Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттерінің ұйымына қосылуға шақырды
2026 ж. 30 қазан
41
0
Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымы қатарына қосылуға немесе бақылаушы болуға шақырды. Бұл туралы ол Түркияда өтіп жатқан саммит кезінде айтты.
Президент Ресейдің қосылуы ұйымның беделін арттыра түседі деп есептейді.
«Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған», – деді ол.
Тоқаев Ресейдің «Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» деген тұжырымдаманы дәріптеп жатқанын айта кетті.
«Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді», – деді мемлекет басшысы.