Қазақстандағы жаңа кадрлық өзгерістер
2013 ж. 14 қазан
1434
0
Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шетелдегі екі Елшісін тағайындады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардарда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және басқа да тағайындауларға шолу жасайды.
Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф 1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1990).
ҚазАқпарат