Ең үздік Премьер болып Тасмағамбетов таңдалды

14
3629

Қазақстан Республикасының Премьер-министрлер рейтингісі

2013 жылдың желтоқсан айында «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі республика тәуелсіздігінен бастап Үкімет басшыларының кәсіби және іскерлік қасиеттеріне қатысты объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға республиканың саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеп жүрген жоғары тәжірибелі 36 сарапшы қатысты.                          ҚР Үкімет басшыларының кәсіби және іскерлік қасиеттерін бағалау үшін 11 негізгі өлшемдерінің маңыздылығы есепке алынды. Әрбір өлшем 7 балдық жүйемен («1» – ең төмен, «7» -ең жоғары) бағаланды.

Зерттеу нәтижелері орташа балдарды анықтау арқылы SPSS бағдарламасымен есептелді. ҚР Премьер-министерлерінің жалпы рейтингісін есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар (қосу мен орташа арифметикалық балдарды шығару арқылы «салмақтар») қолданылды.

Зерттеу нәтижесі бойынша тұлғалардың кәсибі құзыретінің деңгейі төмендегі кестеде анықталды:

Сарапшылардың бағаларына сәйкес, үштік көшбасшылар анықталды. Олар:

  1. Иманғали Тасмағамбетов (3,20 балл).
  2. Әкежан Қажыгелдин (2,83 балл).
  3. Қасым-Жомарт Тоқаев (2,82 балл).

 

Бірінші орынға қазіргі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ие болды. Атап кетерлік бір жәйт, Тасмағамбетовтың көшбасшы атануы премьер лауазымындағы нәтижелерімен байланысты деп түсінуге болмайды. Себебі басқа тұлғаларға қарағанда оның қызметі аса ұзаққа бармады. Бәлкім, оның сол лауазымда көп отырса, онда біраз жағымсыз бейнелерге ие болар еді.

Оның жоғары көрсеткіштерге жетуі мынадай маңызды факторларға қатысты:

  • Әлі күнге дейін Иманғали Тасмағамбетов Астана элитасындағы ең ықпалды өкілдерінің бірі ретінде есептеледі.
  • Премьер Тасмағамбетовтың халық арасындағы ең жоғары сенімге ие болуы оның түрлі дауларда көрінуін ескермеді.
  •  Сарапшыларға Тасмағамбетовтың өзінің ұстанымын қорғаудағы қаталдығы мен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өзіне алу қабілеті ұнайды (нәтижесінде премьер лауазымынан кетті).

Жалпы бұл факторлар Тасмағамбетовты саяси ауыр салмақтылар арасындағы болашағы бар дегенге мегзейді. Дегенмен де, сарапшылардың көзқарастары бір фактіні ғана ескермейді. Ол – қазақстандық шындықта болашағы бар саясаткер бір мезетте саяси «атып алудың» бірінші үміткері де бола алады. Оған бір мысал – әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Тасмағамбетовтың мұрагерлік бейнесі туралы әңгімелер кең талқылануда.

 

Әкежан Қажыгелдиннің Қасым-Жомарт Тоқаевтан озуы статистикалық қателік шегінде жатыр. Ал жалпы, Қажыгелдиннің рейтингісіне «келешегі» өлшемі бойынша төмен бағалар деңгейі әсер етті.  Егер де, бұл өлшемді зерттеу аясынан алып тастаған уақытта Әкежан Қажыгелдин қазақстандық Премьер-министрлер арасында ең мықты болар еді.

Сарапшылардың бағалары бойынша, Қажыгелдин «Ұлттық экономиканың дамуына жекелей қосқан үлесі», «Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері», «Үкімет жұмысын ұйымдастыру», «Ашықтық деңгейі» өлшемдері бойынша көшбасшы атанды. Бұл өлшемдер жоғары рангідегі мемлекеттік менеджерлердің жетістігін айқындайды.

Сарапшылардың көзқарасы бойынша, Қажыгелдин Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жетістігінің пішінін салды. Өмірлік маңызы бар экономикалық және әлеуметтік реформалар кешенін өткізді. Оның көбісі посткеңестік кеңістікте новаторлыққа теңелді. Сөйтіп, Қажыгелдиннің премьер ретіндегі жетістігі өзіне қарсы ойнады. Бұл фактор қазіргі Президентке қарсы жалғыз ғана бәсекелес болуына ықпал етті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа келетін болсақ, көшбасшылар үштігіне тікелей қазіргі келешегінің жоғарғы бағалары арқасында енді. Сенат Төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың формальды мұрагері бола отырып, ол қазіргі Президент тарапынан жоғары деңгейде сенімге ие болғанын көрсетіп отыр.

Премьер-министр Тоқаев орташа шаруақор ретінде және жемқорлыққа қатысты орташа күдікпен есте қалды. Ол басқа қарастырылып отырған премьерлер (Серік Ахметовтан басқасы, себебі ол үшін бәрі алда) арасында «түрлі жанжалдарда көрінуі» өлшемі бойынша ең төменгі бағаларға ие болды.

Тоқаевтың дипломаттығы мен әдептілігі, экономикалық мүдделердің жоқтығы нәтижесінде оның бейнесі Нұрсұлтан Назарбаевтың формальды мұрагері рөліне сай келетін қазақстандық элитадағы ыңғайлы әрі ымырашыл тұлға ретінде қалыптасты.

Сондай-ақ, «Қазақстанның сыртқы саясаттағы көп векторлық» тұжырымдасының авторы ретінде, ықтимал мұрагер тұрпатында геосаяси ойыншылар арасында аса аллергия қоздырмайды

 

Премьер-министр қызметінде көп отыруына қарамастан, Кәрім Мәсімов сарапшылардың орташа бағаларына ие болды. Бұған оның әлеуетті ауыр сұрақтардан аулақ ұстауы ықпал етті. Мәсімов – қабылданатын шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті бойынша премьер-министрлер арасында ең соңғы орындарында тұр. Қызығы сол, осы қасиеттің жоқтығы саясаткер ретіндегі оның болашақ деңгейі артпақ.

Премьер-министр ретінде Мәсімовтың кадрлық саясатындағы салғырттығы үлкен қамкөңілдік тудырды. Оның ішкі элиталық топтарға жағуы мен саяси бәсекелестер арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмау ұмтылысы қазіргі Үкімет жұмысында мәселелердің жиналуына, түрлі мекемелер мүдделерінің теңдеспеуіне әкеліп соқты.

Бір қызығы, Кәрім Мәсімовтың мұндай жүріс-тұрыс әдеті Президент Әкімшілігінің басшылығында да сақталып тұр. Сонымен қатар, осындай жария емес қызмет қазіргі уақытта үйлесімді болып шықты және ол саяси ықпалдылықтың өсуіне әкеліп соқты.

 

Қазіргі Премьер-министр Серік Ахметов рейтингтің көшбасшыларынан әлдеқайда қалып отырса да, оларға қарағанда, оның әлі де министрлер кабинетінің жұмыс сапасына ықпал ету мүмкіндігі бар. Сарапшылардың пікірінше, соңғы жиырма жылда Үкімет жұмысын ұйымдастыру бойынша Ахметовтың үкіметі ең нашар деп танылды.

Серік Ахметовтың кадрлық саясаты дау-жанжалдарды азайтуға бағытталады. Себебі түйткілді мәселелері көп министрлерге тимейді. Сонымен бірге оның маңызды техникалық орындарға өзінің адамдарын жоғарлату арқылы экономикалық топтамада ықпалы әлдеқайда күшейді.

Серік Ахметовтың жұмысының бір ерекшелігі – ашықтық деңгейінің төмендігі мен Министрлер кабинеті жұмысындағы сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті алу қабілетсіздігі.  Соның салдарынан Ахметов премьер-министр ретінде жүзеге асырылып жатқан экономикалық саясаттағы сындарды өзіне қабылдай алмай отыр. Бұл ауыртпалықты әлі Президенттің өзі алып келеді.

Ахметов Президент сынына орай еш әрекет жасамай отыр. Мәселен, ішімдіктер акциздерін 2015 жылға дейін ұлғайтпау шарасында Президент сыбайлас жемқорлықтың көрінісін сезді. Бірақ та Үкіметтің осыған орай еш әрекеті байқалмады.

Үкімет сәтсіздіктерінің (әсіресе әлеуметтік салада) жиналуы Серік Ахметовтың келешегі бойынша төменгі бағаларымен байланыстыруға болады. Министрлер кабинетінің басқа салаларындағы әлеуметтік шешімдер, ойластырылмаған бастамалар толқыны Ахметовты «азап тұлғасына» айналдыруда. Соңғы өткен вице-премьерлер ротациясы, әсіресе, әлеуметтік салада, түкке тұрғысыз. Осы орында халықпен қызмет ете алатын, аймақтарға жиі шығып тұратын, кәсіподақтармен бірлесе отырып қызмет ететін мықты беделді тұлға болуы тиіс. Ал қазіргі вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықовада мұндай қасиеттер жоқ. Сөйтіп, әлеуметтік саланың «отырып қалуы» Ахметов Үкіметіне кері әсер тигізері анық.

Осыған мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Ахметовтың үкіметіне ақпараттық шабуылы дәлел бола алады. Бұған дейін қызмет еткен премьерлердің ешбірі де мұндай тосын сыйға тап болмаған еді.

Сонымен қатар, сарапшылар Ахметовтың Үкімет жұмысындағы сәтсіздіктерінің жалпы санына сын көтермейтін деңгейде деп бағаламайды. Сондықтан да қазіргі премьер-министрде қателіктерді түзеу үшін уақыты бар.

 

Рейтингтің аутсайдерлері болып Нұрлан Балғымбаев, Даниал Ахметов пен Сергей Терещенко танылды. Аталмыш тұлғалар қазіргі таңда қазақстандық белсенді саясатынан алшақ. Даниал Ахметов Еуразиялық экономикалық комиссиясында маңызды орынға отырса, Нұрлан Балғымбаев пен Сергей Терещенко бизнес ортасында жүр.

Ескеретін бір жәйт, Сергей Терещенко мен Нұрлан Балғымбаевқа қатысты сарапшылардың бағаларын сол уақыттағы қиын экономикалық жағдайлармен түсіндіруге болады. Ал Даниал Ахметовтың бағаларын мұнайдың әлемдік бағасының өсуі мен Қазақстанда мұнай шығарудың ұлғайтылуымен байланыстыруға болады.

Кезінде Нұрлан Балғымбаев батыс қазақстандық элитасының саяси көшбасшысы ретінде көріну талпынысы болған. Бірақ кейін бұл орынды Иманғали Тасмағамбетов немесе Аслан Мусин сияқты ауыр салмақтыларға берді. Оның мүмкіндіктерінің азаюы ірі мұнай шығаратын компанияларға мұнай қызметін беруге бағытталған «Каспий хабы» жобасын (Ақтау қаласы) іске асырудағы сәтсіздігінен көруге болады.

Даниал Ахметовтың позицияларының әлсіреуі жемқорлыққа қатысты даулардан басқа, «Еуразиялық топтың» ықпалдылық деңгейінің төмендеуімен, олардың қазақстандық экономикадан шығуымен байланысты.

Сергей Терещенконың қарапайым мүмкіндіктері Александр Сутягинскийдің «Биоэтанол» АҚ зауытындағы дағдарысы кезінде байқалды. Аталмыш зауыттың 30% акциясы оған тиесілі болатын. Кәсіпорынды азық-түлік спиртін шығаруға қайта өзгерту арқылы сақтап қалуға болар еді. Бірақ та зауыт қожайындары бұл мәселені шеше алмады. Демек, мынадай қорытынды жасауға болады. Терещенко елдің саяси элитасынан ғана шығып  қоймады, сонымен  қатар бизнес ортада шектеулі лоббистік мүмкіндерінің бары анықталды.

 

Жалпы қорытындылар

 

Басты қорытынды – ҚР Үкіметінің бірде-бір басшысы жоғары балдарды иеленбеді (3,5-7 аралығында). Мемлекеттік мансапта екінші орынға ие бұл лауазымның жұмысын сарапшылар қауымдастығы қанағатсыз деп бағалады.

Және мынадай заңдылық – қазақстандық элитадағы премьер-министрлердің орны мен түрлі дау-жанжалдарда көріну өлшемдерінің бағаларының байланысы анықталды. Яғни, тұлғаның саяси салмағы артқан сайын, оның бәсекелес топтар тарапынан сын объектісіне айналады.

Тіпті, «элитада мойындалуы», «кәсіби қасиеттер», «Үкімет жұмысын ұйымдастыру», «дағдарысқа қарсы басқару қабілеті» бойынша жоғары балдарға ие болған көшбасшылардың жалпы рейтингтегі баға аса жоғары болмады.

Әсіресе, сарапшылар соңғы онжылдыққа аса мән берді. 2003 жылдан бастап қазіргі күнге дейін (Даниал Ахметов, Кәрім Мәсімов, Серік Ахметов) кейбір мәселелер созылмалы сипаттамаға ие болды:

  • Министрлік пен әкімшіліктердің бөлінген қаржыны игермеуі. Нұрсұлтан Назарбаев 10 жыл бойы аталмыш мәселені шешу туралы тапсырма берген еді. Бірақ та аталмыш тапсырмаға қадам жасалмады.
  • Қазақстанның ешбір Үкіметі жеке жобалар мен түрлі салалық даму бағдарламаларын жүзеге асыруда мемлекеттік шығынның негізділігін бағалау мәселесін шешпеді. Үкіметтегі бұрынғы құрамның жұмыс нәтижелерін сараптау мәселесі көтерілген жоқ.
  • Бірде-бір Үкімет мемлекеттік бағдарламалар мен даму стратегияларын жүзеге асыру сапасын сараптау мәселесін шеше алмады. Ескі бастамалардың сәтсіздігі жаңа жобалар мен бағдарламаларды тудырады. Бірақ жасақтау әдістемесі, жүзеге асыруы мен бақылауы сол қалпында қалды. Демек, жаңа жобалар да сәтсіздікке ұшырайды. Мәселен, Үкімет Үдемелі-индустриалдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші көшін жүзеге асыруды бастайтынын жеткізді. Бірақ та, бірінші көштің нәтижелері қорытындыланбады. Экономикадағы кластерлер бағдарламасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары бағдарламасы, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының нәтижелеріне қорытынды жасалмағанын да айту қажет.
  • Кадрлық саясатта көптеген сауалдар туындады. Соңғы үш премьер-министр кадрлық шешімдерді қабылдаудан алшақтады: Даниал Ахметов «Еуразиялық топтың» бейресми орнына байланысты болса, Кәрім Мәсімов келісімпаздық саясатты ұстанды. Себебі саяси ауыр салмақтылармен байланысты орнатқысы келді. Ал Серік Ахметовте тек саяси салмақ жетіспейді. Қазіргі таңда парадоксалды жағдай туындады. Кадрлық шешімдерде премьер-министрлердің әкімдер мен ұлттық компаниялардың басшыларына қарағанда еркіндігі әлдеқайда аз. Ал кейбір министрліктер «жекеленген құрылымдарға» айналды. Өз кезегінде олар мәселелерді жинап жатыр. Ол болса, барша Үкімет жұмысына әсерін тигізіп жатыр.
  • Соңғы он жылда Премьер-министр лауазымына үміткерлерді таңдау кәсіби көрсеткіштермен қатар, олардың саяси дербессіздігі көрсеткіші кірді. Иманғали Тасмағамбетовтен кейін Президент премьерлікке дербестігі төмен функционерлерді тағайындауды жөн көрді. Соның салдарынан премьер-министр лауазымының саяси ықпалы азайды. Даниал Ахметов, Кәрім Мәсімов пен Серік Ахметов сынды тұлғаларды тағайындау кезінде техникалық премьер, шаруақор және технократтар ретінде қабылданды.
  • Министрлер кабинетінің жұмысын ақпараттық қолдауы төмендеді. Соңғы он жыл ішінде қарсы пікір білдірушілердің сыни көзқарастарына лайықты жауап бере алатын саяси салмақтың жоқтығынан премьер-министлер ақпараттық кеңістікте жағымсыз ақпараттардың пайда болу қаупін азайтуға мәжбүр болды. Сыннан қашу ұмтылысы салдарынан Үкімет жұмысының ашықтығы төмендей бастады. Ал Кәрім Мәсімовтің премьерлігі кезінде арнайы жасақталған қызметтер ақпараттық ағынмен айла-шарғы жасау қадамдары бойынша шара қолданды. Премьер-министрлердің азаматтармен қарым-қатынас жасаудан бас тартуы нәтижесінде үкіметтің транспаренттілігінің деңгейі төмендеді. Бұл экономикалық саясатты түсіндіру бағытында істеп жатқан Үкімет Президентке салмақ түсіргізді.

Нәтижесінде Министрлер кабинеті жұмысындағы кемшіліктер жүйелі, созылмалы сипаттамаға ие болды. Бірақ мәселелердің жинақталу барысында Үкімет жұмысының эволюциялық өзгерістердің жоқтығы елімізде революциялық жағдайды туғызатын жолы болмақ.

Тік атқарушы биліктің екі маңызды функциясын (мониторинг пен қабылданатын әлеуметтік-экономикалық шешімдерді бақылау) жүзеге асыруда «отырып қалу» үрдісі байқалып жатыр. Бұл функцияларды Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі ішінара орындайды. Ал Премьер-министрдің Кеңсесінде аталмыш бөлім жоқ. Сондай-ақ, ұлттық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуын талдайтын аталмыш бөлімнің жасақтау қажеттігі анық. Соның жоқтығынан Үкімет Президент Әкімшілігі тарапынан жиі сөгіс алып, «ұруға арналған бала» кебін киюде.

Жағдайды жақсарту мақсатында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мынадай ұсыныстарды ұсынады:

  • Премьер-министр Кеңсесі құрылымында ұлттық/салалық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуын талдау Бөлімін құру;
  • Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобаларды, шығындарды дайындап қоюын тексеру үшін Президент Әкімшілігі құрылымында Бақылау-тексеріс бөлімін жасақтау (көлеңкелі экономика мөлшерін азайту үшін);
  • Кадрлық саясатты жүзеге асырғанда Үкімет басшысына кең еркіндік беру арқылы бұрыс кадрлық шешімдер үшін жауапкершілік шегін айқындау;
  • Үкімет басшыларының ашықтығын арттыру, Министрлер кабинетінің негізгі жұмыстары мен бастамалары бойынша брифингтерді енгізу.

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің келесі зерттеу нысаны    ҚР Президент Әкімшілігінің жұмысы болмақ.

 www.qazaquni.kz

 

14 ПІКІРЛЕР

  1. Елбасымыздың Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов,Бауыржан Момышұлы,Мәулен Ашимбаев,Тоқтар Аубакиров,Ғани Қасымов,Қайрат Мами сияқты он тоғыз көмекшісі болса Ұлт Көшбасшысының жұмысы жеңілдеп,әр қайсысы өз міндеттерін ескертусіз жоғары дәрежеде атқарып барлық салмақ бір өзіне түспес еді

  2. Алматы iшi кептелiс,
    Кептелiс, зая кеткен Iс.
    Қайнаған қала iшiнде,
    Кептелiп жатыр көп «кебіс».
    Көп «кебістің» иесі,
    Жасап жатыр көп керіс.
    Көп керістің аяғы,
    Бiтпейтугын төңкеріс.
    Бiрiн бiрi ұқпайды,
    Қара ма, ақ па, он, терiс.
    Тар жолға бәрің тығылмай,
    Айналма жолмен жүріңдер,
    Имекем салған теп тегіс,
    Қарап тұрсаң көше емес,
    Өмірдің өзi кептелiс!

  3. Тап әкеңнің.., нақ шешеңнің… «Аты мен руын құл жасырады»-дейді халық мақалы. Ендеше атын айтуға қалтырап отырған шакал, сен құл болмағанда кім болады, миғұла?

  4. Құл сенсің шешең… Менің Қазыбекте шаруам жоқ, мен оны түсінемін. Менің шаруам сен сияқты иттерде болып тұр ғой!

  5. Сен атын жасырған құл, Қазыбектің қамшысын жеген, менің та…аяғымды жеген мәңгүрт шығарсың… Қазыбек секілді нағыз ұлтшылды қоштамағанда сен сияқты орысқұлды қостауым керек пе? Тасадан тас атқаннан басқа қолыңнан не келеді сен бейшараның…

  6. Махам… Енді бізге Иманғали секілді ұлтшыл қайраткер басқармаса, осы құрығанымыз- құрыған, кеткеніміз – кеткен…
    ************************************************************
    Сен қайда кеттің…?! Неге бірінші болып пікір жаздың?, бірінші Қазыбек жазуы керек еді, содан соң сен қостайсың, Қазыбектің Құйыршығы ретінде!

  7. Камал қажы.»Жігітте де, жігіт бар, азаматы бір бөлек» деген аталы сөз мына сараптан мың жыл бұрын айтылса да, маңызын жоймағанын қараңызшы. Имекең бір бөлек, қалғаны бір бөлек.
    Іляс Жансүгірұлының айтқаны бар еді:
    «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
    Ел, тегі, қайдан алсын кемеңгерді»
    деп.
    Азаматтың басы аман, бауыры бүтін болуын тілейік.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз