Назарбаев министр Қаппаровқа "тәбетін басуды" ескертті
2014 ж. 27 сәуір
1814
0
Бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі сумен қамтамасыз ету жобалары бойынша тәбетін басуы керектігін қадап айтты.
Оның бірі Сәтбаев каналынан 90 млрд теңгеге құбырдың құрылысын қарастырса, ал екіншісінде Су ресурстары комитеті 5,8 млрд теңгеге қолданыстағы жүйені қайта жаңғыртуды ұсынды.Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Астанаға су тарту бойынша екі ұсыныс болған. "Мен Экология министрлігі мен әкімдікке осы мәселені шешуді тапсырған болатынмын. Енді үшінші нұсқаға қарағанда 370 млрд теңге қажет екен. Мұндай министрлермен мемлекет тақырға отыруы мүмкін. Тәбеттеріңді басып, нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіңіздер", - деп түйді Президент.Қазақпарат