Сатқындар шыға береді... Өйткені, біз батырларды мақтаймыз, ал сатқындарды жазғырмаймыз
2014 ж. 26 мамыр
2835
7
Бізде сатқындар үздіксіз шыға берді. Өйткені, біз батырларымызды жер-көкке сыйғызбай (өлген соң) дәріптейміз, мақтаймыз. Ал сатқындарымызды жазғырмаймыз. Голощекин өзі қораны аралап мал санаған жоқ, кімнің ұлтқа қатты ықпалы бар екенін ол қайдан біледі. Ол қазақ тілін белмейді, Міржақыптың өлеңін қайдан біледі?!. Аузына шайнап салып берген біздің «бауырларымыз». Сатқындарымыздың атын білмейміз, тек «жандайшаптар», «балаққа жармасқандар», «жағымпаздар» деген жалпылама атпен ғана береміз. Сондықтан ондай атақтан ешкім де қорықпайды. Егер де ұлтты, ұлт көсемдерін, жерді, тілді сатқандардың аттарын атап, түстерін түстеп, фотосын салып білсек, келер ұрпақ батыр болуға ұмтылмаса, да сатқын болудан сақтанар еді.
Сондықтан, азаттық алғанға дейінгі және азаттық алғаннан кейінгі сатқындардың тізімін жасау ләзім. Себебі, азаттық алған соң сатқындықтың формасы өзгерді.
P.S. «Қазақ үні» газеті мен сайты қазақ тіліне қарсы болғандардың тізімін берді, бұл – бастамасы. Бірақ болашақта хабарлауыш сөздерден гөрі, анықтауыш сөздерін баса айтып жариялап тұру керек.
Алмас ЖҰМАҒАЛИ