Азат Перуашев: Техникалық реттеу – Кедендік одақта бәсекелестіктің маңызды алаңы болады

Азат-Перуашов1Техникалық реттеу – Кедендік одақта бәсекелестіктің маңызды алаңы болады. Осы саладағы мемлекеттік саясатты нығайту бойынша кезек күттірмейтін шаралар қажет. Бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына жазылған фракцияның депутаттық сауалында техникалық реттеуде құжаттарды дайындау, талқылау және қабылдау және осы мақсатта стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (МАК) қызметін ақпараттық қамтамасыз ету Орталығын құруға отандықты бизнесті тартудың қажеттілігі туралы сөз болды. Мұндай Орталықты ашу туралы шешім Астана қаласына орналасумен МАК-тің 43 отырысында қабылданғанын естеріңізге саламыз. Оны құрудың құны 175 млн. теңгеге бағаланады. Алайда, қолда бар мәліметтер бойынша «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында бұл Орталықты құруға қаражат қарастырылмаған. Фракция депутаттары бюджеттің кейбір шығыстарын қайта бөлу жолымен бұл қаражатты табу қажет деп есептейді. Жыл сайын республикалық бюджеттен эпизодтық, ведомстволық сипаттағы әртүрлі стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қомақты қаражаттар бөлінеді. Мәселен, ТЖМ бойынша өрт сөндіру және өндірістік қауіпсіздік саласына стандарттарды және басқа да НҚА дайындауға 115 млн. теңге жұмсау жоспарлануда. Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері саласында нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға 2014 жылға – 4,1 млрд. теңге, 2015 жылға – 4,2 млрд. теңге, 2016 жылға – 2,8 млрд. теңге қарастырылған. Тек қана 2014 жылға әртүрлі ведомстволармен нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуде 5 млрд-қа жуық теңге жұмсалу жоспарланып отыр. «Аталған қаражаттар кешенді нәтиже бермейді және техникалық реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізудің орнына жеке үзінділермен шығады, – деп атап көрсетті «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашев. – Оның үстіне, 2 жылдан кейін экономиканың барлық салалары іс жүзінде Кеден одағының стандарттары мен техникалық регламенттеріне көшетін болады, яғни, бүгінгі жұмсалып отырған миллиардтар маңыздылығын жоғалтады». Техникалық реттеу мәселесінің отандық бизнестің тек КО нарығында емес, сонымен қатар, ішкі нарықта да бәсекеге қабілеттілігі үшін басымдылық мағынасының бар екеніне Азат Перуашев сенімді, себебі, КО-тың техникалық регламенттерін және мемлекетаралық стандарттарын қолдану Кеден одағының аумақ­тарының барлығында және Еура­зиялық экономикалық кеңістігінде міндетті сипат алатын болады. Сауалда біздің келісімгерлердің КО құру сатысында барлық үкімет басшыларының арасында, Ресейді қоса алғанда техникалық реттеулерде біршама алға басқан және Халықаралық талаптарға жақын қазақстандық тараптың ұстанымы негізге алынатыны туралы келісім болғандығына қарамастан, пікірта­лас­тардағы енжарлығы атап көрсетіледі. Қазір техникалық реттеулердің шарттарын қабылдау жөніндегі келісім барысында бастамашылдық Ресей және Белорусь жағына өткен, ал Қазақстанның қатысушылығы ресейлік және белорустік әріптестердің өздерінің өндірушілерінің мүдделеріне сай дайындалған жобаларды талқылаумен шектелген. «Бұл отандық бизнестің мазасыздығын туғызып отыр, себебі бастамашылық ұстанымның жоқтығының нәтижесінде қазақстандық өнімдер Ресей және Белоруссияның нарығына ғана шықпай қалмайды, сонымен бірге, тіпті, Қазақстанның өзінің аумағында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады, – деп айтылады сауалда. – Егер дер кезінде шара қабылданбаса, бұдан әрі біздің бизнеске отандық өндірушілер үшін емес, бәсекелестер үшін жайлы тәртіп бойынша жұмыс істеуге тура келеді». «Ақ жолдықтар» техникалық реттеулердің маңыздылығын бағаламау, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін жүзеге асыруға және отандық бизнестің дамуына ұзақ уақытқа және жағымсыз әсерін тигізетініне сенімді. Осы жағдайларды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды және техникалық реттеу жөніндегі кешенді қызметтерді ұйымдастырушылық және институционалдық нығайту мақсатында жоғарыда көрсетілген бюджеттің шығыстарын қайта бөлуді, оның ішінде 175,6 млн. теңге сомасындағы қаражатты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетіне Стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (МАК) қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету Орталығын құруға бөлуді табандылықпен ұсынады. Сонымен қатар, фракция депу­­таттары үкіметті ұлттық өндіруші­лердің мүддесіне техникалық рет­теу­дің бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мақсатында әртүрлі министрліктердің және ведомстволардың жұмыстарын жетілдіру туралы мәселені зерттеуді ұсынады.