Жириновский: "семіз" шенеунік қызметтен кету керек

7e6ebccd9e558e8c8e8361db9aef9477Ресейдің ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский артық салмағы бар шенеуніктерді жұмыстан шығаруды ұсынды деп хабарлайды РИА Новости. Саясаткердің пікірінше, салмағы 80 келіден асатын мемлекеттік қызметкерлер үшін шектеу қойылуы керек. Жириновскийдің өзі 98 келі тартады екен, ол 2014 жылдың соңына дейін 90 келіге арықтауға уәде берді. Артық салмақ үшін жұмыстан босату туралы бастама көтере отырып партия жетекшісі әріптестерінің дене өлшемдері жөнінде білгісі келді. Бойының ұзындығы - 192 см екенін айтқан депутат бұл денемнің массасының 98 келі болуын ақтайды деп отыр. "Біз 80 келі деген стандарт енгізіп отырмыз, бұдан ауыр салмақтағы шенеуніктердің бәрін жұмыстан босату керек. Салмақ тастаңыздар! Мен 108 келі едім, қазір 98 келімін, жылдың соңына қарай 90 келі боламын", - деді Жириновский. Депутаттың айтуынша, салмаққа шенеуніктердің жасына қарамастан шектеу қойылуы тиіс. Ол Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның бір күнді қантсыз өткізу туралы ұсынысын еске алды. "Қант, тұз, шай, кофе - бұл у. Мұның бәрі - есірткінің жеңіл түрі", - деді ЛДПР жетекшісі. Семіздік үшін жұмыстан қуу Жириновскийдің саясаткерлер өмірін өзгертуге қатысты алғашқы бастамасы емес. Бұған дейін депутат ЛДПР өкілдеріне жыныстық қатынасты жылына үш-төрт ретке дейін азайту керектігін айтқан болатын.   tengrinews.kz