Виталий Кличко президент сайлауына түспейді

56241Украиналық саясаткер, "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсуден бас тартты.

Бұл мәлімдемесін сенбі күні "УДАР" партиясының съезінде жасаған Кличко өзі Киев мэрі сайлауына түсу ниеті барын айтты. Партия Кличконың шешімін құптап дауыс берді.Ол демократиялық күштер атынан бірегей кандидат ретінде Жоғарғы рада депутаты, миллиардер Петр Порошенконы ұсынуға шақырды. Сол күні өз съезін өткізген "Батькивщина" партиясы алдағы президент сайлауына осы ұйымның жетекшісі Юлия Тимошенконы ұсыну туралы шешім қабылдады. "Свобода" партиясы президент сайлауына үміткер ретінде өз лидері Олег Тягнибокты ұсынды. Сонымен бірге Украина президенті сайлауына түсетіндерін мәлімдеген тағы бірнеше адамның арасында "Оңшыл сектор" қозғалысының жетекшісі Дмитрий Ярошта бар. Бұған дейін билікте болған "Аймақтар партиясы" ұзақ талқылаудан соң президенттікке Михаил Добкин лайықты деген ұйғарымға келді. Алайда осы партияның тағы бір өкілі Сергей Тигипко да сайлауға түсетінін мәлімдеді. Сонымен бірге бұған дейін президент сайлауына кандидат ретінде қатысуға ниет білдірген партия мүшелері Юрий Бойко мен Олега Царевтің қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз қалып отыр. Украинада президент сайлауы мамырдың 25-і күні өтуі тиіс. "Украинская правда" басылымының хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына қатысуға тілек білдірген 15 адам құжаттарын тапсырған. Олардың бесеуі кандидат ретінде тіркелген. Президенттікке үміткер ретінде тіркелушілерден құжаттар қабылдау наурыздың 30-ы күні аяқталады.

"Азаттық радиосы"