Ресейге қарсы акциялар басталды

putin_1245_akciyaРесей шешіміне наразылық бірнеше елде байқалып отыр. Әскердің Украинаға енуін ессіздік деп бағалаған кей мемлекеттерде қарсылық акциялары өтті. Вильнюс, Рига мен Таллин қалаларының тұрғындары да Мәскеу шешіміне наразы. Олар арнайы акция ұйымдастырып, "Соғысқа жол жоқ" деп ұрандатты. Вашингтондағы Ресей елшілігінің алдына жүздеген адам жиналып, Федерация әскерінің Қырымға енуіне қарсы шықты. Тіпті, Ресей астанасы Мәскеу мен Санкт-Петербург жұртшылығы да федерация кеңесінің шешіміне қарсылық танытып жатыр. Бас көтергендер Владимир Путиннің империялық әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдем етер қолшоқпарына айналғымыз келмейді деп үндеді. Сонымен қатар, наразылық білдірушілер Украина халқымен достық қарым-қатынасымызға сызат түсіргіміз жоқ деп, ұрандады.

Астана телеарнасы