Түркияның Кедендік одаққа қосылуы Кеңес Одағын құру идеясын жоққа шығарады

5
2827

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік Одаққа Түркияның қосылуын қостайды. Оның айтуынша, бұл Кедендік одақ астарында Кеңес Одағын қайта құру идеясы жатыр деген алып-қашпа әңгімелерді тыюға көмектеседі.

«Түркия президенті Кеденік одаққа қосылу туралы өтінішін білдірді. Түркияны одаққа қосайық, осымен әңгіме бітеді», – деп ұсыныс жасады Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев КО пен БЭК-тің кеңеюі барлығына бірдей ережемен жүзеге асуы қажет. Қазақстан Қырғызстан мен Арменияның сәйкес ниеттерін қолдайды, алайда олардың одаққа қосылуы келісімшартта көрсетілген талаптарға сай іске асуы керек. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) тарату қажет деп есептейді, себебі Ресей, Беларусь пен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрғаннан кейін оның бірқатар міндеттерін қайталайтын ұйымның қажеті болмай қалады, деп хабарлайды РБК. «Бұл ұйымның бізге қажеті жоқ, оны жабу қажет, осы дұрыс», – деді Н.Назарбаев Минскіде өтіп жатқан Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында.

ЕурАзЭҚ құрамындағы, бірақ ЕАЭО-ға қосылуға асықпай отырған Қырғызстан мен Тәжікстанды, Н.Назарбаевтың пікірінше, бақылаушы мемлекет ретінде Кедендік одақ құрамына қосуға болады, ал Армения Кеден одағының толыққанды мүшесі бола алады.

Осы орайда Н.Назарбаев Кедендік одақ құрамына Түркияны қабылдау қажеттігін алға тартты. Оның пікірінше, бұл шешім Кедендік одақ аясында келмеске кеткен Кеңес одағы құрылып жатыр деген алып-қашпа әңгімеге нүкте қояр еді.

Өз кезегінде Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгінгі отырыстың ең басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың жобасын құру екенін еске салып өтті.

«Жаңа ықпалдастық ұйымының болашағы мен оның өзге елдерге тартымдылығы біздің қабылдайтын шартымызға байланысты болады. Сондықтан біз барлығының мүддесін қамтитын құжат жасауымыз қажет. Арамызда шешілмей қалып жатқан даулы мәселелерді шешу үшін бір-бірімізді жағамыздан алып, сілкілегенше, келісілген шарттарға қайшы келмей, алға жылжу үшін бұл міндетті өзара тиімді шешімдер қабылдай отырып, мүмкін кейбір тәуекелдерге негізделе отырып, қысқа уақыттың ішінде арнайы мамандарға, үкіметтерге тапсыру керек» , – деді А.Лукашенко.

Ал Ресей Президенті Владимир Путин өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта қазіргі Кеден одағымен салыстырғанда мүше-мемлекеттер ықпалдастығының әлдеқайда жаңа сапасы көрініс табуы қажет екенін алға тартты. Оның айтуынша, шартта мүше-мемлекеттер ықпалдастығының ұзақмерзімді мақсаттары қамтылуы қажет.

5 ПІКІРЛЕР

  1. Ардақты ағайын!
    Бүгін біздің елімізде, барлық қалалар мен ауылдарда ұлы той, біз ұмытылмас тарихи күнді атап өтіп жатырмыз – туған Қазақстанымыздың Тәуелсіздігінің жиырма үш жылдығы.
    Екі онжылдық бұрын мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдай отырып, біз тарихи дамуымыздың жаңа белесі – нарықтық экономикаға әлеуметтік бағытталған, халқымыздың сан ғасыр аңсаған еркін және тәуелсіз өмір сүретін, ашық демократиялық мемлекет құруға қадам бастық.
    Құрметті отандастарым, сіздерді осынау барлығымыз үшін ең ұлы, ең қымбат мерекемен құттықтау және қошеметімді көрсету үлкен рахат сыйлайды.
    Жылдар тізбегі, тұтас дәуірлер өтер, бірақ бесмыңжылдық тарихында талайды басынан өткерген халқымыз үшін өміріміз бен санамызды өзгерткен Қазақстан тәуелсіздігі ел тарихында үлкен масштабты оқиға ретінде қалады және ешқашан өзіндік құндылығы мен мәнділігін жоғалтпайды.

    Құрметті достар!
    Құдай берген осы сыйдың, яғни Мемлекеттік тәуелсіздіктің арқасында бізде мыңдаған жылдардан кейін ұлттық түпнұсқалылығымызды, тарихымызды, тілімізді, мәдениетімізді, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарымызды, жалпы, өзіміздің ұлттық болмысымызды өте маңызды миссияны орындау мақсатында, яғни, демократиялық, құқықтық, зайырлы, тәуелсіз және еркін мемлекеттің жаңа қоғамын құру, бүгінгі және келер ұрпақтың бақытты өмірін құру мақсатында жандандырдық.
    Міне, егемен Қазақстанның тәуелсіздік арқасында өз тағдырын құрып жатқанына, өміріміздің жаңа мән-мағынаға ие болғанына, күн сайын пәтер-үйлеріміздің, қалаларымыздың, ауылдарымыздың тыныштығы ұлғайып келе жатқанына 23 жыл. Жасыл қырларымыз бен тауларымыздың тамаша шыңдары тәелсіздік сәулесімен нұрланып тұр.
    Бүгін, еркін мемлекеттің негізгі атрибуты, намыстың, отаншылдықтың нышаны, жайлы өмір кепілі, күнделікті өміріміздің күш-қуаты саналатын тәуелсіздіктің ең асыл және қымбат сый екенін Қазақстанның айтулы да намысшыл халқы терең түсінеді.
    Сондықтан, қуана да мақтана, шын жүректен тәуелсіз және егемен Отанымыздың тұрғындарын, әлемдегі бар қазақты осы айтулы да асыл мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жұлдызы әрқашан жарқырай берсін деп тілеймін.
    Еркіндіксүйгіш бабаларымыздың мемлекет пен мемлекеттілікке ие болудың сан ғасырлық үміттер мен армандарының бітпес күрестер нәтижесінде орындалып, сіз бен біздің бүгінде тәуелсіз ұлттық еліміздің бар екеніне қуануымыз қажет.
    Бабаларымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке бағытталған барлық талпыныстары мен үміттерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі мәңгілік құнды тарихи, мәдени дәстүрлерімізге, тілімізге және әдебиетімізге ие болуға себепкер болды. Біз 21 ғасырдың басында өмір сүріп жатырмыз, ұлтымыздың ең асыл және ең жоғары жетістігі – бостандық пен тәуелсіздік екенін ұмытпауымыз керек және еркіндіксүйгіш және отаншыл бабалар кітабының атаулы беттері мыңдаған ержүрек отаншылдардың қанымен жазылған.
    Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңі ежелгі тарихымыздың тереңінен басталады және әрқашан оның қуатымен нәрленеді.
    Тәуелсіздік пен ұлттық бірлік халқымыз бен мемлекетімізге ұлы күш берді, саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің дамуына игі жағдайлар жасады. Біз бүгін Қазақстанның қысқа уақытта егеменді ел болғанын нық сеніммен айта аламыз.
    Тәуелсіздік Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа, ал әлемдік қауымдастықты Қазақстанға жақындатты. Салмақты және жан жақты қазіргі саясат пен өзара тиімді серіктестіктің кеңеюі Қазақстанның әлемдік аренадағы мәртебесі мен бейнесін асқақтатты.
    Қазақстанның көптеген мемлекеттермен, беделді әлемік ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара тиімді серіктестігі әлемдік аренадағы тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесінің жоғарылауының берік негізін қалады.
    Қазақстан Республикасының өмірге келуі – біздің көпғасырлық арманымызды іске асыра алатындығымыздың анық дәлелі. Тәуелсіздігімізді жариялау да – біздің алдымызға ең үлкен және қиын мақсаттарды қоя алатындығымыздың және оларды шеше алатындығымыздың дәлелі. Осы күштің тамырлары ғасырлар тереңінен жайылды. Біз өз күшімізге, біріккен талпыныстарымызға, ішкі келісімге, өзара сыйластыққа, кеңпейілділікке сенгенде, осы күштің ағашы гүлдеп, әрқашан жемісін береді.
    23 жылда біз үлкен жолды жүріп өттік – тәуелсіздік жолы, егемендік жолы, еркіндік жолы. Тәуелсіз Қазақстан мәңгілік өмір сүретін болады. Осындай 20 жылдықтар 1120, 3220, 5520 жылдық болып жалғаса береді. Біздің тәуелсіз мемлекетіміз мәңгілік өмір сүреді. Қазақстанның қандай негізде басқарылатыны бізге байланысты. Бүгін қаланған негіздер – тәуелсіздік, егемендік, демократия, мықты экономика, әлеуметтік әділеттілік принциптері – мемлекеттіліктің негіздері болып саналады.Мықты ұлттық идеология, ұлттық рух, ұлттық құндылық – бізге жол көрсететін принциптер. Көп нәрсе бізге байланысты. Тәуелсіз, еркін болу – бұл үлкен бақыт. Алдыңғы ұрпақтар ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандап өмір сүрді және өмірден өтті. Оларға осы тәуелсіздікті көру бақыты бұйырмады. Біз, біздің ұрпақ – бақыттымыз. Біз тәуелсіздікті көріп қана қоймай, оны нығайтып жатырмыз. Тәуелсіз мемлекет Қазақстанды алға жетелейміз. Бүгінгі Қазақстан халқымыздың еңбегі мен таланты арқылы қалыптасты. Барлығы бізге байланысты. Әр азамат, Отанын сүйетін әр адам өзінің еңбегі мен кәсіптілігі арқылы туған мемлекетін нығайтуға тырысуы қажет.
    Қазақстан – барлығымыздың, ата-анамыз бен бабаларымыздың армандары елі, балаларымыз бен немерелеріміздің үйі; және осы елдің негіздерін біз нығайтамыз. Қазақстан шын көңілден барлық балаларын сүйеді және оларды бөлмейді.
    Біздің шындыққа айналған арманымызға жиырма жыл. Бүгін еркін де тәуелсіз Қазақстанға жиырма жыл. Бүгін қазақ үшін бұдан асқан абырой мен масаттану жоқ.
    Біз жаңа мемлекет құрып жатырмыз. Мықты дәстүрлерге, мықты құндылықтарға, ұлттық-рухани құндылықтарға негізделген мемлекетті сәтті құрып жатырмыз. Осы 23 жылдар барысында қазақ халқы азаматтық тілектестікті көрсетті. Осы жылдары қазақ халқы өзінің қаншалықты ұлы екенін көрсетті. 23 жылда біз көптеген табыстарға жеттік. Осы табыстарды ұлғайтатынымызға сенімдімін, еліміздің жан жақты дамуы үшін еңбек етеміз, одан әрі күшті және тамаша ел құрамыз. Осы істе барлықтарыңызға табыс тілеймін.
    Бүгінде біз бар даусымызбен еш қобалжусыз тәуелсіздік жолында кездескен талай қиындықтар мен кедергілерді бастан кешірсек те, елге қанша қауіп-қатер төнсе де тәуелсіздік идеясына адал болдық, Қазақстанның құндылықтарын бәрінен жоғары қойдық, таңдаған жолымыздан таймадық және таймаймыз да.
    Жаңа өміріміздің құрылысының алғашқы күнінен бастап шынайы еркіндік пен дербестікке қол жеткізу – ол тәуелсіздікке ие болу ғана емес, оның қалыптасуы, саяси және экономикалық тұрғыдан нығаюы, әлемде лайықты орын мен құрметке ие болуы болып табылады.
    Осындай игі мақсаттардың орындалу жолдары барлығымызға айқын – ол көпті көрген батыр да еңбекқор халқымыздың барлық табиғи ресурстарын, бай өндірістік және зияткерлік әлеуетін, ақылы мен күшінің арқасында әлемдік қауымдастықпен серіктестікке арқа сүйей отырып дамыған демократиялық мемлекеттер тізіміне ену.
    Халқымыздың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру жолындағы басты басымдылық – ел өмірінің барлық салаларындағы демократиялық жаңарудың, либерализацияның және модернизацияның жүйелі жылдамдауы.

    Қадірлі отандастар!
    Отан жетістігіннің негізі неде деген сұрақа әрқайсымыз ол ең алдымен Тәуелсіздік, халқымыздың күнделікті жанкешті еңбегі, адамдар санасы мен ойлауы, олардың ертеңгі күнге сенімі, игі армандары мен талпыныстары деп мақтанышпен және сеніммен жауап береміз.
    Осы игі жерде өмір сүріп жатқан отандастарымыздың бүгінде бастарын тік ұстап Отанымыздың қол жеткізген табыстары мен шекараларында оның да еңбегі мен лайықты үлесінің бар екендігін айтуға құқығы бар.
    Осы жоғары мінберден бізге әрқашан қатысты және бізбен қатынасатын, көмектесетін шетелдік достарымыз бен серіктестерімізге, серіктес елдер мен халықтарға үлкен алғыс, бақыт пен гүлдену сияқты игі тілектерімді жеткізуге рұқсат етіңіздер.

    Құрметті қауым!
    Жеткен жетістіктеріміз жайлы, тәуелсіздіктің арқасында алдымызда ашылған жаңа көкжиектер мен мол мүмкіндіктер жайлы көп нәрсе айтуға болады. Тәуелсіз Отанымыздың шежіресінде мәңгілікке жазылатын ұлы жетістіктеріміздің ішінде өлшенбейтіні және құндысы – ол үйлесімді және жан жақты дамыған, еркін, отаншыл, талантты және креативті, физикалық және рухани сау, жаңа білімдер мен мамандықтарға ие, дербес ойлай алатын, өміріміздің шешуші күші саналатын, ең бастысы, елінің болашағы үшін жауапты жас ұрпағымыз.
    Дәл соларға, еліміздің албырт та күшті бозбалалары мен бойжеткендеріне айтарым: жаратқанымыздың нәсіп еткен керемет те қайталанбас Қазақстан сияқты жерінде туу және өмір сүру бақыты барлығына бұйырмаған. Менің ең басты тілегім – осы өмірлік маңызды шындықтың жандарыңыз бен жүректеріңіздің тереңіне бойлауы. Әрқашан туған жерге деген махаббат пен адалдық сезімдеріңіз болсын.
    Біздің киелі парызымыз бен ізетіміз – талай қиын кезеңдерді, сынақтарды бастан кешіп, атамекен бостандығы үшін өздерін құрбан еткен, атамекенді келер ұрпаққа сақтап қалған бабаларымызға, әкелерімізге деген құрмет.
    Әрқайсымыздың құрметті міндетіміз – өзімізді, қажет болса өмірімізді құрметті Отанымызға, оның игілігі мен ұлы болашағына арнау деп айтсам, қателеспеймін деп санаймын.
    Құрметті достар, қадірменді отандастар!
    Сіздерді ойша құша отырып, шын жүректен тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын және денсаулық, бақыт, табыс, отбасыларыңызға молшылық және игілік тілеймін.
    Қасиетті және тамаша Отанымыз мәңгілік жасасын!
    Елімізде әрқашан бейбітшілік пен ашық аспан орнасын!
    Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
    Қазақ халқы жасасын!

  2. Түрктер алып-сатар саудагерлік саясат жүргізеді. Егемендік алған жылдары Өзбекстан Түрктермен жақсы қатнас орнатқан. Түрктер зар қақсатты өзбектерді ғой 1-2 жылда. Соң Өзбекстан Туркиямен экономикалық қатнасты дерлік тоқтатты, бүкіл түріктерді Өзбекстаннан қуып шықты, түрктердің Өзбекстандағы барлық бизнесін мемлекет пайдасына алды.

    Туркияда экономика Россия мен Белоруссиядан күшті болмағанмен, Қазақстаннан күшті ғой. Қазақстанды енді түрік өнімдері мен саудагерлері басып кетеді.

    Қазақстан басшыларында соңынан елді бүлдірген түрктерді түгел елден қуып шығуға ерік-жігері жетпейді. Қазақстан жағдайы жақсы болмайды гой.

    Осы орысықа да, қытайға да, түрікке де, басқаларға да жалтақтамай тыныш өмір сүру мүмкін гой.

  3. Түркия қосылса Әзербайжан да қарап қалмас еді. Сонда нағыз экономиалық одақ болар еді. Алайда оған Ресей көнбейді ғой. өйткені, ол өзінің доминанттық рөлінен айрылып қалады. ТМД елдерінің арасында бүгінгі күні Ресейден кейін қатты дамып келе жатқан Әзербайжан.

  4. Елбасы келешектің қамымен айтып жатыр, егер 80 млн. халқы Түркия кіретін болса, Ресейдің мысы басыла бастайды, (нарықтық басымдылықта, тауар айналымындағы әділ бәсекелестікті тудырмай отырған ішкі нормоотивтік актілер, басқа салалардағы қырсық әрекеттері «Байқоңыр» ғарыш айлағы, играциялық мәселелер сияқты) екіншіден ата жауы Түркия тарихи тұрғыдан мамалатқан мемлекет ұлы Ресей империясын (есіне түсіріп тұрады амандасқан сайын). Оның үстіне Түркия елінің артында АҚШ тұр, геосаяси жағдайдан қарағанда корольдің артында тұзды ұстап тұрған карта ойыны іспеттес. Бізге не береді десек, аюдың қарқынын басады, біздің мүддемізде тепе-теңдіктің сақталуы ескеріледі, екіншіден 2016 жылдан кейін де жаңа орынтақтың басын ұстауға қолдаушылардың саны көбееді және т.б.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз