Азат елдің Азаты
2013 ж. 10 қыркүйек
2095
9
«Алға өрлететін – өзгерістер» бастамасының авторы туралы толғам
…Ұмытпасам, 2004 жылдың жазы. Кезекті парламент сайлауының алды. Курстас досым Арман Сқабыл Азаматтық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен таныстырды. «АИСТ» сайлауалды блогы құрылып, парламенттегі әрбір орын үшін кескілескен күрес басталғалы тұрған. Басты мақсат жеңіс болғандықтан, таңдап алынған тартыстың қай түрі мен тәсіліне де шек қойылмады.
Азаттың кейбір кеңесшілері «қара пиарды» аяусыз қолдану қажеттігін айтты. Сонда Азаттың: «Францияның ұлы перзенті Шарль де Голь «Әрдайым ауыр жолды таңда: ол жолда саған қарсылас кездеспейді» деген екен. Қандай жағдайда да біз өз көздегенімізге жетуге тырысуға тиіс болсақ та, біреуге жалған жала жауып, атымызды кірлетпеуіміз керек. Мен ешқашан өз позициямды, өз көзқарасымды жасырып қалған емеспін. Кез келген нәрсеге мүмкіндігінше әділ, шынайы баға беруге тырысамын», – деп, мәселені төтесінен қойып, тоқетерін айтқаны есімде ерекше сақталып қалды… Меніңше, осы бағыт- бағдарынан Азат ғұмыр бойы адасқан жоқ. Кескін-келбеті келісті, ойы зерек, пікірі мығым, сөзге шебер, дәлелге дәйекті осынау қараторы жігіттің өмірде де, саясатта да ашық та жасырын аяқтан шалып, арандатуға тырысатын қарсыластары аз емес. Олардың өкініштеріне қарай, Азат әркімнің шылауында кетіп шатасатын, қазіргідей ауа райына ұқсас құбылмалы кезеңде істің ыңғайы мен басшының бас шұлғуына орай өзгере салатын тұлға емес. Неге десеңіз, Талдықорған о б л ы с ы ә к і м ш і л і г і н і ң кеңесшілігінен кейін Президент әкімшілігінің сектор меңгеруші с і , сосын, «Қазақстан Алюминийі» АҚ Бас директорының орынбасары қызметтеріне тым жастайынан белсене араласқан жігіт үшін тек көпшіліктің позициясы ғана емес, әр адамның жеке пікірі де маңызды сипатқа ие еді. Мұның өзі адамның болмысында сыни көзқарасты қалыптастырып қана қоймай, тек ағымдағы мәселелерді шешуге емес, неғұрлым ауқымды және өзекті мақсаттар қоюға тікелей ықпал етті. 1999 жылы тiркелiп, 2006 жылы «Отан» партиясына қосылып, өз миссиясын аяқтаған Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы лауазымында Азекең теңдессіз тәжірибе жинақтады… Жастайынан жігерлі, озық ойдың оғланы, өзгерістерді өзегінен теппейтін, жаңалыққа жаны құмар Азат «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық п а л а т а с ы н ы ң б а с қ а р м а төрағасы қызметін де тың құлшыныспен өрге сүйреді. Бұрын бар-жоғы белгісіз құрылым қоғамымызда көбірек ауызға ілігіп, жиі пікір айтылатын ұйымға айналып шыға келді. Азекең қашанғы қайсарлығымен қазақ кәсіпкерлерінің мүдделерін жан-тәнімен қорғауға кірісті. Ең алдымен, қоғамда дүмпу туғызған батыл ұсыныс айтты. Еліміздің Қылмыстық кодексінің кәсiпкерді жазалау шараларын қатаңдатқан 192- шi бабын мүлдем алып тастау арқылы жазалауды шектеуді ұсынды. Жалпы, аталған бапта қылмыс түрлері мен жазаларының әдіс- тәсілдері терең зерттеліп, айқын көрсетілмеген. Сөз жоқ, экономика саласына зиян келтіретін алаяқтық пен жалған кәсiпкерлiк – орта және шағын кәсiпкерлiктi дамытуға, әлеуметтiк жаңғырту бағ дарламаларының i ске асыруларына кері әсерін тигізеді. Алаяқтық пен жалған кәсіпкерліктің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жалған кәсiпорындардың ашық нарық шарттарындағы пайда болу себептерiн мұқият зерттеу қажет. Жалған кәсіпкерліктің етек алуына кедергі бола отырып, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беру керек. Айталық, құрылғанүлкен кәсіпорындарбір жыл бойы салықтан босатылып, шағын кәсіпорындар үш жыл салық төлемейтін жеңілдік алса және түспеген табыстарға салық салу доғарылса ғана біздің елде толыққанды орта тап пайда болады. Кәсіпкерліктің күллі қиыншылықтарына мейлінше қанық Азаттың мызғымас тұжырымы осы еді. «Атамекеннің» жаңа басшысы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағдарламасының болуы тиіс екендігіне тоқталды. Қателесу, қате басу – адам баласына тән қасиет. Кәсіпкер көбіне заңды білмегендіктен, абайсызда шоқ басып жатады. Бұл азаматтар кәнігі де, кәсіби де қылмыскер емес. Егер ақ-қарасын ажыратпай, мұндай адамдарды қапастарға тоғыта берсек, ол адамдар түрмеден ой-пікірі өзгеріп, қоғамға деген көзқарасы бұзылып шығады. Сондықтан, қателескен кәсіпкерді бірден түрмеге сүйремей, оның келтірген зиянының орнын толтыру арқылы жазасын өтеуі дұрыс болар еді. Сонымен қатар, түрмеде отырғандардың саны азайып, бюджеттің қаржысы үнемделетін пайдасы тағы бар. Елбасы кәсіпкерлікті дам ы т у д ы ң « р ұ қ с а т б е р у » жүйесінен «иландыру, сендіру» жүйесіне ойысып, «тыйым салынбаған нәрсе, яғни, рұқсат етілген» әдісімен еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті үдете дамыту қажеттігін айтқан болатын. Егер кәсіпкер мемлекетке, қоғамға, адамға зиян келтірмейтін істің көзін тапса, қызу қолдауымыз керек. Қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігі, денсаулығы мен білім деңгейі , мәдени- рухани жетілуі экономикалық фактормен тікелей байланысып жатыр. Жетілген ұлттық экономика ғана отандық өнеркәсіптің, өндірістің еселеп артуына ықпал етіп, жағдай туғыза алады. «Экономикалық протекционизм» дегеніңіздің өзі, міне, осы. Бұл экономикалық саясат экономиканың нақты саласына бағытталуы тиіс. Азекең, әсіресе, шағын және орта бизнесті , аграрлық секторды дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында орасан күш-жігер жұмсады. …Кенет, қазақ кәсіпкерлерінің нағыз көсеміне айнала бастаған Азат Перуашевтың жаңа жол, тың топыраққа түрен салуына тура келді. Азекеңе оңшыл бағыттағы оппозициялық партия, дәлірек айтқанда, еліміздегі ең беделді саяси күш – «Нұр Отан» партиясына нағыз спарринг-бәсекелес бола алатын 180 мыңнан астам мүшесі бар «Ақ жол» демократиялық партиясын қайта жасақтау керек болды. Азат әдеттегідей белсенділігімен бiлегiн сыбанып, кiрiсiп кеттi. нДәп осы тұста Жаңаөзен қасіреті орын алды. Атыраулық Фатима Орынбаева Азат Перуашевқа: «Жаңаөзендегі жағдайға көзқарасыңыз қалай?» – деп, төтесінен сауал тастады. Азекең сасқан жоқ. Сабырмен мынадай айқын жауап қайтарды: «Біз көршіңнің үйі өртеніп жатса, оған бас үйітуге даяр тұратын әдетті «елге жаны ашығандық, елді сүю» деп санамаймыз. Және бұл позициямызды дәлелдеуге, қорғауға әрдайым дайынбыз. «Ақ жол» партиясы осы оқиғаға қатысты Қазақстандағы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың арасында бірінші болып, сол түні-ақ мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде біз болған оқиғаның анық-қанығын жан-жақты тексеру және оған саяси, заңдық баға беру қажеттігін айттық. Еліміздің тұрақтылығы мен бейбіт өміріне қауіп төндіретін кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсылығымызды білдірдік. «Ақ жол» партиясы осы оқиғаны тексеру жөнінде құрылған Мемлекеттік комиссияға өзінің белді өкілдерін енгізуді ұсынды. Олар қазір Комиссия құрамында белсенді жұмыс істеп жатыр…» шалла, Жаратқан Иемізді танып, бетін бұрды. Құдіретті Аллаға қарай құтты қадаТалай тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өткен «Ақ жол» партиясының тізгінін ұстаған Азат: «Біздің ниетіміз таза. Мақсатымыз – қоғамды жікке бөлу емес, барлық дұрыс ойлайтын адамдарды біріктіру. Біз еліміздің 20 жылда жеткен жетістіктері мен табыстарын көзге ілмей, оны жоққа шығарғысы келетін, біржақты қаралау мен жамандаудан тұратын көзқарастарға түбегейлі қарсымыз. Себебі, біз аз ғана уақыттың ішінде аяғынан нық тұрған мықты ұлтқа, мемлекетке айналдық. Соны мақтан етеміз. «Ақ жол» партиясы Президентке көзқарасы жөнінен патриот әрі мемлекетшіл адамдардың атынан жәрдемдесетін болады. Әйткенмен, таңдаудың жоқтығы стагнацияға апарып соқтырады. Баламаны салыстырып, таразылау ғана, шын мәнінде, ең жақсы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Тек идеялар жарысы ғана жеке адамның дауысын естуге және оның пікірін бағалауға мүмкіндік береді. Біз жемқорлыққа мәділетсіздікке, озбырлыққа әрдайым оппозиция болдық және бола да береміз», – деп мәлімдеді. Қ а з а қ с а н д а ғ ы п і к і р алуандығы тұрғысынан, ашық ойларын білдіруі жағынан бірінші орында тұрған «Ақ жол» партиясының басшылығына Азат Перуашевтың келіп, қабылдануы алғашында мүмкін еместей көрінгені рас. Бірақ, партияның VIII съезінде бір делегат Азекеңе: «Біз сізді өз адамымыздай, өз көшбасшымыз ретінде және болашағы зор саясаткер деп қабылдаймыз», – деді. Азекең де сөзден қалыс қ а л ғ а н ж о қ : « А б а й а т а мыз айтқандай, ақыры осы «соқтықпалы, соқпақсыз жолды» таңдап алдық екен, шыдауымыз керек, шыңдалуымыз керек», – деп, бір-ақ кесті… . . . Д е м о к р а т и я л ы қ д а муды мақсат еткен елімізді көппартиялы парламент қана алға жетелейді. Заман талабына сай жаңарып, өзгеріп, дамып отыруға тиіс партиялардың ішінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы белсенді де ықпалды саяси күшке айналуға бет бұрды. Партияның сайлауалды тұғырнамасы, ашық та шынайы іс-қимылы ел ішінде үлкен қызығушылық пен қолдау тапты. Өткен жылдың басында өткен парламент сайлауы елдегі саяси модернизацияның, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік жаңарудың негізі болды. Әрбір сайлаушының дауысы мен парламент орындары үшін күрес барысында «Ақ жолдың» адуынды басшысы былай деді: «Сайлау дегеніміз – таусылмайтын күрестің, тартыс пен бәсекенің ортасы. Біздің партиямыз сайлауалды тұғырнамасын «Алға өрлететін – өзгерістер» деп атады. Себебі, мына дәуір бізге күн сайын жаңа сынақтар мен жаңа өзгерістер ұсынуда. Қазақстанның саяси жүйесі, экономикалық құрылымы, әлеуметтік, рухани болмысы жаңа дәуір ұсынған өзгерістерге жадайын ба? Біз сол өзгерістердің күрделі де қиын сынағынан өтіп, оны жаңа мүмкіндіктердің, жаңа жеңістердің көзіне айналдыра аламыз ба? Ол мемлекетке, қоғамға, қарапайым халыққа не береді?.. Меніңше, бүгінгі күні баршамызды осы сұрақтар мазалауы тиіс. Өйткені, бұл – біздің мемлекеттің, біздің ұлтымыздың қауіпсіздігі мен дамуына, болашағына т і к е л е й қ а т ы с т ы ж а й т тар. Қазіргі заманғы экономика теориясының негізін салушылардың бірі Адам С м и т т і ң : « А д а м д а р д ы әділеттілікті сүюге үйрету үшін, оларға әділетсіздіктің себеп-салдарын көрсет» деген ұлағатты сөзі бар. Осыған орай, жоғарыдағы сауалдар да бізден әділ және нақты жауапты талап етеді…» Өркениетті мемлекет үшін азаматтардың таңдау құқы мен сайлау еркі өте маңызды. Түрлі деңгейдегі сайлаулар саелдің есейгендігінің, өзгеріп, өскендігінің көрінісі болып табылады. Сондықтан, сайлау тупралы Елбасымыз: «Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналысып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек», – деген болатын. «Ақ жолдың» жаңа жетекшісі бұл жайында: «Елбасының бұл сөздерін кейбір «шаш ал десе, бас алатын» шенеуніктердің кабинетінің қабырғасына іліп қойса да артықтық етпес еді», – деді… Қашанда жаңалықтың қасынан, жақсы істің басынан табылатын Азат экономиканың еркін де алаңсыз дамуына септігін тигізетін, нарықтық қ а р ы м – қ а т ы н а с т а р д ы ң өркениетті қалыптасуына оң ықпал ететін іскерлік әлемінің қалың қауымын партияның қатарына тартып, «Ақ жол» іскерлер партиясына айнала бастады. Азат Перуашев бұл туралы: «Ақ жол» – өз елін сүйетін, өзін де, өзгені де алдамайтын, парасаты жоғары, қабілетті адамдардың партиясы. Егер бұрын «Ақ жолды» көбіне «зиялы қауымның партиясы» деп қабылдаса, қазір 30 мыңнан астам кәсіпкер партияға мүше болды. Олар олигархтар емес. Өзіміздің қарапайым азаматтар. Сіз бен біздің көршілеріміз, сыныптастарымыз, таныстарымыз, бір қала, бір ауылда тұратын жерлестеріміз. Олар – өзі кәсіп етіп, өзгеге жұмыс тауып беріп, жалақы төлеп отырған шағын және орта бизнестің мыңдаған өкілдері. Мемлекеттегі саяси, экономикалық реформаларды белсенді қолдап қана қоймай, соның жүзеге асуына атсалысып жүрген өз елінің шынайы, патриоттары. «Ақ жол» партиясын бүгінде «сөз бен істің одағы» деп атайды. Егер, біздің зиялы қауымның қаруы сөз болса, кәсіпкер қауымның қаруы – іс. Яғни, біз нақты сөз бен істің партиясымыз», – деп ағынан жарылды. Еліміздегі жең ұшынан жалғасып, көлденең пайда табуды көксеген қайсыбір түйткілді салалар, айталық, техникалық байқауды алып тастау, ҰБТ жүйесін жаңғырту, салықты 2-3 есеге дейін қысқарту, жұмыссыздықты жою, ана мен бала құқықтарын қорғау, мектептерге 100 метрге жақын дүкендерді жабуды тоқтату, қолжетімді баспана, сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау, балалар бақшасын көбейту жайында қоғамды ұйқыдан оятатын кесек-кесек ой-пікірлерін ашық айтып, бағыт-бағдарын бекем бекіткен Азаттың көптеген сөздері қанатты қағидаға айналып, саналарда сақталып қалып жатты: 1. «Ақ жол» өзінің саяси бағыт-бағдарын айқындап алған, көш-керуені түзу партия»; 2. «Қоғамды сауықтыру шараларын кешіктірмеу керек»; 3. «Қазақстанның өзінде өндіріліп, халықаралық нарыққа арзан бағаға шығарылған шикізат өзімізге он есе, жүз есе артық бағамен тауар ретінде айналып келіп жатыр. Бұған тосқауыл қоятын кез жетті. Соның бәрін өзімізде өндіру, шығару мен сату басым бағытқа, керек десеңіз, бизнестің ұлттық идеясына айналуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәніндегі бәсекеге қабілетті, технологиясы озық, қуатты елге айналамыз»; 4. «Адам капиталының сапасы денсаулығының түзулігімен және білімінің деңгейімен өлшенеді. Бұл екі сала үздіксіз жетілуді, жаңаруды талап етеді. Сондықтан, денсаулық сақтау мен білім беру саласына қаражатты аямауымыз қажет. Батыс елдерінде білім беру саласына жалпы ішкі өнімнің 6-7 пайызы жұмсалса, бізде бұл көрсеткіш – 3,5 пайыздың көлемінде ғана»; 5. «Банктердің апан ауыздарына шектеу қою қажет. Кәсіпкерлер банк мүддесі үшін ғана жұмыс істеуге мәжбүр. Табыстардың теңдей қайта үлестірілуіне жол бермейтін, әлеуметтік әділетсіздікке апаратын басты себеп – сыбайлас жемқорлық. Белгілі экономист Қ.Берентаев «Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы 2-3 млрд долларға дейінгі қаржы пара ретінде жоғалады» деп отыр. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның оффшорларға барлығы 138 миллиардтан астамАҚШ доллары шығарылыпты. Бұл дегеніңіз қазақстандықтар «ресейлік «әріптестерінен» 2,5 есе асып түсті» деген сөз! Міне, біздің қаржыларымыз қайда кетіп жатыр?!.»; 6. «Байлар мен кедейлер табыстарының арасында 30 еседей айырмашылық бар екен. Бұл алшақтық кәсіпкерлерді жолдан тайдырып, жастардың санасына кері әсерін тигізеді, «әлеуметтік инфантилизм» секілді кертартпа құбылыстың пайда болуына себепші болады. Азаматтарды еңбекке тартып, еңбекке баулу жолымен ұлттық табысты ұлғайту керек»; 7. «Біз экономикалық ұлтшылдықты қолдаймыз. Бұл сөзден үркудің қажеті жоқ. Экономикалық ұлтшылдық дегеніміз – еліміздің күллі қазына-байлығын барлық тұрғындардың бірдей пайдалануы, деген сөз»; 8. «Идеологияда ақау бар»; 9. «Басқа елдерде мемлекеттік тілді білмейтіндер жұмыстарынан босатылады…»; 10. «Көптеген мекемелер кімнен екені белгісіз қорғанып алған, есігінің алдына темірден кедергі қойылған, алдында тұрған күзетшілер әртүрлі себеппен келген азаматты кіргізбеуге тырысады. Ешкім тыңдамағаннан кейін, арыз-шағымын шешпеген соң, адамда билікке іштей наразылық пайда болатыны заңды. Осыдан билікке деген көзқарас өзгеріп, сыртынан әңгіме айту басталады. Лауазым иелерінің халықтың мұң-мұқтажын тыңдап отыруы – күнделікті жұмысы болуы керек, әділеттілік осы жерде орын алуы керек деп ойлаймын»; 11. «Әлеуметтік лифті» мәселесі. Ауылда да, ауданда да, облыста да әрбір жақсы кадр есепте тұруы керек. Олар білімділігіне, іскерлігіне, қабілетіне қарап, сатылап өсуге тиіс. Білімді, білікті, тәжірибесі бар азаматтар қоғамға қажет е м е с п е ? Ж а с т а р ы м ы з болашағына сенбесе, әділдікке сенбесе, не болмақ?..»; 12. «Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына көмек ауадай қажет. Бұл ішкі нарықты шетелдік бәсекеден мейлінше қорғап отыру мүмкіндігін туғызады. Өнеркәсіп пен өндірістің үздіксіз өсімі – халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді»; 13. «Ауылдық жерлерде кәсіптік лицейлерді көбейтудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарына түсе алмаған жастарға ғұмырлық азық боларлық кәсіптер беруіміз керек. Олар кәсібінен нәсіп табарына сенімді болғанда ғана еңбекке деген құрмет өзгереді. Үкімет кәсіптік лицейлерде оқитындардың шәкіртақысын, тамағы мен киімін, оқулықтарын өз мойнына алса, осы қамқорлықтың қайтарымы еселене түсеріне бек сенімдімін»; 14. «Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелер республикалық «Казагроның» облыстағы бөлімшелері «Агрокредит-корпорация» арқылы бөлінеді. Бірақ, ол несиені алу үшін шаруалардың қолына 20- ға тарта әртүрлі мекемелерден жинайтын анықтамалар мен құжаттардың тізімін береді. Ол құжаттарды алу үшін тағы қосымша 100-ден аса құжат жинау керек. Оның үстіне, несие алу үшін үлкен көлемде кепілдік қоюы керек, оған ауылдағы шаруалардың шамасы жетпейді. Кепілдігіне қоятын ауылдағы үйін, техникасын түкке арзымайтын құнымен бағалайды. 5-6 ай әуре-сарсаң болғанымен, Үкіметтің несиелерін ала алмай жүрген ауыл еңбеккерлері көп. Сондықтан, Үкімет шаруалардың несие алуын жеңілдетуге жәрдем көрсетуі керек»;15. «Ақ жол» партиясы – қазақтың ХХІ ғасырдағы «Алаш» партиясы болуы тиіс. Алашорда тарихы – азат елдің өткен тарихы. Мұны естен шығармауға тиіспіз. «Сен өткенге топырақ лақтырсаң, болашақ саған тас атады!». Алаш арысы Әлихан Бөкейханов «Қазақтың тарихы» атты еңбегінде: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашағына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп жазды. «Ақ жол» партиясының бүгінгі ұстанымы да ғасырлар бойы еліміздің егемендігі, ұлтымыздың еркіндігі үшін жан алып, жан беріскен ата-бабаларымыздың, әкелеріміздің аманатымен ұштасып жатыр. Саяси ұстаным тұрғысынан алғанда да, «Алашпен» біздің мақсатымыз үндес. «Ақ жол» партиясының кредосы да – либерализм. Жеке азаматтың қабілет-қарымын, мүмкіндіктерін ашудың бірден- бір жолы – осы либерализм. Әзірге адамзат баласы бұдан артық идея ойлап таба алған жоқ»; 16. «…Бір тарихи құжаттардан оқығаным бар. Голощекин «Қазақтар Қазақстанды қалай басқару керектігі туралы менен емес, Мәскеудегі Бөкейхановтан ақыл сұрайды» дейді екен. Б ө к е й х а н о в т ы ң х а л ы қ тарихындағы рөлін осыдан-ақ аңғара беруге болады. Жалпы, біз қазақ халқының азаттығы мен бостандығыжолында күрескен барлық қайраткерлерді төбемізге ту етіп көтеруге тиіспіз. Мен Лондонда жүрген кезде Шоқан Уәлиханов туралы 1845 жылы жазылған мақаланы кезіктірдім. Ағылшындар Шоқанның білімі мен мәдениетіне тәнті болғандарын жазады. Әлихан болсын, Шоқан болсын – туған халқының болашағы үшін еңбек еткен қайраткерлер. Біз осы арыстарымыздың есімі мен ісін ұлықтау мақсатында нақты іс- қимылдар жасайтын боламыз»; 17. «Ауыл қазақтары – өз елінің нағыз патриоттары әрі еңбекқор азаматтары. Ауыл халқы әрдайым көмекке зәру. Түптің түбінде, ғасырлар б о й ы д и с к р и м и н а ц и я ғ а ұшырап, қағажу көрумен келген туған халқымыздың, ауыл қазақтарының мәселесін б і р ж о л а т а ш е ш у і м і з к ер е к . А у ы л д а ғ ы қ а р а к ө з қандастарымыз жаһандану кезеңіндегі технологиялық, индустриялық өзгерістерге бейімделуі керек. Біздің ұлтымыз жаңа дәуірдегі урбанизациялық процестердің көшінен қалып қоймай, ХХІ ғасырда толған, толысқан интеллектуалдық ұлт деңгейіне көтерілуі тиіс. Біздің «Ақ жол» партиясының басты мақсат-мұраттарының бірі де – осы. Осы бағытта біз талмай, күні-түні жұмыс істейтін боламыз» т.с.с.
***
…Азат Тұрдыбекұлы тізгінін ұстағалы «Ақ жол» партиясының бір күні де белгі-бедерсіз өтпеген шығар. Мәселен, Сыр топырағында ел аралап жүрген «Ақ жол» партиясының белсенді мүшесі, Олимпиада чемпионы, былғары қолғап шебері Бақыт Сәрсекбаев: «Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Келешекте ауыл балалары еліміздің намысын қорғап, мақтанышына айналатын болады», – деп, мұқым қазақтың рухын қайраса; партия төрағасының орынбасары, қазақтың танымал ақыны Қазыбек Иса: «Абайдың «Құр айқай бақырған, құлаққа ән бе екен?» дегеніндей, көпшіліктің байбаламшыл партияларды емес, үндемей жүріп іс бітіретін «Ақ жолды» таңдағанына таңғалуға болмайды. Мұндай дүбірді өшкен емес, өскен партия ғана тудырады», – деп, партия туралы өрнекті ой, өткір пікірін білдірді. Ал, Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» партиясының төрағасы, өзінің әріптесі, парламенттегі фракция тобының жетекшісі Азат Перуашевтің жеке басының үш қасиетіне қатты тәнті екендігін айрықша атады. «Азаттың өнеге аларлық қадеттері көп. Бірақ, мен Азекеңнен, біріншіден, ананы сыйлап-құрметтеуді; екіншіден, қарапайымдылықты; үшіншіден, көпшілдікті талмай үйренген болар едім», – деді Нұрекең… «Адам – дұшпансыз, саясаткер – қарсылассыз болмайды» десек, дұшпандарының өзі: «Азат Перуашев туралы сөз еткенде, оның табиғи таланты туралы айтпауға болмайды. Ол – тұтанып тұрған эрудит, өзi ақын, өзi спортшы әрi экономист-ғалым… Қысқасы, жақсы қасиеттерi бiр басына жетiп артылады», – деп, еріксіз мойындап, қаперсіз құрмет көрсеткен арда азамат жарнамаға да, қорғаушыға да мұқтаж емес. Азат елдің Азаты осындай-ақ болсын!..Мыңжан БАЙЖАНИН,
жазушы-публицист
www.qazaquni.kz