Саф көңілді  Сапарбаевқа айтарымыз зор алғыс!

                                          сапарбаев «Қасқырдың аузы жесе де қан-жемесе де қан» демекші, жыбырлап тиісетін әдетіміз көлеңкедей  арттан қалмайтыны жаман. Осы аптада өсек-аяң әңгіменің басы болған шығыстағы ұлы Абайдың ескерткіші  төңірегінде  болды. Біреулер дәл осы сәтті, қала әкімдігінің қалт кеткен кемшілігін  пайдаланып, облыс әкімі  Сапарбаевты аяғынан шалудың әрекетін жасап жүр. Тіптен дүркіретіп мақала жазып, ақындар бас-көз жоқ, бас салып өлең шығарып кетіпті. Недеген пысықпыз-ә! Түймедейді түйедей қылып көрсету үй ішінен үй тіккендердің ежелгі әдеті ғой! Егерде маған халықтың ортасында жүрген қай әкімді қолдайсыз десе-онда мен қос қолымды төбеге көтеріп «Сапарбаев» дер едім. Бұл жерде тағы "неге?" деген сұрақ туады. Себебі - Бердібек мырза халықтың ортасында жүрген азамат. Күйі кетіп, сапасы сын көтермеген Шығыс Қазақстан облысын жандандырып, тіршілігін қалыпқа түсірген әкімге алғыс айтқанның орнына қарғыс жаудырғанымыз күнә емей немене!?  Тырнақ астынан кір іздеп, азаматты қаралау арымызға сын, ар алдында күнә. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпай, оларды апта сайын қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдап тиісті көмегін көрсетіп отырған әкім болса, ол Сапарбаев екені даусыз. Ал әзірге көптеген басқа әкімдер жасқаншақтық дертінен айыға алмай жүр. Олар халықты қабылдамақ түгілі, ел алдына шығып сөз сөйлеуден жасқанады. Екі жыл облысты басқарып, үш жыл Астанада қызмет атқарып, халықтың қазынасын қазанымен жұтып, ұлтарағынан бастап алтынмен аптатып, күміспен қаптатып жетінші жылы Храпунов сияқты шет ел асады. Ал президенттің тапсырмасын мүлтіксіз орындап келе жатқан Сапарбаевты құбыжық етіп көрсету менменсіген надандардың ісі екені анық. Ұлы Абайдың, ұлы Мұхтардың топырағына су сеуіп, полигоннан уланып, көз ашпаған қайран халықтың маңайын нұрландырып, бойына қан жүгіртті! Әдебиет пен мәдениетті өр Алтайдың шыңына шығарып, етегіне  алып бәйтерегін тұрғызды! Қазақтың менмін деген ұлт қайраткерлерінің ізін жоғалтпай, келер ұрпақтың санасына сіңдіріп ескерткіш қойып, том-томдам кітап шығарып жатқан Бердібек ағамызға жақсы адамдардың айтар тілегі біреу ғана, ол «Алланың нұры жаусын!»- деген ақ тілек! Ербол Ақшолақов  qazaquni.kz   Тақырыпқа орай: АБАЙДЫ МАЗАҚТАҒАН ЕСКЕРТКІШ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ! http://www.qazaquni.kz/