ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне Гүлнәр Ықсанова бекітілді
2014 ж. 03 сәуір
2124
1
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне Гүлнәр Ықсанова сайланды.Отырысқа қатысқан халық қалаулыларының барлығы депутат Г. Ықсанованың кандидатурасын осы қызметке бірауыздан қолдады.
1958 жылы 24 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.
1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіннің философия-экономикалық факультетін бітіріп, саясиэкономия кафедрасының ізденушісі болды. 1986 жылы аспирантураны бітіріп сол кафедрада кандидаттық диссертациясын корғады.
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
1986-1994жж. — Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ ауыл шаруашылық институтының оқытушысы.
1994- 2011 жж. телерадиокешеніндегі қызметі:
- «Қазақстан теледидар және радиосы» ТРК-ның Президент кеңесшісі, вице-
президенті;
- «ТАҢ» Телекомпаниясының вице-президенті;
- «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның референті, вице-президенті, Бас директоры,
Директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі, Директорлар Кеңесінің төрайымы, Басқарма
төрайымы.
«Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі.
«Кұрмет» ордені мен медальдармен марапатталған, Журналистика саласыңдағы ҚР Президент сыйлығының лауреаты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметін депутат Дариға Назарбаева атқарды. Жалпы отырыс барысында Д. Назарбаева Мәжілістің вице-спикері қызметіне сайланды.