ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 1540 ДОЛЛАР ҚАРЫЗ

 

 «Ақ жол» партиясы сыртқы қарыз алуды заң жүзінде шектеуді талап етеді

«Ақ жол» фракциясы сыртқы қарыз алуды заң жүзінде шектеуді талап етеді. Сыртқы қарыздың көрсеткіштері бойынша тұрғындардың жан басына шаққанда, ТМД елдерінің ішінде біз «мүшкіл» жағдайдағы көшбасшылықты ұстап тұрмыз: ал, әрбір ресейлік 100 долларға, белорус 300 долларға, украиндық – 900 АҚШ долларына қарыз екен. «Ақ жол» фракциясы сыртқы қарыз алуды заң жүзінде шектеу талабымен Үкімет басшысына сауал жолдады. Жылдың басында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 137 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл Есеп комитетінің мәліметтеріне сәйкес ІЖӨ-нен 68,3 пайызын құрайды. «Біз экспортталатын минералды шикізаттардың бағасы жеткілікті дәрежеде жоғары болып тұрғандықтан өзімізді сенімді тұрғандай сезінеміз, өйткені, біз бұрынғыша негізінен энергия ресурстары мен металлдарды сатудан табыс тауып отырамыз. Үкімет, ең болмағанда, біздің азық-түлік импортына бағыныштылығымызды төмендете алмады, экономика­ны әртараптандыру бойынша да іс шаралары әзірше тиімді болмай тұр» – деп мәлімдеді ақжолдықтар. Өте көп мөлшерлердегі сыртқы заемдарды тарту – бұл азиялық аймақтағы бірқатар елдердің басынан өткендей, кредитор-елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке әкеліп соғады. Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы қарыз жағдайын, квазимемлекеттік сектордың қарызын қоса алғанда, мемлекет тарапынан тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру мақсатында Үкіметтің бюджет бойынша жыл сайынғы жоспарлары мен есептеріндегі индикаторлық бағалау практикасына өтуді ұсынды.

www.qazaquni.kz