Бақыт Сыздықова "Нұр Отанға" 7 млн теңгені қайтара ма?!

afe3fcfeb45bea99e0c0a27ccec280f2_400_400Экс-депутат Бақыт Сыздықова "Нұр Отан" партиясына тиесілі 7 миллион теңгені әлі күнге дейін қайтарған жоқ. Бұл туралы  "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді. Билік партиясы да - "Сыздықова берешегін қайтармайынша, оны партия қатарына алу мәселесін қарастырмаймыз", - деп бекініп отыр. "Ол қарызын қайтарған соң ғана біз оны партияға қайта алу-алмау мәселесін қарайтын боламыз", - деді ол. Сондай-ақ Бауыржан Байбек бүгінге дейін "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің атауы "Жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі кеңес" болып өзгергендігін мәлімдеді. Ал кеңестің төрағасы болып мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов тағайындалса, Оралбай Әбдікәрімов оның орынбасары болып бекітілді.

7 арна