Назарбаев пен Атамбаев Алматыда кездесті
2014 ж. 27 наурыз
1863
1
Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Елбасы қала билігімен жиналыс өткізіп, шаһарды одан әрі дамытудың жолдарын қарастырды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевпен екіжақты кездесу өткізді. Гаагадағы ядролық қауiпсiздік саммитiнен соң оңтүстік астанаға ат басын тіреген президент Орта Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты тілге тиек етті. Кездесуде ауылы аралас, қойы қоралас жатқан елдердің тыныштығы мен екеуара ынтымақтастығы сөз болды. Қырғыннан көз ашпаған Қырғыз елінің басына сәл тыныштық орнаған кезеңі, 2011 жылдан бастап бағдарласақ екі елдің арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өскен. Яғни 1 млрд долларға саяды. Қазақстанның құйған инвестициясы да 1 млрд долларға жуықтапты. Осы қарқынды әрі қарай арттыру қажеттігін айтқан президенттер негізгі талқылауларды Астанада күзде жалғастырмақ. "Алдымызда шешетін шаруалар көп, барлығын ақылдасамыз келісеміз. Мемлекетаралық коммиясиияны өткізу керек, жоғарғы кеңесіміз бар оны өткізу керек. Биылғы жылы Құдай бұйыртса күзге қарай Астанада барлық мәселені талдап талқылауға біз дайынбыз, менде дайынмын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Орта Азияда қазіргі күнде алдыға шыққан бәрінен асқан мемлекет бұл Қазақстан. Тұрақтылық жағынан алсақ, экономика жағынан алсақ, ынтымақ жағынан алсақ, білімділік жағынан алсақ, барлық жағынан алсақ үлгі көрсеткен Қазақстан. Сондықтан мен сізге келіп жолығып кеткенде көп нәрсе үйреніп кетем", - деді Атамбаев.nur.kz