«Ақ жол»: Оралмандар көші жолға қойылуы керек!

8
2015

 

«Ақ жол»: Оралмандардың көшін дұрыс ұйымдастырып, отандастарымыздың елге оралуын, олардың жаңа өмірге тезірек бейімделуін реттейтін жүйелі шаралар қабылдау қажет.

 

Бүгінгі күні Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ жариялаған этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу саясатын жүзеге асыруда Үкіметтің кейінгі кезде салғырттық танытып, бұл үдерісті уақыттың талабына сай жаңа тәсілдермен жаңғыртып, дұрыс ұйымдастыра алмай отырғаны ешкімге де жасырын емес. Осыған орай, 2013 жылдың 6-шы маусымында «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы этникалық көші-қонды реттеу мәселелеріне қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда, шет елдердегі қандастарымыздың көшу үрдісінің тоқырап қалғандығына алаңдаушылығын білдірген «Ақ жол» депутаттары қазіргі таңда оралмандардың Қазақстандағы жергілікті елмен біртұтас болып кірігіп кетуіне кедергі келтіріп отырған мәселелерді жіліктеп атап, Үкіметтен отандастарымыздың елге оралуының, ел өміріне тезірек бейімделуінің жүйелік шараларын қабылдаудың қажеттілігін талап еткен еді.

Осыған байланысты Үкіметтің берген жауабында іс жүзінде «Ақ жол» партиясының көтеріп отырған мәселелерінің орынды екені, бұл іске мүлдем жаңаша келудің қажеттігі мойындалған. «Елдің заңнамасында аталған саясатты іске асыру жылдарында оралмандарды қатаң түрде әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша орналастыру жүргізілген жоқ. Қазақстан аумағында тұрғылықты тұратын жерді тек оралмандардың өздері өз қалаулары бойынша таңдады». Оралмандарды тиімді орналастыру мәселесін шешудің бірден-бір жолы «Нұрлы көш» бағдарламасы болып саналған. 2009-2011 жылдар ішінде бағдарлама бойынша 2604 үй, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Шығыс кентінде 463 үй тұрғызылған. Алайда, депутаттық сауалға Үкімет жауабында айтылғандай «Бағдарламаның пилоттық жобаларын іске асыру қорытындылары оралмандардың көбінің табыстары болмағандықтан немесе жеткіліксіз болғандықтан, олардың ипотекалық кредит алу тетігіне қолжетімсіздігін көрсетті»

Бұған қоса, Үкімет «оралмандардың жинақы түрде бір жерге орналастыру қағидаты тиімсіз болып шықты, бұл қағидат олардың оқшаулануына, Қазақстандық ортаға әлеуметтену процесінің қиындауына әкеліп соқты» деп, «ақжолдықтар» талдау-пайымдарына ұқсас пікір білдірген. Бұл «…бір жағынан жергілікті халықтың көшіп келген этникалық қазақтарды әркелкі қабылдауына, екінші жағынан оралмандардың психологиялық тұрғыдан дайын дайын болмауына және өздері келген елдердің әдеті бойынша өмір сүруді жалғастыруына байланысты».

С. Ахметов қол қойған жауап былай тұжырымдалыпты: «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде».

Әрине, Үкіметтің аса маңызды ұлттық мәселелердің бірінің тиімді шешілуіне ұмтылып, жаңа әдістер мен тәсілдемелер қарастырып жатқаны көңілге жылылық ұялатады. Дегенмен, «көп болып пішкен тон келте болмас». «Бар қазақ, бір қазақ» ұстанымындағы «Ақ жол» партиясы оралған отандастарымыздың мүддесін қорғаудың тиімділігін қалай арттырамыз деген мәселені әлде де жұртшылықтың талқысына  салып, тиянақтап, пісіріп, түбегейлі шешу үшін, бұл тақырыптағы пікірталастарды бұқаралық ақпарат құралдарында жалғастырып, онда айтылатын тың ұсыныстар мен пікірлерді Үкіметтің қаперге алғаны жөн деп санайды.

 

10 қыркүйек 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»

Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

www.qazaquni.kz

8 ПІКІРЛЕР

  1. » Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек »

    Сухан уә Аллаһу тағала Мұқажырлардың (змигрант- оралмандарды) мәребесі туралы адамзатқа түсірген әлемнің ақыл кітәбі «Құанный кәрімнің» Әлйғымыран сүресінің 195 аятында :——————- парасатты ақыл иелеріне

    АСА ҚАМҚОР , ЕРЕКШЕ МЕЙІРІМДІ АЛЛАҺТЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН .
    » Ер болсын әиел болсын Мен жақсылық істеушінің дұғасын (амалын)зия қылмаймын. Үйткені, Сендер туыссыңдар, бір – біріңнен өсіп өнгенсіңдер. Әсіресе ДІН жолында (кәпірлердің қысымын көріп амалсыз)қоныс аударғандардың, мекенінен қуылғандардың менің (АЛЛАҺТЫҢ) жолымда жапа шеккендердің ,(кәпірлермен) соғысқандардың соғыста шәйіт болғандардың (үлкенді -кішілі қателіктерін)сөзсіз жойып жіберемін.(мұхажырлық тағдырдағы жәбір көріушілерді) іргесінен мөлдір бұлақтар ағып тұратын жәннатқа кіргіземін. Бұл МЕНЕН (Алладан) берілген мәртебелі сауап Алланың алдындағы аса қайырлы да қастерлі сауап міне осы» ———————————————————
    Ал Дихан Қамзабекұлы егер сен нағыз ғалым болсаң , аузыңда «иман кәлймаң» бар болса; Алладан түскен ақыл -пәрманді зейін қойып оқып шық ! Бұл бір ;Екіншіден.- Халықаралық қауымдастық Адам құқықтары мәселесінде МҰХАЖЫРЛАР (эмигранттар) мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Ал қытый мен моңғұлядан келген қазақтарға , Голашакин мен Джержинскидің қанды пышағын ала жүгірген топас сен ғалым емес залым екенсің . ұлты ҚАЗАҚ эмигранттардың ұлттық нышанын тартып алатын қандай есіалаң надан сорлы едің ? Мүмкүн Голашакин мен Джержинскидің құда жегіжаты шығарсың! Дегенмен дәл сен бар-ғой, ең кемінде 1937 -жылдардағы Мәскеулік КГБ жендеттеріне қызмет көрсеткен лақса тыңшылардың адал мұрагер -мүриті шығарсың? Кім
    болсаң сол бол сенің атың – «ғасыр топасы» болыуға сұранып-ақ тұр.Өзің әпер бақандықпен оралмандармен төбелесіп қалған даңғой неме, тұтас МНР мен КНР-дағы 3.5 милион қандастарымызға Голашакиннің көк қылшын сермейсің.Біле білсең халықтың қарғысына қалған сен секілді руханый қаныпезерлердің тұқымы тұздай құрып кеткен еді,Қ Р-да тәуелсіздік таңы атқалы 21 жыл болды . Осынша уақытта мыиыңа бір мысқал ҚҰРАН сөзі немесе ұлт туралы , саясый қуғын- сүргін нәубеті туралы еш хабарың жоқпа? әлде ресейдің отаршыдық көне жолы мен жәңа пиғылын сопақ бас сорлы миыңа «жақсы идеиялогия» ретінде кіргізіп алған ұлтқа қарсы ұжансыз біреумісің ? Қазақта «Ерікті ауызға бөрікті бас сияды» деген бір мақал бар еді , шамасы сен ҚР-дағы ЖЕМОКРАТИЯНЫ пайдаланып,Қазақ секілді өз тарихъында «мың өліп мың тірілген» жауынгер халықты қорлауға бір мықымбай жұмасп отырған болар.
    Есіңде болсын ебелек- сорлы, ҚАЗАҚ ОРАЛМАНДАРЫ Алаш тулы ардагер тектілердің намысын жоғалпаған үрім- бұтағы. Олай болса,тұтас бір іргелі ұлттың авангард әулетіне жала жауып ,намысын қорлаған сен секілді (жындханада есепте тұрмасаң) ұлтқа қарсы ұждансыз немені кертартпа сөзің үшін дәл сендей жетесіз жексұрынды , халқаралық сотқа беріу керек !!! Алайда… әй қойшы …

    ********************************************************

  2. «Көштің тоқтағаны қандай жақсы болды. Алақжұлақ өзінің қателігін кеш болса да түсінді. Шақырмау керек ед Моңғол мен Қытайдағы қазақсымақтарды. Мен өзім оларды қазақ деп санамаймын, біздер – қазақтар оларды ешқашан қандастарымыз деп қабылдамаймыз. Оралмандар (осы екі елден келген) шетінен арамзалар, өз көттерің ғана ойлайтын. Алғаш келгенде мүсәпір боп жүріп еді бәрі қазір құтыра бастады. Қуу керек қайтадан! Кетсін .( Дихан Қамзабекұлы ) ғұлама -ғалым .— 2013 жылы—

  3. ҚАЗАҚ КӨШІНІҢ ҚАЙРЛЫ ЖОЛЫ ЖАБЫЛМАСА ЕКЕН !!!
    «Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!»
    (НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ)— 1992 жылы ————————————***
    » Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде». (Серік Ахметов . Қ Р премерминстері — 2013 жылы .
    ————————————————–***
    ?—————–! «Көштің тоқтағаны қандай жақсы болды. Алақжұлақ өзінің қателігін кеш болса да түсінді. Шақырмау керек ед Моңғол мен Қытайдағы қазақсымақтарды. Мен өзім оларды қазақ деп санамаймын, біздер – қазақтар оларды ешқашан қандастарымыз деп қабылдамаймыз. Оралмандар (осы екі елден келген) шетінен арамзалар, өз көттерің ғана ойлайтын. Алғаш келгенде мүсәпір боп жүріп еді бәрі қазір құтыра бастады. Қуу керек қайтадан! Кетсін .( Дихан Қамзабекұлы ) ғұлама -ғалым .— 2013 жылы— ***———————————————- ***

    —ҚАЛЫҢ ЕЛІМ ҚАЗАҒЫМ ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ ,
    ҰСТАРАСЫЗ АУЗЫҢНАН ТҮСТІ – АУ МҰРТЫҢ . ( АБАЙ ) ———

  4. Кейінгі уақытта қазақ көші саябырсып қалғаны жайлы естіп қаламыз. Бұл көңіл қынжылтатын-ақ жайт. Расында «Нұрлы көштің» жолын кесіп жүрген өзіміздің орыстанған қазақтарымыз ба? Өкінішті-ақ!Өз жерінде қазақтың салмағы артқаны баршамызды қуантуы керек.Ұлттың қамы, ана тіліміздің ұпайы сонда ғана түгенделмек.Бұл, ретте «Ақ жолдың» ұстанымы қолдауға лайықдеп санаймын

  5. УӘДЕ мен АҚ -БАТА ҚҰДАЙ АЛДЫНДА
    ЕСЕБІ СҰРАЛАТЫН – КИЕЛІ ҰҒЫМ!

    Өз тарихында » мың өліп , мың тірілген» Қазақ халқына Алла арнайы алып берген тәуелсіз ел болыу бақыты басталған 1992 – нші жылдары , тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің тұңғыш жер бетіндегі қазақ баоасына арнаған жолдауында : —
    «Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!» – деді .
    (НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ Қ Р ПРЕЗИДЕНТІ 1992 жылы «Егеменді Қазақстан » жәңа жылдық құттықтау сөзінен .) ———————————–
    Беу, шіркін отанға жете алмай алыста жүрген қам -көңіл қазақ баласының естуге зар болып жүрген бір сөзі осы еді. Ал Қ Р Президенті Н Ә НАЗАРБАЕВ 1992 жылы нағыз ұлт- көш – басшысы деген үлкен мәртебеге ылайқ дара – сөзін , дана – шешімін міне осылай айтып еді .
    Алайда , кейінгі кезде Қазақ көші бір шама тоқырағандай сипат ала бастады … Дегенмен қазақ қауымы сабырлы жұртпыз ғой , болашақта Қазақ көшін қайтадан жалғасатынына сенімі зор . Үйткені , елбасы шет елдегі отаншыл қазақ бауырларына берген «АТА – МЕКЕНГЕ КЕЛЕМ ДЕУШІ АҒАЙЫНДАРҒА ЖОЛ АШЫҚ . АТА – БАБА АРЫУАҒЫ АЛДАРЫҢЫЗДАН ЖАРЫЛҚАСЫН .» деген ағынан жарылған ақ-батасын , әлем қазақтары әлі ұмытқан жоқ .
    Инш-Аллаһ , Ел – басы патшалық пәрмені бар осы бір тарйхыи уәдесінде берік тұратын болады деп сенеміз. Үйткені , Уәде құдай адында есепке алынаты ұлт тағдырына тән ұлы мұратқа адал жандардың азаматтық ақ сөзі-дұр .

    — ХАҚ АЛЛАҺ ҚАЗАҚ ЕЛІН ДҰРЫС ЖОЛҒА БАСТАЙ КӨР !!!

    Тілеухан әл-МАЖЕНИ . Қ Р — Алматы қаласы .

  6. нурлы кош бағдарламасына кедергы болыпжаткан өзымыздың орыс болып кеткен қазақтар оларға айдаладағы шүршыт па негрма жақсыда қазақ болайық ел болайық деген ой жоқ оларда

  7. Елімізге ағылып келіп жатқан кавказдықтар саны оралмандардан әлдеқайда асып кетті. Оны көшеге шықсаңыз көресіз

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз