Қазақ тіліне қарсы сатқын Жүнісовті "Трибунада" жариялау - сендердің сатқындықтарың, Жанболат -Инга!
2014 ж. 24 мамыр
8506
10
"Трибуна" (Ашық алаң) соңғы санында Сакен Жүнісов дегеннің ОРЫС тілін екінші МЕМЛЕКЕТТІК тіл қылу керек деген сандырағы шығыпты(???!!!)
Ол аз дегендей, "СДЕЛАТЬ ОФИЦИАЛЬНЫМ ВСЕ 130 ЯЗЫКОВ НАРОДОВ КАЗАХСТАНА" - депті.
Бұл не масқара!!!
Алдында шовинист Мизиновтың Зона.кз - деген сайтында солай деп қыртқаны туралы осында жазғанмын, видеосын қойып, ол Тайчибековтан алысқа кетпепті деп.
ЕУразиялық Одаққа қарсы Алматы Ақсақалдар Алқасының Үндеуіндегі 1 және 7 мамырда алаңға шығуға шақырған ең маңызды жерін кесіп тастаған Жанболат пен Мамай мына ұлт сатқынына қазақша бастап енді толық орысшаланып кеткен Трибунада екі бетін аямай беріп көсілтіпті.
Сатқын емей немене, тіпті, орыстар қазір екінші мемтіл сұрамай тыныш отыр ғой? Оның қасында орыс тілінің ресми болып отырғанының өзі тұсау болып тұр, ана тіліміздің тізесінен тұрғызбай тұр емес пе?
Шаханов атындағы РУХ пен ТІЛ ұйымын құрып, тіл мәселесін көтеріп халыққа атын шығарып алған Жанболат-Инганың мұнысы қалай?
Жанболат бүкіл қазақ зиялы қауымының бетке шығары қол қойған орыс тілін ресми тілден алып тастау туралы 2011 жылғы Үндеуден қолын қайтарып бір сатқындық істеп еді, Мен ол ұсынысты 2009 жылы Тіл жиналысында айтқанмын, видеосы бар.
Маңғыстаудағы соттағы Болат Атабаевпен екеуінің позициясы ол бөлек әңгіме. Оған кейін келемін. Нақты нәтиже - Ақасқалдардың ақылын тыңдап алаңдарға шыққанда болар еді. Тәуелсіздік жиналыстардың трибуналарында қорғалмайды.
Бірақ, тіл мәселесі, Украинада көргендей, Тәуелсіздікпен пара-пар мәселе!
Сондықтан, сатқын, ақымақ Жүнісовке трибуна бергендерің сендердің де сатқындықтарың, Жанболат -Инга! Әлде бұл Әбіләзовшылардың нұсқауы ма?
Олар ұлтшылдарды иттің етінен де жек көретінін білемін. Ақтаудағы сотта пресада ылғи группа возглавляемая Козловым деп жазғанды айтып, "Мені Козлов басқара алмайды, ол саясатқа менен он жылдан кейін келген адам. Менің бағытым тіпті басқа саясатшымын, қазақтың ұлттық Мемелекетін қолдайтын ұлтшыл-демократпын"- деуім сол екен, тіпті, бұрыңғы АЗАТттан келе жатқан ескі өріптестерім Жасарал, Айсұлу, Сағатттарға дейін түрмеден шыққан бойы шабуылдады... 20 жылдан астам адамдар ақша үшін сондай сатқындыққа барады деп ойламап едім,,,нағыз шокты солардан алдым, биліктің ісінен емес...
Билік жау-жаулығын істейді, ол аксиома ғой...
Қатты айтсам ренжімеңдер...Заман ауыр болып тұр...
Серік САПАРҒАЛИ