Азат елдің Азаты

10
1419

 

«Алға өрлететін – өзгерістер»   бастамасының авторы туралы толғам  

 

 …Ұмытпасам, 2004 жылдың жазы. Кезекті парламент сайлауының алды. Курстас досым Арман Сқабыл Азаматтық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен та­ныстырды. «АИСТ» сайлауалды блогы құрылып, парламенттегі әрбір орын үшін кескілескен күрес басталғалы тұрған. Басты мақсат жеңіс болғандықтан, таңдап алынған тартыстың қай түрі мен тәсіліне де шек қойылмады.

 

      Азаттың кейбір кеңесшілері «қара пиарды» аяусыз қолдану қажеттігін айтты. Сонда Азаттың: «Францияның ұлы перзенті Шарль де Голь «Әрдайым ауыр жолды таңда: ол жолда саған қарсылас кездеспейді» деген екен. Қандай жағдайда да біз өз көздегенімізге жетуге тырысуға тиіс болсақ та, біреуге жалған жала жауып, атымызды кірлетпеуіміз керек. Мен ешқашан өз позициямды, өз көзқарасымды жасырып қалған емеспін. Кез келген нәрсеге мүмкіндігінше әділ, шынайы баға беруге тырысамын», – деп, мәселені төтесінен қойып, тоқетерін айтқаны есімде ерекше сақталып қалды…

Меніңше, осы бағыт- бағдарынан Азат ғұмыр бойы адасқан жоқ. Кескін-келбеті келісті, ойы зерек, пікірі мығым, сөзге шебер, дәлелге дәйекті осынау қараторы жігіттің өмірде де, саясатта да ашық та жасырын аяқтан шалып, арандатуға ты­рысатын қарсыластары аз емес. Олардың өкініштеріне қарай, Азат әркімнің шылауында кетіп шатасатын, қазіргідей ауа рай­ына ұқсас құбылмалы кезеңде істің ыңғайы мен басшының бас шұлғуына орай өзгере салатын тұлға емес.

Неге десеңіз, Талдықорған о б л ы с ы ә к і м ш і л і г і н і ң кеңесшілігінен кейін Пре­зидент әкімшілігінің сек­тор меңгеруші с і , сосын, «Қазақстан Алюминийі» АҚ Бас директорының орынбаса­ры қызметтеріне тым жастай­ынан белсене араласқан жігіт үшін тек көпшіліктің позиция­сы ғана емес, әр адамның жеке пікірі де маңызды сипатқа ие еді. Мұның өзі адамның бол­мысында сыни көзқарасты қалыптастырып қана қоймай, тек ағымдағы мәселелерді шешуге емес, неғұрлым ауқымды және өзекті мақсаттар қоюға тікелей ықпал етті.

1999 жылы тiркелiп, 2006 жылы «Отан» партиясына қосылып, өз миссиясын аяқтаған Қазақстанның Азаматтық пар­тиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы лауазымын­да Азекең теңдессіз тәжірибе жинақтады…

Жастайынан жігерлі, озық ойдың оғланы, өзгерістерді өзегінен теппейтін, жаңалыққа жаны құмар Азат «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық п а л а т а с ы н ы ң б а с қ а р м а төрағасы қызметін де тың құлшыныспен өрге сүйреді. Бұрын бар-жоғы белгісіз құрылым қоғамымызда көбірек ауызға ілігіп, жиі пікір айтыла­тын ұйымға айналып шыға келді.

Азекең қашанғы қайсарлығымен қазақ кәсіпкерлерінің мүдделерін жан-тәнімен қорғауға кірісті. Ең алдымен, қоғамда дүмпу туғызған батыл ұсыныс айтты. Еліміздің Қылмыстық кодексінің кәсiпкерді жазалау шараларын қатаңдатқан 192- шi бабын мүлдем алып тастау арқылы жазалауды шектеуді ұсынды.

Жалпы, аталған бапта қылмыс түрлері мен жазаларының әдіс- тәсілдері терең зерттеліп, айқын көрсетілмеген. Сөз жоқ, эконо­мика саласына зиян келтіретін алаяқтық пен жалған кәсiпкерлiк – орта және шағын кәсiпкерлiктi дамытуға, әлеуметтiк жаңғырту бағ дарламаларының i ске асыруларына кері әсерін тигізеді. Алаяқтық пен жалған кәсіпкерліктің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жалған кәсiпорындардың ашық нарық шарттарындағы пайда болу себептерiн мұқият зерттеу қажет. Жалған кәсіпкерліктің етек алу­ына кедергі бола отырып, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беру керек. Айталық, құрылғанүлкен кәсіпорындарбір жыл бойы салықтан босаты­лып, шағын кәсіпорындар үш жыл салық төлемейтін жеңілдік алса және түспеген табыстарға салық салу доғарылса ғана біздің елде толыққанды орта тап пайда болады. Кәсіпкерліктің күллі қиыншылықтарына мейлінше қанық Азаттың мызғымас тұжырымы осы еді.

«Атамекеннің» жаңа бас­шысы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағдарламасының болуы тиіс екендігіне тоқталды. Қателесу, қате басу – адам бала­сына тән қасиет. Кәсіпкер көбіне заңды білмегендіктен, абайсызда шоқ басып жатады. Бұл азаматтар кәнігі де, кәсіби де қылмыскер емес. Егер ақ-қарасын ажы­ратпай, мұндай адамдарды қапастарға тоғыта берсек, ол адамдар түрмеден ой-пікірі өзгеріп, қоғамға деген көзқарасы бұзылып шығады. Сондықтан, қателескен кәсіпкерді бірден түрмеге сүйремей, оның келтірген зиянының орнын толтыру арқылы жазасын өтеуі дұрыс болар еді. Сонымен қатар, түрмеде отырғандардың саны  азайып, бюджеттің қаржысы үнемделетін пайдасы тағы бар.

Елбасы кәсіпкерлікті дам ы т у д ы ң « р ұ қ с а т б е р у » жүйесінен «иландыру, сендіру» жүйесіне ойысып, «тыйым салынбаған нәрсе, яғни, рұқсат етілген» әдісімен еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті үдете дамыту қажеттігін айтқан болатын. Егер кәсіпкер мем­лекетке, қоғамға, адамға зиян келтірмейтін істің көзін тапса, қызу қолдауымыз керек.

Қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігі, денсаулығы мен білім деңгейі , мәдени- рухани жетілуі экономикалық фактормен тікелей байланысып жатыр. Жетілген ұлттық эконо­мика ғана отандық өнеркәсіптің, өндірістің еселеп артуына ықпал етіп, жағдай туғыза ала­ды. «Экономикалық протекци­онизм» дегеніңіздің өзі, міне, осы. Бұл экономикалық саясат экономиканың нақты саласына бағытталуы тиіс. Азекең, әсіресе, шағын және орта бизнесті , аграрлық секторды дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында орасан күш-жігер жұмсады.

…Кенет, қазақ кәсіпкерлерінің нағыз көсеміне айна­ла бастаған Азат Перуашевтың жаңа жол, тың топыраққа түрен салуына тура келді. Азекеңе оңшыл бағыттағы оппозициялық партия, дәлірек айтқанда, еліміздегі ең беделді саяси күш – «Нұр Отан» партиясына нағыз спарринг-бәсекелес бола ала­тын 180 мыңнан астам мүшесі бар «Ақ жол» демократиялық партиясын қайта жасақтау керек болды. Азат әдеттегідей  белсенділігімен бiлегiн сыбанып, кiрiсiп кеттi. нДәп осы тұста Жаңаөзен қасіреті орын алды. Атыраулық Фатима Орынбаева Азат Перуашевқа: «Жаңаөзендегі жағдайға көзқарасыңыз қалай?» – деп, төтесінен сауал тастады. Азекең сасқан жоқ. Сабырмен мынадай айқын жауап қайтарды: «Біз көршіңнің үйі өртеніп жат­са, оған бас үйітуге даяр тұратын әдетті «елге жаны ашығандық, елді сүю» деп санамаймыз. Және бұл позициямызды дәлелдеуге, қорғауға әрдайым дайынбыз.

«Ақ жол» партиясы осы оқиғаға қатысты Қазақстандағы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың арасында бірінші болып, сол түні-ақ мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде біз болған оқиғаның анық-қанығын жан-жақты тексеру және оған саяси, заңдық баға беру қажеттігін айттық. Еліміздің тұрақтылығы мен бейбіт өміріне қауіп төндіретін кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсылығымызды білдірдік. «Ақ жол» партиясы осы оқиғаны тексеру жөнінде құрылған Мемлекеттік комиссияға өзінің белді өкілдерін енгізуді ұсынды. Олар қазір Комиссия құрамында белсенді жұмыс істеп жатыр…»  шал­ла, Жаратқан Иемізді та­нып, бетін бұрды. Құдіретті Аллаға қарай құтты қадаТалай тар жол, тайғақ ке­шулерден сүрінбей өткен «Ақ жол» партиясының тізгінін ұстаған Азат: «Біздің ниетіміз таза. Мақсатымыз – қоғамды жікке бөлу емес, барлық дұрыс ойлайтын адамдарды біріктіру. Біз еліміздің 20 жылда жет­кен жетістіктері мен табыста­рын көзге ілмей, оны жоққа шығарғысы келетін, біржақты қаралау мен жамандаудан тұратын көзқарастарға түбегейлі қарсымыз. Себебі, біз аз ғана уақыттың ішінде аяғынан нық тұрған мықты ұлтқа, мемлекетке айналдық. Соны мақтан етеміз. «Ақ жол» партиясы Президентке көзқарасы жөнінен патриот әрі мемлекетшіл адамдардың аты­нан жәрдемдесетін болады.

Әйткенмен, таңдаудың жоқтығы стагнацияға апарып соқтырады. Баламаны салы­стырып, таразылау ғана, шын мәнінде, ең жақсы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Тек идеялар жарысы ғана жеке адамның дауысын естуге және оның пікірін бағалауға мүмкіндік береді. Біз жемқорлыққа мәділетсіздікке, озбырлыққа әрдайым оппозиция болдық және бола да береміз», – деп мәлімдеді.

Қ а з а қ с а н д а ғ ы п і к і р алуандығы тұрғысынан, ашық ойларын білдіруі жағынан бірінші орында тұрған «Ақ жол» партиясының басшылығына Азат Перуашевтың келіп, қабылдануы алғашында мүмкін еместей көрінгені рас. Бірақ, партияның VIII съезінде бір де­легат Азекеңе: «Біз сізді өз ада­мымыздай, өз көшбасшымыз ретінде және болашағы зор са­ясаткер деп қабылдаймыз», – деді.

Азекең де сөзден қалыс қ а л ғ а н ж о қ : « А б а й а т а ­мыз айтқандай, ақыры осы «соқтықпалы, соқпақсыз жолды» таңдап алдық екен, шыдауымыз керек, шыңдалуымыз керек», – деп, бір-ақ кесті…

. . . Д е м о к р а т и я л ы қ д а ­муды мақсат еткен елімізді көппартиялы парламент қана алға жетелейді. Заман талабы­на сай жаңарып, өзгеріп, да­мып отыруға тиіс партиялардың ішінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық парти­ясы белсенді де ықпалды са­яси күшке айналуға бет бұрды. Партияның сайлауал­ды тұғырнамасы, ашық та шы­найы іс-қимылы ел ішінде үлкен қызығушылық пен қолдау тапты.

Өткен жылдың басын­да өткен парламент сайлауы елдегі саяси модернизацияның, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік жаңарудың негізі болды. Әрбір сайлаушының дауысы мен парламент орын­дары үшін күрес барысында «Ақ жолдың» адуынды бас­шысы былай деді: «Сайлау дегеніміз – таусылмайтын күрестің, тартыс пен бәсекенің ортасы. Біздің партиямыз сай­лауалды тұғырнамасын «Алға өрлететін – өзгерістер» деп атады. Себебі, мына дәуір бізге күн сайын жаңа сынақтар мен жаңа өзгерістер ұсынуда. Қазақстанның саяси жүйесі, экономикалық құрылымы, әлеуметтік, рухани болмысы жаңа дәуір ұсынған өзгерістерге  жадайын ба? Біз сол өзгерістердің күрделі де қиын сынағынан өтіп, оны жаңа мүмкіндіктердің, жаңа жеңістердің көзіне айнал­дыра аламыз ба? Ол мемлекет­ке, қоғамға, қарапайым халыққа не береді?.. Меніңше, бүгінгі күні баршамызды осы сұрақтар мазалауы тиіс. Өйткені, бұл – біздің мемлекеттің, біздің ұлтымыздың қауіпсіздігі мен дамуына, болашағына т і к е л е й қ а т ы с т ы ж а й т ­тар. Қазіргі заманғы эконо­мика теориясының негізін салушылардың бірі Адам С м и т т і ң : « А д а м д а р д ы әділеттілікті сүюге үйрету үшін, оларға әділетсіздіктің себеп-салдарын көрсет» деген ұлағатты сөзі бар. Осыған орай, жоғарыдағы сауалдар да бізден әділ және нақты жауапты талап етеді…»

Өркениетті мемлекет үшін азаматтардың таңдау құқы мен сайлау еркі өте маңызды. Түрлі деңгейдегі сайлаулар саелдің есейгендігінің, өзгеріп, өскендігінің көрінісі болып та­былады. Сондықтан, сайлау ту­пралы Елбасымыз: «Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналысып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек», – деген болатын. «Ақ жолдың» жаңа жетекшісі бұл жайында: «Елбасының бұл сөздерін кейбір «шаш ал десе, бас алатын» шенеуніктердің кабинетінің қабырғасына іліп қойса да артықтық етпес еді», – деді…

Қашанда жаңалықтың қасынан, жақсы істің басынан табылатын Азат экономиканың еркін де алаңсыз дамуына септігін тигізетін, нарықтық қ а р ы м – қ а т ы н а с т а р д ы ң өркениетті қалыптасуына оң ықпал ететін іскерлік әлемінің қалың қауымын партияның қатарына тартып, «Ақ жол» іскерлер партиясына айнала бастады. Азат Перуашев бұл туралы: «Ақ жол» – өз елін сүйетін, өзін де, өзгені де ал­дамайтын, парасаты жоғары, қабілетті адамдардың парти­ясы. Егер бұрын «Ақ жолды» көбіне «зиялы қауымның пар­тиясы» деп қабылдаса, қазір 30 мыңнан астам кәсіпкер партияға мүше болды. Олар олигархтар емес. Өзіміздің қарапайым азаматтар. Сіз бен біздің көршілеріміз, сынып­тастарымыз, таныстарымыз, бір қала, бір ауылда тұратын жерлестеріміз. Олар – өзі кәсіп етіп, өзгеге жұмыс тауып беріп, жалақы төлеп отырған шағын және орта бизнестің мыңдаған өкілдері. Мемлекеттегі саяси, экономикалық реформаларды белсенді қолдап қана қоймай, соның жүзеге асуына атсалы­сып жүрген өз елінің шынайы, патриоттары. «Ақ жол» пар­тиясын бүгінде «сөз бен істің одағы» деп атайды. Егер, біздің зиялы қауымның қаруы сөз бол­са, кәсіпкер қауымның қаруы – іс. Яғни, біз нақты сөз бен істің партиясымыз», – деп ағынан жарылды.

Еліміздегі жең ұшынан жалғасып, көлденең пайда табу­ды көксеген қайсыбір түйткілді салалар, айталық, техникалық байқауды алып тастау, ҰБТ жүйесін жаңғырту, салықты 2-3 есеге дейін қысқарту, жұмыссыздықты жою, ана мен бала құқықтарын қорғау, мектептерге 100 метрге жақын дүкендерді жабуды тоқтату, қолжетімді баспана, сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау, балалар бақшасын көбейту жайында қоғамды ұйқыдан оятатын кесек-ке­сек ой-пікірлерін ашық айтып, бағыт-бағдарын бекем бекіткен Азаттың көптеген сөздері қанатты қағидаға айналып, са­наларда сақталып қалып жатты:

1. «Ақ жол» өзінің сая­си бағыт-бағдарын айқындап алған, көш-керуені түзу пар­тия»;

2. «Қоғамды сауықтыру ша­раларын кешіктірмеу керек»;

3. «Қазақстанның өзінде өндіріліп, халықаралық нарыққа арзан бағаға шығарылған шикізат өзімізге он есе, жүз есе артық бағамен тауар ретінде айналып келіп жатыр. Бұған тосқауыл қоятын кез жетті. Соның бәрін өзімізде өндіру, шығару мен сату басым бағытқа, керек десеңіз, бизнестің ұлттық идеясына айналуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәніндегі бәсекеге қабілетті, технологиясы озық, қуатты елге айналамыз»;

4. «Адам капиталының сапа­сы денсаулығының түзулігімен және білімінің деңгейімен өлшенеді. Бұл екі сала үздіксіз жетілуді, жаңаруды талап етеді. Сондықтан, денсаулық сақтау мен білім беру саласына қаражатты аямауымыз қажет. Батыс елдерінде білім беру са­ласына жалпы ішкі өнімнің 6-7 пайызы жұмсалса, бізде бұл көрсеткіш – 3,5 пайыздың көлемінде ғана»;

5. «Банктердің апан ауыз­дарына шектеу қою қажет. Кәсіпкерлер банк мүддесі үшін ғана жұмыс істеуге мәжбүр. Табыстардың теңдей қайта үлестірілуіне жол бермейтін, әлеуметтік әділетсіздікке апа­ратын басты себеп – сыбайлас жемқорлық. Белгілі экономист Қ.Берентаев «Мемлекеттік са­тып алу жүйесі арқылы 2-3 млрд долларға дейінгі қаржы пара ретінде жоғалады» деп отыр. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның оффшорларға барлығы 138 миллиардтан астамАҚШ доллары шығарылыпты. Бұл дегеніңіз қазақстандықтар «ресейлік «әріптестерінен» 2,5 есе асып түсті» деген сөз! Міне, біздің қаржыларымыз қайда кетіп жатыр?!.»;

6. «Байлар мен кедейлер табыстарының арасында 30 есе­дей айырмашылық бар екен. Бұл алшақтық кәсіпкерлерді жолдан тайдырып, жастардың санасына кері әсерін тигізеді, «әлеуметтік инфантилизм» секілді кертарт­па құбылыстың пайда болуына себепші болады. Азаматтарды еңбекке тартып, еңбекке ба­улу жолымен ұлттық табысты ұлғайту керек»;

7. «Біз экономикалық ұлтшылдықты қолдаймыз. Бұл сөзден үркудің қажеті жоқ. Экономикалық ұлтшылдық дегеніміз – еліміздің күллі қазына-байлығын барлық тұрғындардың бірдей пайдала­нуы, деген сөз»;

8. «Идеологияда ақау бар»;

9. «Басқа елдерде мемлекеттік тілді білмейтіндер жұмыстарынан босатылады»;

10. «Көптеген мекемелер

кімнен екені белгісіз қорғанып алған, есігінің алдына темірден кедергі қойылған, алдында тұрған күзетшілер әртүрлі себеппен кел­ген азаматты кіргізбеуге тырыса­ды. Ешкім тыңдамағаннан кейін, арыз-шағымын шешпеген соң, адамда билікке іштей наразылық пайда болатыны заңды. Осыдан билікке деген көзқарас өзгеріп, сыртынан әңгіме айту басталады. Лауазым иелерінің халықтың мұң-мұқтажын тыңдап отыруы – күнделікті жұмысы болуы ке­рек, әділеттілік осы жерде орын алуы керек деп ойлаймын»;

11. «Әлеуметтік лифті» мәселесі. Ауылда да, ауданда да, облыста да әрбір жақсы кадр есепте тұруы керек. Олар білімділігіне, іскерлігіне, қабілетіне қарап, сатылап өсуге тиіс. Білімді, білікті, тәжірибесі бар азаматтар қоғамға қажет е м е с п е ? Ж а с т а р ы м ы з болашағына сенбесе, әділдікке сенбесене болмақ?..»;

12. «Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына көмек ауа­дай қажет. Бұл ішкі нарықты шетелдік бәсекеден мейлінше қорғап отыру мүмкіндігін туғызады. Өнеркәсіп пен өндірістің үздіксіз өсімі – халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді»;

13. «Ауылдық жерлерде кәсіптік лицейлерді көбейтудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарына түсе алмаған жастарға ғұмырлық азық боларлық кәсіптер беруіміз керек. Олар кәсібінен нәсіп табарына сенімді болғанда ғана еңбекке деген құрмет өзгереді. Үкімет кәсіптік лицейлерде оқитындардың

шәкіртақысын, тамағы мен киімін, оқулықтарын өз мой­нына алса, осы қамқорлықтың қайтарымы еселене түсеріне бек сенімдімін»;

14. «Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тара­пынан жеңілдетілген несиелер республикалық «Казагроның» облыстағы бөлімшелері «Агро­кредит-корпорация» арқылы бөлінеді. Бірақ, ол несиені алу үшін шаруалардың қолына 20- ға тарта әртүрлі мекемелерден жинайтын анықтамалар мен құжаттардың тізімін береді. Ол құжаттарды алу үшін тағы қосымша 100-ден аса құжат жи­нау керек. Оның үстіне, несие алу үшін үлкен көлемде кепілдік қоюы керек, оған ауылдағы шаруалардың шамасы жетпейді. Кепілдігіне қоятын ауылдағы үйін, техникасын түкке арзы­майтын құнымен бағалайды. 5-6 ай әуре-сарсаң болғанымен, Үкіметтің несиелерін ала алмай жүрген ауыл еңбеккерлері көп. Сондықтан, Үкімет шаруалардың несие алуын жеңілдетуге жәрдем көрсетуі керек»;15. «Ақ жол» партиясы – қазақтың ХХІ ғасырдағы «Алаш» партиясы болуы тиіс. Алашорда тарихы – азат елдің өткен та­рихы. Мұны естен шығармауға тиіспіз. «Сен өткенге топырақ лақтырсаң, болашақ саған тас атады!». Алаш арысы Әлихан Бөкейханов «Қазақтың тарихы» атты еңбегінде: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тари­хын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешек­те басына қандай күн туашағына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің та­рихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп жазды.

«Ақ жол» партиясының бүгінгі ұстанымы да ғасырлар бойы еліміздің егемендігі, ұлтымыздың еркіндігі үшін жан алып, жан беріскен ата-бабаларымыздың, әкелеріміздің аманатымен ұштасып жатыр. Саяси ұстаным тұрғысынан алғанда да, «Алаш­пен» біздің мақсатымыз үндес. «Ақ жол» партиясының кре­досы да – либерализм. Жеке азаматтың қабілет-қарымын, мүмкіндіктерін ашудың бірден- бір жолы – осы либерализм. Әзірге адамзат баласы бұдан артық идея ойлап таба алған жоқ»;

16. «…Бір тарихи құжаттардан оқығаным бар. Голощекин «Қазақтар Қазақстанды қалай басқару керектігі туралы менен емес, Мәскеудегі Бөкейхановтан ақыл сұрайды» дейді екен. Б ө к е й х а н о в т ы ң х а л ы қ тарихындағы рөлін осыдан-ақ аңғара беруге болады.

Жалпы, біз қазақ халқының азаттығы мен бостандығыжолында күрескен барлық қайраткерлерді төбемізге ту етіп көтеруге тиіспіз. Мен Лон­донда жүрген кезде Шоқан Уәлиханов туралы 1845 жылы жазылған мақаланы кезіктірдім. Ағылшындар Шоқанның білімі мен мәдениетіне тәнті болғандарын жазады. Әлихан болсын, Шоқан болсын – туған халқының болашағы үшін еңбек еткен қайраткерлер. Біз осы арыстарымыздың есімі мен ісін ұлықтау мақсатында нақты іс- қимылдар жасайтын боламыз»;

17. «Ауыл қазақтары – өз елінің нағыз патриоттары әрі еңбекқор азаматтары. Ауыл халқы әрдайым көмекке зәру. Түптің түбінде, ғасырлар б о й ы д и с к р и м и н а ц и я ғ а ұшырап, қағажу көрумен кел­ген туған халқымыздың, ауыл қазақтарының мәселесін б і р ж о л а т а ш е ш у і м і з к е­р е к . А у ы л д а ғ ы қ а р а к ө з қандастарымыз жаһандану кезеңіндегі технологиялық, индустриялық өзгерістерге бейімделуі керек. Біздің ұлтымыз жаңа дәуірдегі урбанизациялық процестердің көшінен қалып қоймай, ХХІ ғасырда толған, толысқан интеллектуалдық ұлт деңгейіне көтерілуі тиіс. Біздің «Ақ жол» партиясының басты мақсат-мұраттарының бірі де – осы. Осы бағытта біз талмай, күні-түні жұмыс істейтін бола­мыз» т.с.с.

***

…Азат Тұрдыбекұлы тізгінін ұстағалы «Ақ жол» партиясының бір күні де белгі-бедерсіз өтпеген шығар. Мәселен, Сыр топырағында ел аралап жүрген «Ақ жол» партиясының белсенді мүшесі, Олимпиада чемпионы, былғары қолғап шебері Бақыт Сәрсекбаев: «Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Келешекте ауыл балалары еліміздің намысын қорғап, мақтанышына айна­латын болады», – деп, мұқым қазақтың рухын қайраса; пар­тия төрағасының орынбаса­ры, қазақтың танымал ақыны Қазыбек Иса: «Абайдың «Құр айқай бақырған, құлаққа ән бе екен?» дегеніндей, көпшіліктің байбаламшыл партияларды емес, үндемей жүріп іс бітіретін «Ақ жолды» таңдағанына таңғалуға болмайды. Мұндай дүбірді өшкен емес, өскен партия ғана туды­рады», – деп, партия туралы өрнекті ой, өткір пікірін білдірді.

Ал, Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» партиясының төрағасы, өзінің әріптесі, парламенттегі фрак­ция тобының жетекшісі Азат Перуашевтің жеке басының үш қасиетіне қатты тәнті екендігін айрықша атады. «Азаттың өнеге аларлық қадеттері көп. Бірақ, мен Азекеңнен, біріншіден, ананы сыйлап-құрметтеуді; екіншіден, қарапайымдылықты; үшіншіден, көпшілдікті талмай үйренген бо­лар едім», – деді Нұрекең…

«Адам – дұшпансыз, сая­саткер – қарсылассыз болмай­ды» десек, дұшпандарының өзі: «Азат Перуашев туралы сөз еткенде, оның табиғи талан­ты туралы айтпауға болмай­ды. Ол – тұтанып тұрған эру­дит, өзi ақын, өзi спортшы әрi экономист-ғалым… Қысқасы, жақсы қасиеттерi бiр басы­на жетiп артылады», – деп, еріксіз мойындап, қаперсіз құрмет көрсеткен арда азамат жарнамаға да, қорғаушыға да мұқтаж емес.

Азат елдің Азаты осындай-ақ болсын!..

Мыңжан БАЙЖАНИН,

жазушы-публицист

 www.qazaquni.kz

 

 

10 ПІКІРЛЕР

  1. Азатқа мен бір көргеннен ғашықпын. Бұрынырақ Азаматтық ұйымын басқарғанда телефонын әзер тауып, қабылдау бөлмесімен хабарласып едім, сөйлестірмеді. Сосын, осы Павлодардан Алматыға әдейі іздеп бардым. Саина-Шаляпина көшелерінің қиылысындағы кеңсесіне үш рет барып, кездестіре алмадым. Сосын, ауылға келіп қайтпақшы едім, әйтеуір, уақыт ұзап кетті. Сосын, қазіргі күйеуім жалынып болмаған соң, тұрмысқа шықтым. Қазір екі балам бар, жағдайым жақсы, бірақ, мына макқала менің көмескі сезімімді қайта оятты… Не ісерімді де білмеймін…

  2. Серік деген досымыз екеуміз бәстестік. Мен айттым 10 адамға хабарласамыз, соның кем дегенде, 7-еуі Азат Перуашовты біледі және қолдайды деп. Серік 10 кісінің 3-еуі, әрі кеткенде 4-еуі Перуашовты біледі, ал, 1-2-еуі ғана қолдайды деді. Сосын, еш ойланбастан, тез-тез есімізге түскен 10 адаммен хабарластық. Сол 10 адамның бәрі де Азатты танитын болып шықты, 1-еуі орысшалау жігіт сияқты ғой деді, 1-еуі тым дерзкийлігі ұнамайды деді, қалған 8-і қолдайтындығын айтты. Сол себепті шынында бұл нағыз азат елдің Азаты!!!

  3. Бұрын осы Азат Перуашовты өзім жақтырыңқырамайтын едім, шыны керек,қазір тіпті рза болып отырмын. Мен ойлағандай, аспаннан түсе қалған жігіт емес екен, көпті көріпті, дұрыс өмір мектептерінен өтіпті. Мынау Мыңжан бауыр да керемет айтыпты, мінеки: «Адам – дұшпансыз, сая­саткер – қарсылассыз болмай­ды» десек, дұшпандарының өзі: «Азат Перуашев туралы сөз еткенде, оның табиғи талан­ты туралы айтпауға болмай­ды. Ол – тұтанып тұрған эру­дит, өзi ақын, өзi спортшы әрi экономист-ғалым… Қысқасы, жақсы қасиеттерi бiр басы­на жетiп артылады», – деп, еріксіз мойындап, қаперсіз құрмет көрсеткен арда азамат жарнамаға да, қорғаушыға да мұқтаж емес.» Енді мен де «Ақ жол» партиясына кіруге шешім қабылдадым. Бір күн болса да, жақсы жігіттердің қасында жүрейін…

  4. Мынау Азатың – азамат екен. Әдетте, біз сырттан тон пішіп, көп әңгіме-өсек айтуға құмармыз. Бас алмай оқып шықтым, мына мақаланы. Тамаша саяси портрет. Азат Перуашев – кез келген министр мен облыс әкімі былай тұрсын, елдің Премьер-Министрі болуға лайық тұлға екен. Елбасының ең бір беделді саяси құрылым – «Ақ жол» партиясына Азат Перуашевті таңдап, ұсынуы немесе келісімін беруі де тегін емес екен. Президент адам таниды ғой! Азат бауырым, тасың өрге шыға берсін!

  5. …Ұмытпасам, 2004 жылдың жазы. Кезекті парламент сайлауының алды. Курстас досым Арман Сқабыл Азаматтық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен та­ныстырды. «АИСТ» сайлауалды блогы құрылып, парламенттегі әрбір орын үшін кескілескен күрес басталғалы тұрған. Басты мақсат жеңіс болғандықтан, таңдап алынған тартыстың қай түрі мен тәсіліне де шек қойылмады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз