Облыс пен қатар қылмыстық топты басқарған Рысқалиев кассасына күн сайын ақша құйылған

1335925Ұйымдасқан қылмыстық топпен үлестес компаниялар жүздеген миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, ағайынды Рысқалиевтердің кассасына жеткізіп отырған. Бұл туралы "Астана" телеарнасына жергілікті қаржы полициясының тергеу тобының жетекшісі Тимур Хасанов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Күн сайын ақша қолма-қол алынып, екі-үш қытай сөмкесімен бақыланған күйі жеткізіліп отырған", - дейді тергеуші. Хасановтың сөзіне қарағанда, Бергей Рысқалиев облыс ісімен бірге, қылмыстық топтарды басқарған. "Оның кезінде кішкентай әкімдік пайда болды десе болады. Оған әкімдік жұмысшылары келіп, Рустем Әлбақасовқа (Рысқалиевтің күйеу баласы - Авт.) қандай нысан салынып бітетіні жөнінде есеп беріп отырған. Еске салайық, 23 қаңтарда Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды. Айыпталушылар орындығында - 22 адам, олардың дені - кәсіпкерлер мен бұрынғы шенеуніктер. Бергей Рысқалиевтің өзі мен оның ағасы Аманжан Рысқалиевке іздеу жарияланды. Кейбір мәліметтер бойынша, олар Ұлыбритания астанасына қашып кеткен.           Tengrinews.kz