Жуық арада ауылдарымыз бен шағын қалаларымызды сақтау бағытында жұмыстар жүргізбесек, сайын даламыз бос қалатын түрі бар.

Источник: NUR.KZ

7 ПІКІРЛЕР

  1. Шығыстан кетудің басты себебі экологияның күрт нашарлауы.Кеңес Одағы кезінде қалайда зауыттарға айналаны улауға тыйым салып, қадағалап отыратын, ал қазір халықты ойлап жатқан ешкім жоқ, өлмесең өлем қап дегендей… Жастарға обал, күнде тыныс алу органдарымыз күйіп қалады, жөтелден бас алмаймыз..Сондықтан астана жаққа кетуге мәжбүрміз, әйтпесе Шығыстың жеріндей жер қайда , қимайсың басқаға…

  2. Шет елдегі қандастарымызға барлық жағдайды жасап, Солтүстік облыстарға көшіріп әкелуіміз керек. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тамыры тереңдеп, қабырғамыз қатая түседі.

  3. Мен Болатқа таңқаламын.Не сен сондай утопист-романтиксің,бір кездері болашақта коммунизмде «бақытты өмір сүреміз» деп сенген Совдептің өтірігіне сенген совет халқындай,Не қазіргі Қазақстанды қандай Билік басқарып отырғанынан бейхабар ақымақ-идиотсың !Муамар Қаддафидей болу үшін әлі қазақ туған жоқ.Оны құртқан еврей-жойттар мен солардың ақщасына қаруланған Ливияның келімсектері- гастербайттары мен жалдамалы шет ел легиондары.Ал оны бүкіл Әлемге Батыс пен АҚШ «жауыз» «тиран» қылыып көрсетіп ,ақыры өлтіріп тынды.Оларға керегі Ливияның мұнайы болды. Енді міне сол Ливияны «ханталапай» қылып жатыр.»Өлген арыстанның құлағында тышқан ойнайды»

  4. Ауылдық елді мекендердің халық санын көбейту үшін, Ливия көсемі Муаммар Каддафидің істегеніндей мемлекеттік жоспар жасау .http://expert.ru/expert/2012/31/krovavaya-vesna-v-pustyine. Журнал. «Эксперт» №30-31 (813) 30 июля 2012,
    «Ливия көсемі Муаррам Каддафи Ливия шөлді аймағын, халқының әлеуметтік жағдайын, жанбасы табысын мұнай сату арқылы көтеріп ,гүлдендіріп, халық санын 3 есе көбейтті. 2010 жылы жанбасылық жалпы ішкі өнім 14878$, халықтың оқығандары 82% жетті. Жас отбасыларға үй сатып ал деп 60 мың $, нәресте туғанда 7 мың $ берді…ЮНЕСКО жер суландыру ғажабы деп атаған, 1984 жылы басталып, «араб көктемі» көтерілісі басталғанша (18 12.2010) «Қолдан жасалған Ұлы өзен» құрылысын жүргізді. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі (ливиялық бөлігі) 500м тереңдіктегі жер асты ауыз су қоймаларынан, 1.3 мыңдай терең құдықтардан, насоспен су шығарып, 4000-шақырымдық құбырмен елді мекендерге ауыз су жеткізді».

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз