Янукович Украина күш құрылымдарын халыққа оқ атпауға шақырды
2014 ж. 14 сәуір
1895
1
Биліктен шеттетілген Украина президенті Виктор Янукович укриналық күштік құрылымдарды халыққа қарсы қару қолданбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости-ге сілтеме жасап. Дондағы Ростовта мәлімдеме жасаған Янукович "Украина банкроттыққа қарай жылжып барады, ал шын мәнінде елде азамат соғысы басталды" деді.
"Мен Бас әскери қолбасшы ретінде ІІМ мен УҚҚ-ға қылмыстық бұйрықты орындамаңдар дегім келеді. Халыққа оқ атпаңдар, ол кешірілмейді" деді Янукович. Оған қоса ол Киев билігі, ІІМ Арсен Аваков пен УҚҚ басшысы Валентин Наливайченконың осы іс-әрекеттері үшін қалмыстық жауапқа тартылатынын айтты. Биліктен шеттетілген президент Янукович "өздерін Украина билігі санап отырғандардың іс-әрекетіне баға берсем, ерте ме, кеш пе, олар осы шешімдері үшін жауап беретін болады. Бірден айтайын; Сіздер қалмыстық жауапкершілікке тартыласыздар" деді.
"Бүгін қан төгілді. Бұдан былай біздің ел жаңа жағдайда-бір аяғымен азаматтық соғыс алдында тұр. Киевтік сұрқиялар күш қолдану туралы қылмыстық бұйрық берді", - деп мәлімдеді Янукович.
Януковичтің пайымдауынша, соңғы кезде Украинада орын алған жағдайға АҚШ елінің қатысы бар, олар бұл жағдайға араласып қана қоймай, не істеу керек екенін де көрсетіп отыр. Украинаның күш құрылымдары елдің шығысындағы арнайы шараны АҚШ Орталық баллау басқармасының директоры Джон Бреннанмен кездескеннен соң бастап отыр.
Януковичтің ойынша, тек референдум ғана елді ыдыраудан сақтап қалады. Ең алдымен Украинаға референдум өткізіп, жаңа конституция қабылдау, сонан соң парламент сайлауын өткізу қажет.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы елдің шығысында кеңейтілген антитеррорлық іс-қимылдар жасайтыны туралы мәлімдеген соң Виктор Янукович баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген болатын.
Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда Украинада билік ауысқан еді. Алайда Украинаның бірқатар облыстары жаңа биліктің легитимділігін мойындамай, аймақтардың болашағын айқындайтын референдум өткізуді талап етті. Қырымда өткен референдумға қатысушылардың 98 пайызы Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуын қолдап дауыс берді. 18 наурызда Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуы туралы келісімге қол қойылды.
tengrinews.kz