Әкімшіліктің алдына "ішкиім" іліп кетті
2014 ж. 20 қаңтар
1321
0

Бұл әрекетiн суретшi былайша түсiндiредi: “Биылғы жылды тағы да “Мәдениет жылы” деп атады емес пе. Үкiмет бұған миллиондаған ақша бөледi. Ал бұл қаржы мәдениет пен өнер дегеннiң не екенiн мүлде түсiнбейтiн шенеунiктер мен алыпсатарлардың қолына түседi. Бұл қаржы түрлi фестивальдер арқылы жымқырылады, бiзге шетелдiк гастролерлердi әкеледi, олардың алдында құрақ ұшып жүргенi. Ал өзiмiздiң тәуелсiз суретшiлер мен әртiстер, музыканттар тегiн жұмыс iстеп, нанын әрең тауып жүр. Бұл бiздiң суретшiлер өзiмiзде өнер болуы үшiн соңғы ышқыры мен көйлегiн шешiп, жалаңаш қалады дегендi бiлдiредi. Шенеунiктердiң көз алдына дамбал iлгенiм де содан. Бiзде бәрi керемет, елдердiң бәрi бұған көз жұма қарайды деп ойламасын. Мәдениет саласын нелiктен шенеунiктердiң басқарып отырғанын әлi күнге дейiн түсiнбеймiн”, – дейдi П.Кас.
"Жас Алаш"