Ресейлік саясаттанушы Жириновксийдің ессіздігі туралы айтты

Оралда өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан ресейлік журналист әрі саясаттанушы Максим Шевченко Қазақстан туралы ой толғап, Владимир Жириновский сынды саясаткерлердің екі ел арасындағы байланысқа тигізетін зардабын тілге тиек етті.

 Ресейлік саясаттанушы Жириновксийдің ессіздігі туралы айтты Бұл туралы Мой город порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Жириновский мырзаның ессіздігіне қатысты өз ойымды мен бірнеше рет білдірдім. Тіпті, "Россия" телеарнасының эфирінде оның нацист екенін де айттым. Ол Ресей Думасында отыратын адам емес", - деді Шевченко өз сөзінде.

Ол Ресейдің демократиялық мемлекет екендігін, сол себепті түрлі саяси көзқарастағы адамдар болатынын жеткізген.

"Мен Жириновскийдің айтқан сөздерімен мүлде келіспеймін. Оның Ресейдің басты одақтасы Қазақстан туралы айтқандары мүлде қисынсыз, ойға сыймайды. Олар Ресей ішінде өздеріне тиесілі саяси бағаны алып үлгерді", - деді саясаттанушы.

"Көп тұста біздің ынтымақтастығымыз әлі де басталған жоқ. Әсіресе бұл ресейлік либералды саясаткерлердің ықпалы.Мен оларға үнемі қарсы шығып келемін. Ресей үшін Еуразия елдерімен ынтымақтасу өте маңызды деп санаймын. Еуразиялық одақ құру туралы бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін жақсы білеміз. Оның көрегенділігі мен стратегиялық болжамы әрдайым дұрыс болып келеді", - деп келтіреді Шевченконың сөзінBNews.kz сайты.

Максим Шевченко өкінішке қарай, Жириновскийдің партиясына адамдардың көп дауыс беретінін айтты.

"Алайда, олардың партиясы бір күні ұтылатынына, содан соң, олардың парламенттен алыстайтынына сенемін. Мен Жириновскийдің саяси тәжірибесіне, Қазақстанға деген қатынасына мүлде қарсымын!", - деді Шевченко.

Жиында ол Қазақстанның Еуразия жүрегіндегі маңызды мемлекет екенін және Қазақстан халқын құрметтейтінін айтқан.

"Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Бұл ел үйлесімді, конфессияаралық мемлекеттің өздігінен дамуы туралы идеясын жүзеге асырып келеді. Қазақстан Еруазияның нақ жүрегінде орналасқан маңызды мемлекет. Мұнда қазіргі заманғы, дамыған, әлеуметтік ғылыми-техникалық мемлекет құрылды. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтан, оның көрегенділігінен, ғылыми ізденістерінен көп нәрсені үйреніп келемін", - деп атап өтті Максим Шевченко.

Саясаттанушы әрі қоғам қайраткерінің пікірінше, қазіргі жағдай мен әлемдік қаржы дағдарысының салдары Қазақстан мен Ресейдің бұдан да етене ынтымақтасуы жайында ойлануға мәжбүр етеді.