Басты мәселе – Сыртқы Істер министрінің кім болатындығында емес….

5
1852


Ұлттық мүддесіз ұсақ мәміле кімге керек?


…Кенеттен Сыртқы Істер құрылымы сапырылысқа түсті. Себеп: сыпсың-сыбыр ғана…

Ақпарат кеңістігіне ақыл-кеңес беруші бір іргелі ұйымның құпия-тұжырымдары тарап кетті. Тұжырымдардың тоқетері – Қазақ елінің алдымыздағы 5-10 жылдық сыртқы саясатының даму бағыттарын таяуда жаңадан тағайындалатын Сыртқы Істер министрі айқындайды-мыс.

Қазіргі сыртқы істеріміздің бақылаушысы Ерлан ЫДЫРЫСОВтың «сөзі жұмсақ, бағыты ортақ» болғанымен, Кеден Одағы және Еуразия Одағы дейтін құрылымдардың мыңқатпар астарында «тұншығып қалуы» жиілеп барады. Біраз жылдар әлемнің алып елі Америкада елші қызметінде болып, мол тәжірибе жинақтаған Ыдырысов, өкінішке қарай, шығыс адамының шыңырау түйсігін түсіне алар емес…

 Осындай ойран олқылықтардың кесірінен – Қазақ Елі мен ұлтының мүддесі тиісті дәрежеде қорғалмай,    ұпайдан ұтылуда. Оған бүгінде екінші рет министр болып отырғанымен, сыртқы саясатымызды жүргізетін Ерлан Ыдырысовтың  қанша тіл білсе де, ең бастысы , қазақша қақпауында… Ал тілін білмегенннен ұлттық мүдде күту – бос сөз екені анық…  Оның үстіне Ерлан Ыдырысов – Елбасының алаңсыз сенетін оншақты тұлғасының    тізіміне кірмейді…

Естеріңізде шығар, кеңес кезеңінде МОЛОТОВ деген мейлінше мәмілегер әрі айрықша талапшыл    дипломат болған. Бүгінгі алмағайып заманда, әсіресе, күні кешегі Байқоңыр ғарыш аймағына орыс      ракетасы құлағаннан кейін, қазақ дипломатиясына – “қазақтың Молотовы” ауадай қажет болып тұр.    Басқаша айтқанда, қазақтың жаңа бас дипломаты – еліміздің тыңнан түрен түретін аймақтық саясатының        діңгек-қазығын мықтап қадауға тиіс. Яғни, жаңа мәмілегер – Сыртқы Істер министрі – өркениетті  дипломатияның қыр-сырын терең меңгерген, еліміз бен ұлтымыздың мүдделерін де жан-тәнімен қорғай  алатын әрі Елбасына етене жақын адам болуы керек. Ең ақыры, орыстың бүгінгі бас дипломаты ЛАВРОВпен терезесі тең жағдайда сөйлесуі қажет…

Ұзынқұлақтың айтуынша, қазақтың Бас дипломатының лауазымына 7 адамның аты аталған.

Олар: қазіргі Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев, бұрынғы Мемлекеттік хатшы Қанат САУДАБАЕВ, «Болашақ» бағдарламасының ешкім танымайтын білдей 3 түлегі және сенатор Ғани ҚАСЫМОВ пен Мәжіліс депутаты Дариға НАЗАРБАЕВА.

Біздіңше, соңғы екі адамның мүмкіндіктері молырақ сияқты.

Ғани Қасымов – өжет те білікті сенатор. Мүйізі қарағайдай саяси партияның серкесі. Өз орынын да біледі, өзгенің орынын да көрсете алады. Бірақ, орыстілді, қазақша білмейді…

Дариға Назарбаева – Қазақ Еліне ең танымал ханымдардың көшбасында тұр. Жеке саяси партия құрып, бірқатар жемісті жұмыстар жасады. Мінезі қаншалықты жұмсақ болса, соншалықты талапшыл. Мәскеу сахналарын ұнатады…

Меніңше, басты мәселе – Сыртқы Істер министрінің кім болатындығында емес, «Кім біздің еліміздің мүддесін мейлінше мықты қорғай алады?» деген өткір де өзекті сауалда болуы керек.

Әйтпесе, мүддесіз мәміледен бізге не пайда?

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

www.qazaquni.kz

 

 

 

5 ПІКІРЛЕР

  1. Нурлан Буланбаев
    Қажеке,Қасымовтаң көрі өзініз болғаныңыз дұрыс шығар.Қойыртпақ мәселені ортаға салып отырсыз.Оданда, Елбасын мемлекет тілінде шет елдіктердің алдында ,үлкен халықаралық жиындарда сөйлетіп алмаймызба,а?

  2. Ұлтжанды министр ғана сыртқы жаудан қорғауға тырысады, ал басқасы босқа жүреді. Меніңше, ешқайсысы лайық емес, бірақ елдің пікірімен санасуды ұмытты ғой билік

  3. БАСТЫ МӘСЕЛЕ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КІМ БОЛАТЫНДЫҒЫНДА ЕМЕС….
    Ұлттық мүддесіз ұсақ мәміле кімге керек?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз