Облыс пен қатар қылмыстық топты басқарған Рысқалиев кассасына күн сайын ақша құйылған

3
1403

Ұйымдасқан қылмыстық топпен үлестес компаниялар жүздеген миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, ағайынды Рысқалиевтердің кассасына жеткізіп отырған. Бұл туралы «Астана» телеарнасына жергілікті қаржы полициясының тергеу тобының жетекшісі Тимур Хасанов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Күн сайын ақша қолма-қол алынып, екі-үш қытай сөмкесімен бақыланған күйі жеткізіліп отырған», – дейді тергеуші. Хасановтың сөзіне қарағанда, Бергей Рысқалиев облыс ісімен бірге, қылмыстық топтарды басқарған. «Оның кезінде кішкентай әкімдік пайда болды десе болады. Оған әкімдік жұмысшылары келіп, Рустем Әлбақасовқа (Рысқалиевтің күйеу баласы – Авт.) қандай нысан салынып бітетіні жөнінде есеп беріп отырған.

Еске салайық, 23 қаңтарда Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды. Айыпталушылар орындығында – 22 адам, олардың дені – кәсіпкерлер мен бұрынғы шенеуніктер. Бергей Рысқалиевтің өзі мен оның ағасы Аманжан Рысқалиевке іздеу жарияланды. Кейбір мәліметтер бойынша, олар Ұлыбритания астанасына қашып кеткен.

          Tengrinews.kz

3 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз