Жириновскийдің құлағын кеспек

photo_3397"Әзірбайжандық "Заманауи Мусават" партиясының басшысы Хафиз Гаджиев ресейлік ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің құлағын өз қолымен кесуге уәде берді. Гаджиев "Жириновский-бұлғаң, ішімдікқұмар, сондықтан оның сөзінің мәні жоқ" деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz  Haggin.az порталына сілтеме жасап. Таяуда Мемлекеттік Дуамада сөз сөйлеген Жириновский "әзірбайжан" деген ұлт жоқ деп салған болатын. "Әзірбайжан деген не? Орыс тіліне аударғанда Азер-бұл Хазар, яғни Каспий теңізі, баджа-жағалау. Яғни, олар Каспий теңізі жағалауында өмір сүретін адамдар. Орысшалап айтқанда, каспийліктер. Сонда бұл ұлт па? Олар-белгілі бір аумақта өмір сүруші адамдар. Мысалы, Поволжье тұрғындары-поволжьеліктер, Вологда тұрғындары-волжандар деген сияқты" деп айтқан еді. ИА REGNUM мәлімдеуінше, бұдан бұрын да «Заманауи Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиев әзірбайжандар мен армяндар арасындағы қарым-қатынас туралы жазылған "Каменные сны" романы үшін қарт жазушы Акрам Айлислидің құлағын кесемін деген болатын. Әзірбайжанға еңбек сіңірген жазушысы аталмыш роман үшін елінде қуғынға ұшыраған. Оны барлық мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардан, президенттік дербес зейнетақыдан айырып, кітаптарын алаңға шығарып өртеген. Сондай-ақ оның жеке өзіне, отбасына қоқан-лоққы жасалған болатын. Белгілі шетелдік жазушылар мен құқық қорғау ұйымдары және Бакудегі дипломатиялық корпус өкілдерінің араласуынан кейін ғана қудалаулар мен қорқытулар тоқтаған еді.

tengrinews.kz