Сенаторлар министрлердің "көпірме" сөздерінен әбден жалыққандарын айтты
2014 ж. 04 сәуір
1608
1
Сенат отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Бірғаным Әйтімова "Менің көңілім барлық министрлікке толмайды" деп мәлімдеді.
"Пайызбен айтасыз ба, қанша пайыз өзгеру керек? Менің ойымша, 50 пайыз өзгертсе, дұрыс болар деп ойлаймын. Сондықтан мен күту процесіндемін, кімді ауыстартынын, кімді қоятынын", - деді ол.Сенатордың ойынша, Үкімет мүшелерінің кем дегенде жартысын өзгерту керек.
Басқа сенаторлар да бірқатар ведомство басшыларының "көпірме" баяндамаларынан әбден жалыққандарын ашық айтты деп хабарлайды 31 арна. Тіпті "іске шорқақ" министрлерді атап берді. Сөйтіп, кеше тағайындалған Премьерден министрлер жұмысының сапасын жақсартуды сұрады. Жоғары палатаға келіп, депутаттар пайымын өз құлағымен естіген Ерболат Досаев Сенаттан біртүрлі болып қайтты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаудағы тарифтік квоталарды пайдалануға қатысты сенаторларда сауал көп.
Ерболат Досаев бүгін тек өзінің орынбасары ғана емес, күллі министрлер кабинеті атынан сөз ұстауға тырысты. Мәселен биыл шеттен сиыр етінің 15 мың тоннадан астамы, ал құс етінің 110 мың тоннасын сатып әкелу көзделіп отыр. Бұдан бөлек 10 мың тоннаға жуық шошқа етін тасу жоспарланыпты.
Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл еттің басым бөлігі шұжық өнімдерін жасауға жұмсалады. Бірақ, депутаттар осы квота қысқармайынша отандық өндіріс өрлемейді деп отыр. Тіпті бүйте берсе, ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу мүмкін емес.
Досаевтың айтуынша, ет экспорты геометриялық прогрессиямен өседі. Сенаторлар бұған сенбейді.
Қызығы қос министрлік жұмысын 44 минут сынаған сенаторлар заң жобасын бірауыздан мақұлдап жіберді.
tengrinews.kz