ШЕНЕУІНІКТЕРДІҢ ШЕТЕЛДЕГІ ШОТТАРЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ЖОЙЫП, ОФФШОРСЫЗДАНДЫРУ ҚАЖЕТ
2014 ж. 21 сәуір
2300
2
"Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға шығарылған қаржының сомасы 138 млрд. АҚШ долларынан асып түсті, бұл орташа алғанда жыл сайын 7 млрд. Қазақстан оффшорға ақша шығару бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кіреді. Басқаша айтқанда, оффшорлық аймақтар мемлекеттік қаражатты дөрекілікпен ұрлау және сыбайлас жемқорлық үшін жиі пайдаланылады»-деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
«Ақ жол»: Қазақстан экономикасында оффшорсыздандыруды жүргізу және жоғары қызметтегі мемлекеттік шенеуніктердің шетелдегі шоттарына қатысты банктік құпияны жою қажет. Қазақстан экономикасында оффшорсыздандыруды жүргізу және жоғары қызметтегі мемлекеттік шенеуніктердің шетелдегі шоттарына қатысты банктік құпияны жою қажет! Бүгін Азат Перуашев бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Премьер-министр Қ.Мәсімовтың атына жолданған «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында Президенттің бастамашылдығымен капиталға рақымшылық жасауды Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау үшін және елден қаражатты бақылаусыз алып шығуына бөгет қою туралы басқа да шаралармен толықтыру бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстары туралы сөз болады. Биылғы 11 сәуірде Н.Ә.Назарбаев ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысында Үкіметке капиталға рақымшылық жүргізуді, елден шығарылған қаржыны Қазақстанға қайтаруды, содан кейін ол тартылған ақшаның біздің елдің экономикасын инвестициялауын ынталандыруды тапсырған. «Алда тұрған кірісті жалпыға бірдей декларациялауды енгізу қарсаңында, сондай-ақ күмәнді пайда болған банк шоттарына тыйым салудың халықаралық үрдісін, немесе былтырғы жылы Кипрде болғандай, оффшорлық шоттардағы қаржыны тікелей тәркілегенді ескеретін болсақ, бұл шараның айрықша маңызы бар», - деп атап өтті А.Перуашев. Сауалда Tax Justice Network зерттеу компаниясының баяндамасынан деректер келтірілген: оффшорлық шоттардың қарауындағы декларацияланбаған қаржының жалпы көлемі, 21 ден 32 трлн-ға дейін АҚШ доллары мөлшерінде бағаланады (АҚШ-ның және Жапонияның 2012жылғы ЖІӨ жиынтығы 20 трлн-ға жуық АҚШ долл. құрайды.). Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға шығарылған қаржының сомасы 138 млрд. АҚШ долларынан асып түсті, бұл орташа алғанда жыл сайын 7 млрд. Қазақстан оффшорға ақша шығару бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кіреді. Қазақстан инвестиция салған елдердің қатарында Нидерланды, Ұлыбритания, Швейцария, сондай-ақ, Виргинг аралдары, Кипр, Люксембург және т.б. кіреді. Әрине, мұнда әңгіме бір жаққа қайтарымсыз кеткен ақша туралы болып отыр. «Есеп комитетінің есептерінде мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің еншілес құрылымдары мен Маршалл аралдарында оффшорлық аймақ арқылы нарықтағы бағадан 3-4 есе жоғары баға бойынша тендер жүргізгені туралы деректердің келтірілгені кездейсоқтық емес. Басқаша айтқанда, оффшорлық аймақтар мемлекеттік қаражатты дөрекілікпен ұрлау және сыбайлас жемқорлық үшін жиі пайдаланылады», - деп толықтырды депутат. «Ақ жол» партиясының ұсыныстарының ішінде – оффшорлық өлшемдерге кіретін елдермен қосарлы салық салуды болдырмас үшін барлық мәмілелерге ревизия жүргізу бар. Осындай шарттардың олқылықтарын анықтау қажет – дәл солар арқылы Әбілязовтың, Храпуновтың және басқалардың да қаржылары шығарылды... Алаяқтар және айлакерлер үшін осындай «қақпаны» жабу керек. Екінші бағыт – салық ақпараттарымен айырбас жөнінде оффшорлық юрисдикциялармен шарттар жасау бойынша жұмысты күшейту керек. Батыс елдерінің бірқатары осындай аймақтардағы банктердің көбінен шоттардың иелері туралы ақпаратты ашуға қол жеткізді – біздің де, сол сияқты құқыққа қол жеткізуіміз қажет. Азат Перуашев фракцияның осындай екі сауалы туралы еске салды, оған Үкіметтен бұл деректер банктік құпиясы болып табылады деген жауап алған болатын. «Жоғары қызметтегі мемлекеттік шенеуніктердің оларға қомақты бюджет қаражатымен иелік ету сеніп тапсырылғандығын ескере отырып, оффшорлық шоттарына қатысты банктік құпиясы жайылып кетпеуі тиіс», - деп атап көрсетті парламенттік фракция көшбасшысы. – Келешекте бұл мәселені реттеу үшін, үкіметке «Оффшорлық аймақтар арқылы атқарылатын қызметтерді реттеу туралы» Заң жобасын әзірлеуді ұсынамыз, онда мемлекеттің және адал бизнестің мүдделерін қорғау тұрғысынан барлық мәселелерді ескеру қажет». «Оффшорлық аймақтар арқылы кірісін шығаратын компаниялар, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын, салық жеңілдіктерін, несиелік субсидияларды, өзге де жеңілдіктермен пайдаланбауы, мемлекеттік сатып алуға қатыспауға тиіс, себебі олардың іс әрекеттері салықтарын төлеп және ашық жұмыс істеп отырған бизнеске қатысты теріс пиғылды жосықсыз бәсекелестік құрады», - деп есептейді «Ақ жол» партиясының депутаттары. Олар, мұндай заң оффшорлық аймақтардың мәртебесін, оффшорлық компаниялар арқылы қызмет жүргізудің негізгі ережелерін, оффшорлық аймақтардың кәсіпорын-резиденттерінің мамандандырылған қаржылық есебінің тәртібін, мемлекеттік реттеу және бақылау органдардың өкілеттігін, оффшорлық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтауға мүмкіндік беретініне сенімді. Оның үстіне, «ақжолдықтар» өзінің Үкіметке үндеу хатында қазақстан экономикасында оффшорсыздандыру үдерісін ынталандыруды қарастырудың қажеттігін атап көрсетеді. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыра береді.Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
www.qazaquni.kz