Жауыздарға тек өлім жазасы лайық! «Елім» деп келген ерді еңіреткеніміз қалай?

8
1705

11 маусым күні кешқұрым 1 өзбек және 2 қазақ жігіті Алматыдағы М.Мақатаев пен Д.Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан 6 қабатты пәтердің тұрғыны Ержан Сатыбалды қандасымыздың шаңырағын ортасына түсіріп кеткен болатын.

   Бұл қанды оқиға кешқұрым орын алған. Ихбол Турдиев есімді өзбек азаматы марқұм болған жандардың пәтеріндегі өткен жылы бітпей қалған жөндеу жұмыстарын аяқтауға арнайы Өзбекстаннан келген екен. Арам пиғылды өзбек азаматы бұл ойын алдын ала жоспарлаған көрінеді. Отағасы үйінен шығып кеткен кезде қанды қол қылмыскер өзінің сыбайластарын шақырып, үйдегілерді аяусыз жайратып салғанымен қоймай, ақша толы сейфті қолды қып кеткен. Десе де, қан сасыған әлгі үшеуі көп ұзамай құрықталды. Ихболдың сыбайластары, қара басқанда, өзіміздің қарагөз қазақ жігіттері болып шықты. Бейбіт күннің астында қазақтың қолынан қазақтың қаза тауып жатқаны қабырғамызды қайыстырып өтті. «Ертең жынды екен, ербі екен, наркоман екен деп, шығарып жіберуіне болмайды. Өзбек емес, жанында екі қазақ та бар. Бірдей тарту керек жазасын. Оны бұл жерде өзбек-қазақ деп бөлшектеуге болмайды. Ол – тек қылмыскер», деп ашынған марқұмның туыстары бұл істің әділ шешімі шығып, қылмыскерлер тиесілі жазасын алмайынша тыныш­талмайтындарын айтты.
Бұл оқиға туралы құқық қорғау орындарына марқұмның көршілері хабарлаған екен. «Пәтерге кірген бойда ең алдымен қонаққа келген ұлты қазақ Қытай елінің азаматын ұрып, есінен тандырады. Сосын пәтер­дегі әйелді ұрған. Оларды үтіктің бауымен буындырып өлтірген. Сол өлтіріп жатқан кезде аулада ойнап жүрген екі баласы үйге кіріп қалады. Ол екеуін де, ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлті­реді», – дейді Алматы қалалық ІІД-ті баспасөз қызметінің жетек­шісі Ермек Болтаев.

Осылайша, аузынан ана сүті кетпеген  3 жастағы Сләмнұр мен 7 жастағы Сырмұхамедтің (суретте) өмірлері басталмай жатып үзілді. Айдың, күннің аманында қалың қайғының құша­ғында қалған әкенің көңілі құла­зулы. Жазықсыз сәбилерді қалай ғана қолдары барып, тұншықтырып өлтірді екен. Дәл осындай жауыз­дықты адами кейіптен мүлде ада болған жандар істемесе, басқасы­ның қолынан келмес.

13 маусым күні қара жамылған Сатыбалдылар әулеті 4 бірдей жанды ақтық сапарға шығарып салды. Өкінішті әрине, тал түсте туғандарынан айырылу жауыңа да тілемейтін ауыр қайғы. Ендігі кезекте қанды қол қылмыскерлердің әділ жазасы беріледі деп сенеміз. Оларға тек – өлім жазасы лайық! Өлім жазасына шектеу қоятын мораторий деген түкке керегі жоқ, қылмысты қоздататын бәлені алып тастау керек!

Бірақ, «елім» деп еміреніп келген ерді еңіреткеніміз ұлттығымызға үлкен сын.

Д.АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Ихбол Турдиев деген жауыз осы...

8 ПІКІРЛЕР

  1. Әңгіме қазақ-өзбекте емес қой.Қай ұлт болсын оны жасаған-қылмыскер.Сол себепті ұлтқа бөлудің қажеті жоқ.Өз өмірін және өзгенің өмірін қор қылған мұндайларға өлімнен басқа ештеңе жоқ.Жаза-ауыр.Себебі:
    1.Топтық қылмыс.
    2.Қылмыс бойынша бірнеше баптан тұрады.
    3.кәмелеттік жасқа толмаған балалар.
    4.Марқұмдар саны көп.
    5.Қылмыс аса жауыздықпен жасалған
    Тағысын – тағы.Қысқасы-өлім.Өмір бойы соттауды қолдамаймын.Ол қоғам үшін пайдасыз.Тек-ату.

  2. казахтар келингдер биздерде баскаларды олтиреик канга-кан жанга-жан сот -потка карай-карай шаршамадынгдарма… казахия казахтарга деп уран тастайык…

  3. Бір отбасыдан Төрт адамды өлтірген Үшеудің бірін – қазақ жауызын полиция тығып қойып, табылмады деп жатыр екен. Өткенде Ержан Сатыбалдының ағайындары тағы да ереуіл жасап, көшеге шықты. Қара жамылған отбасыға қолдау білдіру керек. Әлгі үшеуін де, қандай адамның баласы болса да, қандай ұлт болса да, ату керек!

  4. Ихбол Турдиев деген өзбектің түрі итак педеразға ұқсайды екен, қорлап, зорлап , парашаның түбінде шірітіп өлтіру керек. Его место возле параша!

  5. қарақшларға тек «өлім» келсін, түрмедегі»правильный» зектерге айтып, сотсыз ақ көзін құрту керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз