Павлодардағы орыс интелегенциясы Ерлан Арынға неге қарсы?!.
2014 ж. 25 қараша
2879
8
Павлодарлық жазушы Мария Тереник ісі сотта қаралып жатқан облыстың бұрыңғы әкімі Ерлан Арынның тиісті жазасын алуын қалайды.
Сол өңірдің тарихы мен белгілі азаматтары жайлы 37 кітабы жарық көрген жазушы Ерлан Арынға қаладағы кеңес одағы кезінде салынған 33 ескерткішті құлатты деп қапалы.
Ал Павлодар қаласы бойынша жаңадан бой көтерген ескерткіштердің сапасы сын көтермейді деген уәж айтады.
"Қалаға жаңадан түрлі батыр дейсіз бе, салт-дәстүрге қатысты тағы көптеген жаңа ескерткіштер орнатты. Олардың барлығы сурет сияқты. Тез құлайды. Ал бұрынғы ескерткіштер болғанда әлі күнге сол қалпында сақталып тұрған болар еді. Бұл жерде ақша жымқыру болды деп санаймын", - дейді павлодарлық жазушы Мария Тереник