Алаштың ақ жолы

6
913

  Жуырда «Ақ жол» ҚДП ОҚО Филиалында үлкен семинар кеңес болып өтті. Семинар кеңеске еліміздің түпкір-түпкірінен Ақ жол партиясының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Семинарды бұқаралық ұйымдастыру жұмыстары бойынша ОК хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов жүргізіп отырды. Осы іс-шарада «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты ғылыми зерттеу кітабының тұсаукесері болды. 

Тұсаукесерді идеологиялық жұмыстар бойынша ОК хатшысы Сәбит Байдалы жүргізді. Бұл кітаптың дүниеге келуіне арқау болған оқиға 2012 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Л.Гумилев атын­дағы Евразиялық ұлттық университетінің қолдауымен «Алаш» қозғалысының 95 жыл­дығына арналған 21 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектігі атты ұлттық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты, «Алаш» қозғалысын, «Алаштың» көшбасшыларының әлеу­меттік-экономикалық, саяси-құқықтық бағалар мен пайым­дауларды, ғылыми тұжы­рымдарды жаңа заманның талаптарына, сұраныстарына сай зерделеуге тырысу екен.
Жалпы, бұл кітапқа 3 ба­ғытта материалдар жарияланды.
1. «Алаш» көшбас­шыла­ры­ның мемлекеттілікке ұлт­­тық құн­дылықтарға көз­­қа­растары баяндамалар жиын­тығы құрады. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің прорек­торы ҚР ҰҒА-ның коррес­пондент мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының прези­денті ҚР ҰҒА-ның академигі Өмірзақ Айтбаев, ЕҰУ «Еуразия» ғылыми зерттеу орта­лығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжалил Бәкір өздерінің баяндамаларында «Алаш» идеясының өзегі ұлттық мем­лекеттік дербестік бол­ғанын, бүгінгі Қазақстан Республикасы Алаштың бұл арманының іске асуының көрінісі екенін, «Алаш» көшбасшыларының қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің ақылға қо­нымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақты жағдайларға бейім­деуді өздерінің анық та айқын мақсатта тұтқанын тілге тиек етеді.
2. «Алашордалық­тар­дың» экономикалық тұжырым­дамалары туралы баяндамалары енді. «Алаш» партиясының бағдарламасы қазақ халқының өмірін жаңа сапаға көте­руді көздеді. Яғни, олар елде пәр­менді реформалық шараларды іс-ке асырғылары келді. Кез келген мемелекеттік тұрақты және тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің эконо­микалық дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін «Алаш» қайраткерлері жете түсінді. Оны ұлттық басымдылықтардың бірі ретінде қарастырды. Алашорда­лықтардың көбі ұлттық буржуазия­ның өкілдері болғандықтан да жер мәселесін кәсіпкерлік, жекеменшік мәселелерін экономикасынан бөліп қарамаған. Оны экономикалық өсу-дің негізі деп санаған. Осы тақы-рыпта баяндама жасаушылар: Қа-зақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы Екатерина Никитинская, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениеті және рухани даму институ-тының директоры, филиология ғылымдарының докторы Шәріп Амантай, ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сахов Алашордалықтардың экономикалық тұжырым­дамасына жаңа қырынан келе алды. Алаш қай-раткерлерін саясаткер ретінде ғана емес, олардың әрқайсысының білікті мамандар болғанын нақты деректермен көрсетті.
3. «Алаш» көшбасшы­ла­рының әлеуметтік жаңғыртуға көз­қарастары туралы баяндамалар талқыланды. Қазақ­стан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздегі әлеуметтік, сондай-ақ, экономикалық және саяси үрдістер үшін тұжырымдамалық маңы­зы аса зор әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын ұсынып, ол хал-қымыздың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» пар-тиясының орталық кеңесінің Пленумы бұл мәселені арнайы қарап, мемлекет басшысы ұсынған бағдар-ламаны еліміздің бұдан әрі дамуының стратегиялық бағыты ретінде толық қолдайтынын, оны іске асыру үшін белсенді түрде атсалысатынын мәлім-деген болатын. Шын мәнінде, бұл бағдарлама мемлекетіміздің дамуына жаңа талап­тар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін жаңа құндылықтар жүйесін қалыптас­ты­рып отыр. «Алаштың» асыл мұрат­тары біздің еліміздің қазіргі жедел жаң­ғыру бағытымен үндес келеді.
Тұсаукесер соңында партия қатарына қабылдануға өтініш берген азаматтарға партия билеттерін салтанатты түрде «Ақжол» ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалы тапсырды. Семинар-кеңеске Қызылорда, Жамбыл, Алматы, ОҚО және Алматы қаласының филиалдары қатысты. Жиында бірінші болып сөз кезегі Алматы облысы филилының төрағасы Бақашар Суанбековке берілді. Өз кезегінде партия төрағасы атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Кейінгі кезектерде Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облыстары мен Алматы қала­сының өкілдері өз есептерін баяндады.
Семинар-кеңес барысында Орталық аппарат қызметкерлерімен бұқаралық ұйымдастыру жұмыстары және құқықтық сұрақтар жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып талқылады.
Қатысушылар мұндай іс-шара­ларды жиі, жоғары деңгейде облыс филиалдарында өткізіліп отыруы тиімді болады деп тарқасты.

Нәзипа МАМЫҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы

 

6 ПІКІРЛЕР

  1. Бәрібір саяси партияның мектебін жандандыру керек. Бизнесмен болсын кім болсын, әуелі партия дегенді сауда емес, өнім шығаратын станог емес екендігін ұғындыратын мәнді-танымдық, бағыт-бағдар көрсететін әдістемелік оқылымдар, треннингтер қажет. Онсыз «ӨЗІҢ БІЛ, БІЛГЕННІҢ ТІЛІН АЛМАның» күйін кешіп жүре беруге болмайды….

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз