Азат Перуашевқа жала жапқан фейктер: ІІМ жалған сайт иелерін анықтауда

Азат Перуашевқа жала жапқан фейктер: ІІМ жалған сайт иелерін анықтауда

Азат Перуашев туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналистердің сауалына жауап берген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Тергеу 28 қыркүйекте тіркелген. Әділовтің айтуынша, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері биллинг деректерін зерделеп, жарияланымдар шыққан сайттардың иелерін анықтап жатыр.

Сондай-ақ бірнеше сот сараптамасы тағайындалған. Оларды ҚР Әділет министрлігінің мамандары жүргізеді. Қазіргі таңда тергеушілер сараптама қорытындыларын күтуде.

Шабуылдардың қайдан жасалып жатқанын және оның артында кім тұрғанын анықтау мүмкін болды ма деген сұраққа министрдің орынбасары нақты есімдерді атаған жоқ. Оның хабарлауынша, сайт иелерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.