Сыздықова айыппұл төлемейді

7
1224

«Нұр Отан» партиясы Бақыт Сыздықованы айыппұл санцкиясынан босатуға ниет білдіріпті. Естеріңізге сала кетейік, партия Б. Сыздықованы «қарызға алған қомақты қаржыны уақытында қайтармады» деп айыптаған болатын» деп жазады, «Нұр Отан» партиясына жіберген сауалына алған жауаптарын алға тартып, Tengrinews.kz тілшісі.

«Сыздықованың қоғамға сіңірген еңбегі ескерілмей қалмады. Оның ірі көлемдегі қаржыны уақытында қайтармағаны үшін салынып отырған айыппұл санкциясынан босату туралы сотқа жазған арызы қанағаттандырылды. Сот отырысының алдын ала тыңдалымы 19 ақпанға жоспарланып отыр. Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Ескерте кетейік, «Нұр Отан» несие бермейді. Ал Б. Сыздықоваға қаржылай көмек көрсетілгені рас. Өз кезегінде ол оны келісілген уақытта қайтаруы керек еді», – дейді партиядағылар.

Б. Сыздықоваға «Нұр Отан» екі айға деп қарызға 7 миллион теңге берген болатын. Заңдық күші бар келісім-шартқа қарыз алушының өзі қол қойған-ды. Алайда Б.Сыздықова уәдесінде тұрмай төрт жыл жүріп алады. Партия оған неше мәрте жазбаша ескерту жасаған екен, одан еш нәтиже шықпайды. Ақырында партия өткен жылдың желтоқсан айында оны сотқа береді.

Ал осы жылдың наурыз айында «Нұр Отан» қаржы-қаражатты қайда, қалай жұмсағандары турасында жауапты орындарға есеп беруі тиіс.

Назарларыңызға сала кетсек, жауапсыздығы үшін экс-депутатты «Нұр Отан» қатарынан шығарып тастаған болатын. Сол кездері Сыздықова алған ақшаға өсімпұл қосылып, 15 миллион теңгеге бірақ шарықтайды. Сыздықованың айтқаны рас болса, ол қарызды КВН ойыншыларының Мәскеуде өткен Жоғары лигадағы жарысқа қатысулары үшін алса керек. Шынымен де, сол жолы біздің КВН ойыншыларымыз, Жоғары лигада финалға шыққан.

Tengrinews.kz

7 ПІКІРЛЕР

  1. Бір ғана білетінім, Бақыт-аңқау, әпенділеу келіншек. Қолы ашық. Мінезі тура.Ерке-шолжаңдығы және бар.Ондайларды жақтырмайды билік.Тіпті де шошқа емес, оны солай дегеннің өзі шошқа.Адамның жан-дүниесіне үңіле алмайтын, сыртына, порымына, алтын-жаұтына қарап бағалайтындар-миы тайыз, надан пенделер.Егер мен адам танысам, Бақыт-жақсы адам.Құдай берсе балаларын да туар, жұртқа да жақсылықығын жасар. Бақыттың жай бір қатын ретінде ғана емес Адам ретінде бақытты болуына шын жүректен тілектеспін.Оның есімінің өзі-ақ біраз жайды айтып тұр. Сондықтан Хақ бағдарламасы жасалып қойған, ал бұл сынақ қана!Ол қазақ тілін, дінін, ұлтын сыйлайды, және мұны дәлелдеп те шығады.

  2. нұр отан кешірімді болса шын баспанасыздарға үйсіз күйсіз жүрген кедейлерге көмектеспейме.қарға қарғаның көзін шұқымайды деген осы.

  3. осындайларга пул бергиш карыздарын кешкиш…. нур отанынг сонда ким болганы бари белгили гой … омир осылардыки кайран ЛЕНИН кайдасын….

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз