Ерлан Қарин - Қазақстан Республикасының Вице-Президенті

Ерлан Қарин - Қазақстан Республикасының Вице-Президенті

Бүгінгі Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды.

Құрылтай депутаттары мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып Ерлан Қарин тағайындалды!

Отызында орда бұзып, қырқында қамал алған қазақтың қайраты зор қайраткері Ерлан Тынымбайұлын жаңа Конституция бойынша мемлекетіміздегі екінші лауазым болып табылатын Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болуымен құттықтаймыз!

Тәуелсіз Қазақ Елінің дамуына үлкен үлес қосу жолында әрдайым Ақ жол тілейміз!

Әрдайым Ақ жол тілейміз!

Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Білімі:

— К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);

— Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).

Еңбек жолы:

— Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);

— Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);

— Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);

— ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);

— Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);

— Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);

— Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);

— ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);

— «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);

— Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);

— ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);

— «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);

— ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);

— ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);

— ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);

— ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022 ж).