Депутаттар мен Келімбетовтың қарым-қатынасы жақсы емес
2014 ж. 28 наурыз
1746
0
Жалмағамбетова мен Келімбетовтың арасындағы текетірес жалғасуда. Депутат бүгін Сенат отырысына келмей қалған Ұлттық банк төрағасын тағы да қатал сынға алды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тіпті девальциядан кейін ел қазынасы бірден 331 миллиард теңгеге көбейді деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Мол түсімнің бір бөлігі мектеп пен балабақша секілді әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалмақшы. Ал 10 миллиард Төтенше жағдайлар министрлігіне тікұшақ алуға берілмек.Айтуынша, Келімбетов Марченконың әдетіне басып, Парламентті елемеуге көшкен. Сондықтан бюджетті қайта бөліске салған отырыста бас банкирдің орнын экономика министрі Ерболат Досаев жоқтатпауға тырысты. Осыншама ақша Сыртқы Істер министрлігіне Парижден елшілік ғимаратын сатып алуға бөлінген. Алайда, мұндай жауап сенатор Жалмағамбетоваға жаққан жоқ. Сенатқа Келімбетовтің келмегеніне көңілі түскен оның, девальвациядан соң бюджет түсімі өсе түседі деген әңгімені "ертегіге" теңеді. "Министрлер Досаев, Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Келімбетов девальвация экономикалық өсімге пайдасы бар деп еді. Иа, 331 млрд теңгеге көбейгенін көріп отырмыз. Бірақ, бұл жылдағы көрсеткіш емес пе? Осылайша алдауға бола ма? Неге шынайы ақпаратты бермейсіздер?", - дейді Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова.КТК арнасы