БҮГІН МЕРЕЙ ҚЫЗ БАРА АЛМАҒАН МЕРЕЙТОЙ...

zamanbek 1 Бүгін Алматыда дүрілдеп той өту керек еді... Бүгін Қалдыбек Құрманәлі таңғы жетіден бастап, телефонмен біреулерді боқтап-балағаттап, той ұйымдастыру қамымен жүігіріп жүрер еді... Бүгін талай ақын-жазушы кешке сөйлейтін сөздерін дайындап, той иесіне жабатын шапан-шекпендерін әйелдеріне қайта-қайта үтіктетіп әуреге түсер еді... Бүгін кейбір пысықтар мерейгерге қымбат көліктер сыйлайтын еді... Бүгін Жетісулық бір дөкейдің арнайы шақыруымен тойға келген "Доктор Албан" мен өзіміздің Нұрлан Албан дуэт құрып, "Бір ауыз сөз" әнін орындар еді... Бүгін Мерей атты кішкентай қыз сүйікті әкесіне арнап тосын сый дайындар еді... Бүгін Мақпал Жүнісова мерейтой иесімен бірге оншақты рет ән шырқар еді... Бүгін Заманбек Нұрқаділов 70 жасқа толар еді... Егер ол кісінің көзі тірі болғанда... P.S. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, маңдайға сыймай кеткен романтик аға!!!
Серік Абас-шах